Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет44/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147

ӘЛ ЕУМЕТТЕНУ
103
3.1-КАРТА 
Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың пайыздықүлесі
Мектепке дейінгі мекемелер балаларды өз мәдениетіне әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады. Бул мекемелергебармайтын 
балаларбастауыш мектепке барғанға дейін өздерін басқалардан кем сезінуі мүмкін. Чаджәне Малисияқты елдерде мектеп 
жасына дейінгі балалар мундай мекемелерге бармайды, ал Испания мен Корея Республикасында барлықбалалар барады.
ДЕРЕККӨЗ: ЮНЕСКО и нституты ны ңстатистикасы  (2011).
Мектепке дейінгі 
мекемелерге 
баратын бала саны 
(мьіңадамға)
В
 <25%

 26-49%

 50-74%

 75-100% 
ВМәліметжоқ
рынсыз елестету мүмкін емес. Буқаралық ақпарат құралдары -  ауқым- 
ды аудиторияны қамтуға  арналған қарым-қатынас формалары. (Медиа 
термині бұқаралық ақпарат құралдарының кез келген түрін білдіреді). 
3.1-кестеде көрсетілгендей, 8-ден 18 жасқа дейінгі балалар қазір бұқара- 
лық ақпарат құралдарына күніне шамамен 11 сағат жұмсайды -  соңғы 
онжылдықта бұған 3 сағат қосылған (Kaiser Family Foundation, 2010).
Әлеуметтену үшін  ең  маңызды  бұқаралық  ақпарат  құралы -  те- 
ледидар  екені  сөзсіз.  Әр үйде  шамамен  бір теледидар  бар,  ал АҚШ-та 
орта  есеппен алғанда  адам теледидар көруге аптасына  бірнеше  сағат 
жұмсайды екен.
Ғалымдар  теледидар  қөрудің  ықпалын  жан-жақты  талқылап 
келеді.  Зерттеулерге  қарағанда,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  зор- 
лық-зомбылық, тәнқұмарлық,  нәсілшілдік және  басқа  проблемалық 
идеялар мен мінез-құлықтардың туындауына ықпал етеді екен. Алай- 
да  дәлелдер  бұған  қайшы  келеді  (Felson,  1996).  Бұқаралық  ақпарат 
құралдары  өзіміз білетін нәрселерді қолдау мен растаудың маңызды 
құралы бола  алады деген жалпыға  ортақ қорытынды жасалды. Ақпа- 
ратты сұрыптап қабылдау арқылы біз  өз нанымдарымыз  бен  өзіндік 
көзқарасымызды қолдайтын материалға  ерекше  назар  аударамыз да 
бізді сынға алатын материалдарды елемейміз (Felson, 1996).
Десе де, теледидар біршама белсенді рөл атқарады. Кейбір зерттеу­
лерге  қарағанда  теледидардан  үнемі  көретін  кейіпкерлердің  алдам- 
шы  көзқарастарына  еліктеу  арқылы  өз  көзқарастарымыз  бен  мінез-
Бұқаралық ақпарат құралдары -
қарым-қатынастьщ ауқымды 
аудиторияны қамтуға арналған 
барлық формасы.


104
3-ТА РА У
3.1-КЕСТЕ. 
8-1 8 жастағылардыңБАҚ-ты күнделікті қолдану 
уақыты мен минуттары
Орташа алғанда, балалардың ояу жүрген уақытының 
жартысынанастамыбуқаралықақпарат құралдарының 
құзырында болады.
БАҚ 
Барлыгы
ТВ 
4:29
Фильмдер 
0:25
Видеоойындар 
1:13
Баспасөз қүралдары 
0:38
Музыка, аудио 
2:31
Компьютерлер 
1:29
Жалпы медианың ықпалы 
10:45
ДЕРЕККӨЗ: Kaiser Family Foundation (2010).
қүлқымызды жетілдіре аламыз (Felson, 1996). Мысалы, жасөспірімдер 
«Грей  а н а т о м и я с ы »
  сериалын қарсы жынысты  адамдармен  қалай қа- 
рым-қатынас жасауға болатынын білу үшін көруі мүмкін. Содан кейін 
олар осы көргендерін АҚШ-тағы нормалар туралы білімін толықтыру 
үшін пайдалана алады.
Әрбір қоғамда дін -  дербес бағыт-бағдар берудің маңызды құралы. Діни 
доктринаыың  қүндылықтары  мен  адамгершілік  ұстанымдары  жал­
пы  құндылықтар  мен  көзқарастарға  бағыт-бағдар  береді.  Дін  арқылы 
қалыптасқан  құндылықтар  әлеуметтенудің  басқа  агенттері  арқылы 
құралған идеалдарға сәйкес келеді. Мысалы, діни білім беруде оқытыла- 
тын Алтын ереже  («Өзгелер сізбен қалай қарым-қатынас жасағанын қа- 
ласаңыз, өзіңіз де солай жасаңыз») мен үйде немесе мектепте айтылатын 
ақыл-кеңестер бір мазмұнда деуге болады.
Алайда  діннің  рөлі  қоғамның  нормалары  мен  құндылықтарын 
нығайта  алмайды.  12-тарауда  айтылғандай, дінді үстану адамның се- 
німін,  өзіндік менін және әлеуметтік ұстанымдарын  өзгертуі мүмкін. 
Сонымен  қатар  діни  айырмашылықтарға  негізделген  саяси  қозғалыс- 
тар қоғамды да  өзгерте алады. Қазіргі америкалық қоғамдағы мормон, 
еврей және баптистік діндер мен осы діндердің консервативті және ли- 
бералды тармақтары арасында  маңызды  өзгешеліктер бар. Бүлар әлеу- 
меттендіруде де айтарлықтай айырмашылықтар тудырады.
Дін
Қауымдастык, - ортақ кеңістік 
пен оған қосылған адамдарға, 
сондай-ақ ортақ кеңістіктегі 
әлеуметтік мекемелерге қатысты. 
Сондай-ақ географиялық жағынан 
болсын, жалпы сәйкестік сезімі бар 
адамдарды білдіреді.
Қауымдастық
Дәстүр бойынша, қауымдастық термині ортақ кеңістікті және сол кеңіс- 
тікте өмір  сүретін адамдарды білдіреді, бұл -  ортақ кеңістіктегі әлеумег- 
тік  үйымдарға  да  қатысты  (Delanty,  2003).  Термин  қазір  географиялық 
түрғыда  немесе  ортақ  интернет  «кеңістігіндегі»  адамдарға  қатысты  да 
қолданылады.


ӘЛЕУМЕТТЕНУ
105
Қауымдастық  отбасы  мен  қатарластар  тобындағы,  сондай-ақ 
қоғамдағы  байланыстарды  қамтамасыз  етеді.  Адам  балалық  ша- 
ғында  отбасы  мүшелерінен  басқа  адамдарды  сирек  көреді.  Өскен 
сайын  тұрғылықты  жерін,  жергілікті  мектептерді,  діни  ұйымдар- 
ды  және  т.б.  танып-білуге  мүмкіндік  алады.  Көптеген  адам  біраз 
уақытқа  дейін  жергілікті  қауымдастықтан  басқа  әлеммен  тығыз 
байланысқа шықпайды.
Алайда  қауымдастықтар  әлеуметтік  өмір  үшін  өте  маңызды. 
Әрбір қауымдастық өзінің топтарын, ресурстарын, институттарын 
және  нормаларын  біріктіріп  әлеуметтену  агенті  қызметін  атқара 
алады  (Bems, 2007; Amon, Shamai  &  Ilatov,  2008;  Sawyer, 2004).  Кейбір 
қауымдастықтарда қуатты институттар -  жақсы қаржыландырыл- 
ған  шіркеулер,  скаут  барлаушы  әскерлері,  үлкен  қоғамдық  кітап- 
ханалар  бар.  Ал  кейбір  қауымдастықтардың  институттары  әлсіз. 
Кейбір  қауымдастық табысты  адамдардың жолын  ашады, мысалы, 
мұғалімдерге,  көршілерге,  шағын  бизнес  иелеріне  және  қауымдас- 
тық  орталығының  қызметкерлеріне  қолдау  көрсетеді,  ал  кейбір 
қауымдастықтарда балалар көбінесе қараусыз қалып жатады.
Ең  бастысы,  қуатты  институттары  мен  тегеурінді  ұстанымда- 
ры  бар,  құндылықтарын  сақтап  қалуға  үмтылатын  қауымдастық- 
тар  өз  мүдделерін  қорғайтын,  бағалайтын  балаларды  тәрбиелеп 
шығарады  (Sawyer,  2004).  Ересектер  қауымдастық  туралы  мақта- 
нышпен  айтып,  балаларды  бүкіл  қоғамның игілігі үшін жұмыс  іс- 
теуге шақырады,  сөйтіп, ержеткен соң сол балалар  сайлауда дауыс 
беретін үйымдарға қосылып, қауымдастықты қүруға үлес қосатын 
ересек адамдарға айналады.
Өмір жолындағы әлеуметтену
Әлеуметтену  агенттері  туралы  бөлімде  айтылғандай,  әлеуметтену 
өмір  бойы  жалғасады:  бала  кезден  басталып,  ересек  кезімізді  толық 
қамтып, тіпті кәрілікке дейін созылады.
Балалық шақ
Балалардың  ерте  жастан  әлеуметтенуі  алғашқы  әлеуметтену  деп 
аталады.  Алғашқы  деп  аталуы  екі  нәрсеге  байланысты:  адамның 
түлға  ретінде  қалыптасуы  осыдан  басталады  және  кейінгі  дамуы 
үшін  бұл  өте  маңызды.  Осы  кезеңде  балалар  жеке  қасиеттері  мен 
өзін-өзі  бағалауын  дамытады:  моторикасын,  ақыл-ой  қабілетін 
және тілдік дағдыларын қалыптастырады;  өз  қоғамында  қолайлы 
деп санайтын құндылықтар мен мінез-құлықтарды үйренеді.
Ү г ы м д а р   қ о р ы т ы н д ы с ы :  Ә л е у м е т т е н у   т у р л е р і
  әлеуметтендіру- 
дің алғашқы және басқа түрлерін сипаттайды.
Алғашқы  әлеуметтену кезеңінде  балалар қоғамның нормала- 
ры мен  қүндылықтарын үйреніп,  қолданады.  Көпшілігі қоғамдық 
ережелерге  бағыну,  алдымен  өз  отбасыңның,  содан  соң  басқалар- 
дың  қолдауы  мен  сүйіспеншілігіне  ие  болудың  басты  кілті  екенін 
үйренеді.
Жас  балалар  өз  отбасының  сүйіспеншілігі  мен  қолдауына 
тәуелді  болғаны  соншалық,  олардың  көкейінде  үнемі  «отбасым- 
ның сенімін ақтауым  керек» деген  ой түрады.  Бұл -  қоғам  мүшеле- 
ріне сәйкестенудің маңызды қадамы.  Егер  бұл дағды  балалық шақ- 
та қалыптаспаса оны кейін қалыптастыру мүмкін емес.
А л ғ а ш қ ы   э л е у м е т т е н у  -  б а л а л ы қ  
ш а қ т а   ж е к е  т ұ л ғ а н ы  д а м ы т у  м е н  
о н ы ң  р ө л і н   ү й р е т у .


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау