ӘЛЕУМЕТТЕНУ
99
багынады дегенді білдірмейді. Әрбір адам өзінше дараланғанмен оған
ықпал ететін маңызды тұлғалар болады, олар әртүрлі мәдениет пен
субмәдениеттерде өседі, әркімнің білім алу және ақша сияқты әлеу-
меттік ресурстарға қол жеткізу деңгейі әртүрлі болады. Сондықтан
адамдар қоғамның ережелеріне бағынуға бейімделеді немесе басқа
жолды таңдай алады.
Әлеуметтену агенттері
Әлеуметтену - білім алудың үздіксіз процесі. Өмірден алған әрбір
жаңа сабақтан соң кім екенімізді және қоғамдағы орнымызды қайта
қарастыруға тиіспіз. Бұл проблема маңызды өзгерістер болған кезде,
мысалы, үйден алғаш кеткенде, әскер қатарына алынғанда, жүмыс-
ты өзгерткенде немесе ажырасқанда айқын көрінеді. Осы өзгерістер
бізден дағдыларымызды арттыруды, көзқарасымызды түзетуді және
жаңа талаптарға бейімделуді қажет етеді.
Әлеуметтену түрлі жағдайларда орын алады. Біз ата-анамыздың, мұға-
лімдеріміздің, бастықтарымыздың, дінбасыларының, достарымыз бен
ұжымымыздың біз туралы пікірлерін, сондай-ақ теледидар, фильм-
дер мен комикстер арқылы қоғамдық пікірді білеміз. Әлеуметтену-
дің жеке адамдар, топтар мен бұқаралық ақпарат құралдары сияқты
агенттері жеке түлғаға, «Мен» тұжырымдамасына, құндылықтар мен
мінез-қүлыққа барынша эсер етеді және әлеуметтік нормаларды үй-
ренуге көмектеседі (
Б у қ а р а л ы қ а қ п а р а т қ у р а л д а р ы ж ән е м ә д е н и е т .
Қ ы здарды ң ш аш ы
-
қ ы з д а р д ы ң д а р а л ы г ы
атты бөлімді қараңыз). Әлеу-
меттенудің агенттері кейінгі тарауларда толығырақ талқыланады.
Бұл тарауда әлеуметтенудің агенттері әлеуметтік қүрылымдарды
оқытудың маңыздылығын айқындау үшін ұсынылды.
Отбасы
Әлеуметтенудің ең маңызды агенті - отбасы. Қараусыз қалған бала-
лардың қайғылы оқиғалары мен маймылдарға жасалған тәжірибелер
соның дәлелі. Баланың отбасында мейірімге бөленуі мен тәрбие көруі
оның ой-сана (когнитивті), эмоциялық және физикалық тұрғыдан қа-
лыпты дамуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар адамның алғашқы
ұстазы - отбасы мүшелері, яғни ата-анасы, кей жағдайда ата-әжесі, өгей
ата-анасы немесе басқа адамдар. Олардан бала аяқкиімнің бауын бай-
лауды, қалам ұстауды ғана үйренбейді, сонымен бірге өмір сүру үшін
аса қажет жайттарды - мақсат қоя білуді, сенім білдіруді т.б. үйренеді.
Жаңа туған нәрестенің физикалық қажеттіліктерін қанағаттан-
дыратын іс-шаралар әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізін қалай-
ды. Мәселен, баланы тамақтандыру мен оның жаялығын ауыстыру
кезінде анасы оны қүшақтайды, күлімсірейді, сөйлеседі. Бұл тәрбие-
леу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың
әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі (Handel, Cahill
& Elkin, 2007; Blum, 2002; Rutter et al., 1999).
Бала қоғамның толық мүшесі болмай тұрып өзінің қалыпты дам-
уына қосымша көп нәрсе үйренуі тиіс. Ерте жастан білім алудың көп
бөлігі күнделікті өзара әрекетке түсу нәтижесінде жүзеге асады: бала
сөйлесуді, қарым-қатынас жасауды, үйде ойнауды және басқалар-
мен танысуды үйренеді (Handel, Cahill, Elkin, 2007). Бала өскен кезде
оқыту тікелей жүреді де ата-анасы негізгі дағдыларды үйретуге және
баланы отбасынан тыс өмірге дайындауға тырысады. Алайда әр отба-
Әлеуметтену агенттері -
әлеуметтік нормаларды үйрететін
тұлғалар, топтар және БАҚ.
100
3-ТА РА У
Д ер ектер ге ден қо й с ақ
Шапалақпен ұруға қатысты
көзқарас
Тақырып: Білім америкалықтардың балаларды шапалақпен
ұруға деген көзқарасын өзгертті:
Колледж бітіргендер басқаларға қарағанда шапалақпен ұруды
онша қолдамайды.
Сурақ: Балаңызды шапалақпен ұрып тәрбиелеу қажет деген
пікірмен қаншалықты келісесіз: толық келісесіз бе, келіспейсіз бе
әлде мүлде келіспейсіз бе?
ДЕРЕККӨЗ: жалпы әлеуметтік сауалнама (2011). Http: //sda.bcrkeley cdu.
2011 ж. қыркүйекайында алынған.
М ек теп
б іт ір г е н д е р
К о л л е д ж
с т у д е н т т е р і
К о л л е д ж
б іт ір г е н д е р
Т олы қ к е л іс е м ін
27%
21%
17%
К ел іс ем ін
46
45
45
М улде к е л іс п е й м ін
23
24
25
К ел іс п е й м ін
5
10
13
Деректерге түсінік: колледжде оқып, сабақта шапалақтың
маңызын талқыламасаңыз да оқуды бітіргеннен кейін шапа-
лақпен ұруға толықтай келіспейтін болуыңыз мүмкін. Колледж
сіздің отбасы және жеке қарым-қатынас туралы ойыңызды қалай
өзгертті? Колледж сіздің дұрыс білім алу туралы ойыңызға қа-
лай эсер етті? Сіздің өзін-өзі ұстаудың «дұрыс жолы» туралы ой-
ыңызға не ықпал етті? Осы өзгерістер сіздің шапалаққа қатысты
көзқарасыңызға эсер ете ме?
Деректерге сын: колледж бітірушілерінің басқалардан гөрі ша-
палақпен ұруға келіспеуінің басқа себептері бар ма?
Колледж түлектері басқалардан біршама ерекшеленеді. Ең
бастысы - олар орта немесе жоғары деңгейлі отбасылардан шыға-
ды және өздері орта немесе жоғары деңгейдегі табыстарға қол
жеткізуі мүмкін. Табысы жоғары адамдардың шапалақпен ұруға
қарсы болу себебін түсіндіре аласыз ба? Колледж түлектерімен
салыстырғанда табыстылардың қатынастарындағы айырмашы-
лықтарды түсіндіре алар ма едіңіз?
сының осы құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыру жолдары
әртүрлі: кейбіреулер құшақтау, мақтау арқылы тәрбиелесе, басқалары
шапалақты пайдалы әдіс деп есептейді, ал кейбіреулер тыңдамайтын
баланы үрады.
Д е р е к т е р г е д е н қ о й са қ : Ш а п а л а қ п е н ү р у ғ а қ а т ы с т ы көз-
қ а р а с
осы айырмашылықтарды зерттейді.
Отбасы - әлеуметтенудің ең маңызды агенті екенінің тағы бір
себебі - бала кездегі қалыптасқан өзін-өзі бағалау ұзаққа созыла-
тын нәтиже береді. Дамудың кейінгі кезеңдерінде біз бастапқы
жылдарда қалыптасқан ұғымдармен үйлесетін және соларды да-
мытатын тәжірибе мен іс-әрекеттерге ұмтыламыз. Бала кезде біз
жеке түлға ретінде түпкілікті қалыптаспасақ та, өзіндік бағалауы-
Достарыңызбен бөлісу: |