94
3-ТА РАУ
рым-қатынастың маңызы зор. Баламен серуендеу, сөйлесу, оған мей-
ірлену, күлімсіреудің барлығы да тұрақты әрі тығыз қарым-қатынас
орнату арқылы оны әлеуметтендіру болып табылады.
Дегенмен ерте әлеуметтену адамдармен қарым-қатынас кезінде
ғана жүзеге асады. Балалар үйінде ұзақ уақыт тұрған балалардьщ
көпшілігі адамзат қоғамына бейімделеді. Тіпті төтенше жағдайда оқ-
шаулануды бастан кешіргендер де кейін қалыпты өмірге бейімделе
алады. Мәселен, 1996 жылы төрт жасар Иван Мишуковты ата-анасы
Мәскеу көшелерінің бірінде тастап кеткен (Newton, 2004). Ол көшеде
тамақ сұрап күн көрген. Әу бастан-ақ ол тамағын иттермен бөліседі,
есесіне иттер оған қыста жылынуға, жауыз адамдардан қорғануға
көмектеседі. Екі жылдан кейін полиция оны ұстап алып, балалар үйі-
не жібереді. Бір қызығы, баланың ата-анасымен өткізген алғашқы
төрт жылы оның жеткілікті деңгейде әлеуметтенуіне көмектескен,
сөйтіп, бұл деңгей оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына,
қоғамда әлеуметтенуді жалғастыруына жеткілікті болды.
Әлеуметтену жөніндегі
теориялың көзқарастар
Қоғамның белсенді м үшесі болу үшін әрқайсысымыз да әлеуметтенуі-
міз керек. Бірақ әлеуметтену қалай жүзеге асады? Бала немесе ересек
адам қоғамның ережелерін, құндылықтары мен тәртіптерін қандай
процестер арқылы үйренеді? Келесі беттерде әлеуметтенудің әлеу-
меттік теорияларын қарастыратын боламыз.
Қ ұры лы мды қ-ф ункциялы қ теория
Барлық құрылымдық-функциялық талдаудың алғышарты - функцио-
налды қоғамда оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үй-
лесімді жұмыс істеуі. Бүл әлеуметтенудің құрылымдық-функциялық
талдауларына да қатысты.
I Қүрылымдықфункцияшылдар мектеп
I
тек оқуға және жазуға ғана емес,
билікке мойынсұнуға және қоғамның
талаптарына сай болуға үйретеді деп
есептейді.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ
95
Кейінгі тараулардан көретініміздей, құрылымдық функцияшыл-
дар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік меке-
мелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеумет-
тендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте
уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім
жасауды (намаз оқуды немесе дұға етуді), жақсы мен жаман, дұрыс
пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді.
Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеу-
меттену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында
жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы
жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімде-
ріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және
болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы тео-
рияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру ке-
зінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін
қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл - конфликт
теориясы ғалымдарының көзқарасы.
Конфликт теориясы
Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құры-
лымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық
функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе,
конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайдалы деген бол-
жам жасайды.
Конфликт теориясы әлеуметтену теңсіздікті арттыратын ме-
ханизмдерді үдететінін баса көрсетеді. Кейбір зерттеушілердің ай-
туынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап,
балаларын соған сай тәрбиелейді, мысалы, қыздан кешкі астан ке-
йін ыдыс-аяқты жууды талап етсе, үлға ойнауға рұқсат береді. Ал
келесі бір зерттеушілер мүғалімдердің жұмысшы тап балаларын
жазалау, мойынсұнуға үйрету арқылы олардың шығармашылық
қабілеттерін аяқасты етіп, жұмысшылар қатарын толтыруға мүд-
делі болуына көмектесетінін айтады. Сол сияқты тағы бір зерттеу-
шілер шіркеу қызметкерлері, пасторлар, раввиндер және басқа дін
өкілдері қарапайым халыққа бай да беделді этностық топтардың
артықшылықтары Құдайдың қалауымен болғанын насихаттайды
деп есептейді.
Әлеуметтенудің басқа пікірмен келіспеуі мүмкіндігін, әлеумет-
тік өзгерістерді жоя алатынын және теңсіздік тудыра алатынын түсі-
ну үшін конфликт теориясы пайдалы. Ал түрақты әлеуметтік жүйе-
ніңтуындауы мен артықшылықтарын түсіндіру үшін бұл теорияның
пайдасы аз.
Символдың и н тер ак ц и он и зм
1-тарауда айтылғандай, символдық интеракционизм теориясы
адамдар мен топтардың адам мінез-құлқына және жағдайына қанша-
лықты ықпалы бар екенін қарастырады. Толықтыра түсетін болсақ,
символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді көбінесе жеке
адамның өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік рөлдері тұрғысынан зерде-
лейді. Символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді талдауда
екі негізгі ұғымға ден қояды, олар - «Мен» тұжырымдамасы мен рөлді
қабылдау.
96
3-ТА РА У
Үғы м д а р д ы ң қрры ты нды сы
«Мен» тұж ы ры мдамасы
«Мен» тұжырымдамасы - басқалар бізді қалай қабылдайды деген
ойдың негізінде өзімізді бағалауымыз және осы субъективті па-
йымдаудың нақты салдарлары. Бір мысалды екі түрлі сценарий-
мен ұсынайық:
Бастапқы
көрініс
Пайымдау
«Мен»
түжырымдамасы
Бірінші
салдары
Екінші
салдары
«Мен» тужырымдамасы
Чарльз Хортон Коули (1902) символдық интеракционизмді өзін-өзі
бағалауды дамыту тұрғысынан сипаттады. Өзін-өзі бағалау - әрбір
адамның өзін-өзі жеке тұлға ретінде тануы және қоғамдағы алатын
орнына байланысты кім екендігін топшылауы. Коули бізді басқалар
қалай деп қабылдаса біз де өзімізге солай қарауды үйреніп, өзімізді
бағалауымызды дамытуды ұсынды. Ол мұны «мен» тұжырымдама
сы деп атады
( Ү ғ ы м д а р д ы ң қ о р ы т ы н д ы с ы н а н «Мен»
тужырымдамасы
бөлімін қараңыз). Коулидің көрсетуінше, «мен» түжырымдамасын
қалыптастыру үш қадамнан тұрады:
Өзін-өзі бағалау - адамның өзін-
өзі жеке тұлға ретінде бағалауы.
«Мен» түжырымдамасы -
адамның өзгелердің
көзқарастарына қарай өзін
бағалауға үйрену тенденциясы.
1) сізді өзгелердің қалай қабылдайтынын елестетіңіз;
2) тұлғаңызға қарап, басқалардың сіз туралы қандай ой түйетінін
елестетіңіз;
3) сіз бүл пайымдауларды саралап, қабылдайсыз не қабылдамайсыз.
Мысалы, дәріс кезінде студенттері ұйықтап отырса, оқытушы
студенттер мені нашар оқытушы деп санайды деген қорытындыға
келуі мүмкін. Ол өзінің оқыту қабілетіне қатысты өзгелердің көзқа-
Достарыңызбен бөлісу: |