Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет50/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147

ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
117
Бұдан  шығатын  қорытынды  -   әлеуметтік  рөлдер  үнемі  өзгеріп, 
жағдайға  қарай  бейімделіп  отырады.  Біз  машине  емеспіз,  әркім  өз 
рөлін қалтқысыз орындап тұрмайды. Керісінше, біз басқа әлеуметтік 
мәртебелеріміз бен рөлдерімізге, ресурстарымызға және сол рөлдерді 
атқарудан көрген марапаттарымыз бен алған жазамызға байланысты 
өз рөлімізді әртүрлі деңгейде атқарамыз.
Институттар
Әлеуметтік құрылымдар ауқымы мен маңызы жағынан әртүрлі бола- 
ды. Егер жұманың кешінде покер ойнау мекемесіне бару керек болса 
оның  жарасы  жеңіл.  Ойыншылар  ойынды  сенбіге  ауыстырса  да,  тө- 
лейтін ақшаны өсірсе де бүл осы топтың мүшелерінен басқа адамдар- 
дың өміріне  эсер  ете қоймайды.  Егер еңбек өтілінің көптігіне төлем 
жасау  немесе  отбасы  мәселелері  бойынша  демалыс  алу  саясатын  өз- 
гертетін болса, онда бүл фирманың қызметкерлеріне ғана емес, басқа- 
ларға да әсерін тигізуі мүмкін, оның үстіне бүл басқа фирмаларға үлгі 
болуы ықтимал. Дегенмен бір корпорациядағы (немесе әлеуметтік құ- 
рылымдағы) өзгеріс тек белгілі бір кәсіп түріне ғана эсер етуі мүмкін. 
Ал басқа  әлеуметтік құрылымдағы  өзгерістер  біздің  өміріміздің түп 
негізін қалыптастыра  алады.  Біз бұл құрылымдарды әлеуметтік инс­
титуттар деп атаймыз.
Институт  -   адамның  негізгі  қажеттіліктеріне  лайық,  тұрақты 
және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі -  бірнеше 
буынның  өмірін  қамтиды,  әрі қүндылықтардың,  нормалар  мен  мәр- 
тебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адам- 
ның  негізгі  қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Мәселен,  отбасы 
институтының  өзіне  тән  тұрақты  ерекшеліктері  -  өмірлік  серігіңді 
табу және бала тәрбиелеу. 
« Ү ғ ы м д а р д ы ң  қ о р ы т ы н д ы с ы :  и н с т и т у т т а р , 
р ө л д е р   ж эн е   м ә р т в б е л е р »
  кестесінде  денсаулық  сақтау  саласының 
мысалында  негізгі  әлеуметтік  үғымдардың  өзара  қалай  байланыса- 
тыны дәлелденеді.
Негізгі  институттар
Адамзат  қоғамдары  әркелкі  болғанымен,  олардың  әрқайсысының 
міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі инс­
титуттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• 
Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын от­
басы институты.
• 
Тауар  шығарып,  оны  тарату  міндетін  атқаратын  экономика  инс­
титуты.
• 
Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыра- 
тын үкімет институты.
• 
Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• 
Дерексіз  және жауабы жоқ сұрақтарға жауап  беру міндетін  атқа- 
ратын дін институты.
Бұл  институттар  маңызды  әлеуметтік  қажеттіліктерді  орындау 
мақсатында  әр  қоғамға  тұрақты  әлеуметтік  шешімдер  жиынтығын 
ұсынады.  Бұл  шешімдер  әр  қоғамда  әртүрлі  болады,  тіпті  кейде  бір- 
біріне мүлде кереғар  болып жатады. Үкімет институттары монархия, 
демократия, диктатура немесе тайпалық кеңестер болуы мүмкін. Де­
генмен барлық дені  cay қоғамдарда  осы қажеттіліктерді қанағаттан- 
дыруға жауапты әлеуметтік құрылымдар бірдей болып келеді.
Институт - адамның негізгі 
қажеттіліктеріне жауап беретін 
тұрақты әлеуметтік құрылым.


118
4 -ТА РА У
Ү ғы м д а р д ы ң  қрры ты нды сы
Институттар, рөлдер ж ән е 
м әртебелер
Әр  қоғам  денсаулық  сақтау  құрылымын  өз  бетінше  қалыптастырады, 
дегенмен  олардың  әрқайсысында  денсаулық  пен  ауруға  қатысты  әлеу- 
меттік  келісімдер  мен  мәдени  ой-пікірлердің  қалыптасқан  жиынтығы 
бар. Сондықтан әр қоғамдағы денсаулық сақтау саласын институт ретінде 
қарастыруға болады.
Ұгымы
Анықтамасы
Мысалы
Институт
Адамның негізгі 
қаж еттіліктерін е лайы қ, 
түрақты  әлеуметтік 
қүрылы м
Денсаулық сақтау 
и н с т и т у т ы н а  
докторлар, медбикелер, 
науқастар, м едиц и налы қ 
сақтанды ру ж үйесі, денсаулық 
ж эне ауру туралы  мәдени ойлар 
кіреді.
Рөлдер
Белгілі бір алеуметтік 
дәрежеге қол ж еткізғен 
кез келген адам нан 
күтілетін мінез-қулы қтар 
мен қунды лы қтар
Біз: «Дәрігер науқасқа ең 
дұрыс емді қолданады», -  деп 
үміттенеміз. Дәрігердің 
р в л і н е  
осы жатады.
Мәртебе
Басқалармен 
салыстырғанда топтағы 
дәрежесі
Медбике көмекш ілеріне 
қараганда медбикенің 
м ә р т е б е с і
 
жогары.
Қол жеткізген 
мәртебе
Кісінің өз күш ім ен жеткен 
мәртебесі.
«Фармацевтика» мамандыгы 
бойы нш а м едиц и налы қ 
оқу орнын бітірген адам 
«фармацевт» 
м э р т е б е с і н е   қ о л  
ж е т к і з е д і .
Туабітті
мәртебе
Атадан балаға мүраға 
қалаты н мәртебе
«Қыздарға қарағанда үлдар 
акылды» деп саналаты н 
мәдениеттерде үл баланы ң 
т у а б і т т і   м э р т е б е с і
 
қыз 
б алан ікінен  жогары болады.
Қарабайыр қоғамдарда саясат пен экономика, білім мен дін сияқ- 
ты  маңызды  әлеуметтік қажеттіліктердің  барлығын  бір  ірі  әлеумет- 
тік институт -  отбасы  немесе туыстық институт қанағаттандырады. 
Туыстық міндеттерге  негізделген  әлеуметтік қатынастар -  өндірісті 
ұйымдастыру,  көбею,  білім  беру және қорғау үшін негіз  болып табы- 
лады.
Қоғам  ұлғайып,  күрделене  түскен  сайын  қордаланған  барлық 
мәселелерді  шешуге  отбасының  шамасы  жетпей  қалады.  Соның  нә- 
гижесінде кейбір істер  біртіндеп  білім  беру, дін және үкімет сияқты 
арнайы мамандандырылған институттарға ауыса бастайды.
Қоғамның әлеуметтік және  физикалық  ортасы өзгеріп,  сол орта- 
ларда  жұмыс  істейтін  технологиялар  қарыштап  дамып  жатқандық- 
тан адам алдында туындайтын проблемалар да  өзгеру үстінде. Яғни 
институттық  құрылымдар  бір  орында  түрмайды,  жаңа  проблема- 
ларды шешу үшін жаңа құрылымдар пайда  болады немесе қоғамдар 
хаосқа  ұшырайды  (Diamond,  2005).  Мысалы,  СПИД  эпидемиясы  бас- 
талғанда Африкадағы Уганда елі қоғамға қауіпсіз жыныстық қатынас 
туралы  білім  беріп,  тегін мүшеқаптар  таратып,  дерт жұқтырғандар- 
ды тегін  емдеп,  індетке  белсене  тойтарыс  берді.  Соның нәтижесінде


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау