Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет38/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   147

88
2-ТАРАУ
Д ер ектерге ден  қр й с ақ
Жаьанданудың құрамдас 
бөліктерінің халықаралық 
деңгейде мақұлданбауы
Келісетіндер пайызы
Басқа елдер мен 
біэдіц ел арасындагм 
сауда-саттық жэне 
іскерлік қарым- 
қа гынастар біэдің 
еліміз үшін тиімсіэ
Басқа
елдердіц ірі 
комианиялары 
елімізіе  геріс 
ы қпал етеді
Біздің өмір 
салтымызды 
сыртқы 
әсерден қоргау 
қажет
А м ери ка елдері
АҚШ
86%
45%
62%
Канада
15
44
62
Аргентина
19
47
70
Бразилия
25
25
77
Мексика
19
32
75
Перу
15
28
50
Еуропа елдері
Ұлыбритания
15
41
54
Франция
21
55
52
Германия
13
48
53
Италия
20
49
80
Швеция
9
39
29
Польша
15
31
62
Словакия
15
24
69
Таяу Ш ы гы с ж эн е
Азия елдері
Ливан
15
24
75
Пакистан
4
26
81
Малайзия
5
11
85
Қытай
5
22
70
Үндістан
8
24
92
Жапония
17
32
64
Африка елдері
Гана
4
8
80
Сенегал
4
9
85
Оңтүстік Африка
9
18
85
ДЕРЕККӨЗ: Pew Research Center (2007).
Д е р е к т е р г е  т у с і н і к :
 қай елдің азаматтары басқа елдермен сауда 
байланыстарын мақұлдамайды: бай елдерде ме, әлде кедей елдер- 
де ме? Қай елдің азаматтары басқа елдердің ірі компәнияларының 
ықпал етуінен қорқады немесе өз өмір салтына шетелдің эсер 
етуінен сескенеді? Бұл үлгілер нені түсіндіреді?
Д е р е к т е р г е  с ы н :
 зерттеушілер осы деректерді телефон арқылы 
және бетпе-бет сұхбаттар арқылы жинаған. Әрбір елдегі кедей 
адамдардың сұхбатқа қатысуға құлықсыздық танытуының себеп- 
тері неде? Бүл алынған нәтижеге қалай эсер етуі мүмкін?


МӘДЕНИЕТ
89
көрсету.  Көптеген  бай  елдердің  де,  кедей  елдердің  де  азаматтары 
осы  ұйымдардың  ықпалына  күмәнмен  қарайды.  Кейбір  деректер- 
ге қарағанда,  кедей  елдер  өзінің саяси  және  экономикалық дербес- 
тігін  жоғалтқан,  тіпті  айтарлықтай  зардап  шеккен  деуге  болады 
(Stiglitz, 2003; Кһог, 2001; Wade, 2003; Rajagopal, 2003).
Бұл бізге не береді?
Кейбір адамдар үйінің, екі қолының болуын қалай қалыпты  нәрсе 
деп  қабылдаса  біз  де  мәдениетті  көбінесе  дәл  солай  қабылдаймыз. 
Алайда осы тарауда көрсетілгендей, мәдениет өзгермелі құндылық 
болып  табылады:  қотам  және  қоғамдағы  билік  теңгерімі  өзгерген 
сайын мәдениет те өзгеріп  отырады. Тілдер, тамақтану дағдылары, 
сән  және  басқа  мәдени  элементтер  эволюциялық  жолмен  дами- 
ды,  таралады  немесе  жоғалады:  мысалы,  ата-анаңыздан  бала  ке- 
зінде  киген  киімдері,  жас  кезінде  сөйлеген  сөздері  туралы  немесе 
бәліш,  тортилья  немесе  вафлиді  бірінші  рет  қашан  жегенін  сұрап 
көріңізші.
Мәдениет,  сондай-ақ белсенді болады, ол -  біз өмір сүретін әлем- 
ді өзгерте  отырып,  бізді де  өзгертетін күш.  АҚШ  тұтынушылар  мәде- 
ниетінің өсуі - мәдениеттің өзгеруінің және оның өміріміздің барлық 
салаларына  қалай  эсер  ететінінің,  мәселен,  күнделікті  қанша  сағат 
жұмыс  істейтінімізден  бастап  өзімізді  жеке  тұлға  ретінде  қалай  қа- 
былдайтынымыздың бір мысалы.
Қорытынды
1.  Мәдениет -  қоғам өмірінің негізгі проблемала- 
рын  дайын  шешімдермен  қамтамасыз  ететін 
өмір  сүру  жобасы.  Кейбіреулер  оны  адамдар- 
дыц  өз  жағдайларына  бейімделуіне  көмекте- 
сетін  материалдық  және  материалдық  емес 
құралдар  ретінде  түсіндіреді.  Осыған  орай, 
мәдениет  салыстырмалылығы  түжырымда- 
масы көрсеткендей, мәдени ерекшеліктерді өз 
мәдениетіңнің тұрғысынан бағалау керек.
2.  Құрылымдық-функционалды көзқарас  мәдениет- 
тің қалай қалыптасуын емес, мәдениеттің бізді 
қалай қалыптастыратынын қарастырады.  Кері- 
сінше,  конфликт  теориясын  қолдаушылар  мә- 
дениеттің  белгілі  бір  жолмен  дамитындығын 
және осы үлгілердіңкімнің мүдделеріне қызмет 
ететінін зерттейді.  Символдық интеракционис- 
тер бұқаралық ақпарат құралдары сияқты мәде- 
ни материалдардың  қалай  қабылданып,  қолда- 
нылатынына баса назар аударады.
3.  Көптеген  әлеуметтанушылар  мәдениеттің
әлеуметтік тұрғыдан  құрылғанын  атап  көрсе- 
теді.  Алайда  социобиологтар  адам  мәдениеті 
мен  мінез-құлқының  биологиялық  негізі  бар 
екенін атап көрсетеді.
4.  Тіл  немесе  символдық  қарым-қатынас -  мәде- 
ниеттің  негізгі  бөлігі.  Тіл  мәдениетгі  жүзеге 
асырады,  әлеуметтік топтың  ортақ байланыс- 
тарын  бейнелейді  және  әлемді  қабылдаудың 
негізі болып табылады.
5.  Мәдени құндылықтар мәдениет лайықты деп тап- 
қан мақсаттарды анықтайды, ал нормалар оларға 
қол жеткізудің тиісті құралдарын көрсетеді.
6.  Әлеуметтік бақылау адамдардың өз мәдениетін, 
сондай-ақ  қоғамның  нормалары  мен  құнды- 
лықтарын  ұстануға  ынталандыратын  күштер 
мен  процестерден  тұрады.  Нормативтерге  сәй- 
кес гік идеологиялық өңдеу, оқьггу және басқа да 
шаралар  арқылы  күшейтіледі:  нормаға  сәйкес- 
тік үшін сыйақы, ал сәйкессіздіктер үшін жаза 
қолданылады.


90
2-ТАРАУ
7.  Үлкен  де  күрделі  қоғамдардың  мәдениеті  бір- 
текті  емес.  Субмәдениеттер  мен контрмәдени- 
еттер айрықша өмір салты мен ұлттық дәстүр- 
лер  арқылы  ерекшеленеді,  бірегей  аймақтық, 
таптық  және  этностық  қажеттіліктерге  сай 
келу үшін дамып отырады.
8.  Соңғы  ширек ғасырда америкалықтар ассими- 
ляцияны  (үстем  топтың  құндылықтары  мен 
әлеуметтік  тәжірибесін  қабылдау  процесі) 
бағалаудан  мультимәдениеттілікті  (Америка 
мәдениеті  ішінде  өзге  мәдениеттер  де  болуы 
керек деген сенім) бағалауға ауысты.
9.  Мәдени  әртүрлілікті және  өзгерісті  ескеретін 
маңызды факторлар -  физикалық және табиғи 
орта,  басқа  мәдениеттерден  оқшаулану,  мәде- 
ни сіңісу, технологиялық жетістіктер,  бұқара- 
лық  ақпарат құралдары және  басымдыққа  ие
Сыни ойлау
1.  Үлкен  әулетке  қарағанда  шағын  отбасыларда 
балалардьщ  көбірек  тәрбиеленіп  жатқанын 
АҚШ қоғамының қандай ерекшеліктері арқылы 
түсіндіруге болады?
2.  Құндылықтары, 
нормалары 
мен 
заңдары 
бір-біріне  сәйкес  келмейтін  АҚШ  мәдениетінің 
үлгісіне  мысал  келтіре  аласыз  ба?  Бүл  сәйкес- 
сіздіктің салдары қандай?
3.  Қоршаған орта, оқшаулану, технология және ба- 
сымдыққа  ие  мәдени  тақырыптар  жастардың 
субмәдениетін  сақтауға  және  таратуға  қалай 
эсер етеді?
мәдени тақырыптар.  Әйгілі  адамдар  мәдение- 
ті,  танымалдықты  әспеттейтін  пәлсапа  аме- 
рикалық мәдениетте үлкен рөл атқарады.
10.  Мәдени  әртүрлілік  пен  өзгеріс  мәдени  соққы 
алуға  және  мәдени  артта  қалуға  әкеліп  соғуы 
мүмкін.  Мәдени  соққы  мәдени  өзгерістер  тез 
болған  кезде  немесе  басқа  мәдениеттің  ықпа- 
лына  ұшыраған  кезде  пайда  болатын  ыңғай- 
сыз  тәжірибелерді  білдіреді.  Мәдени  артта 
қалу  мәдениеттің  бір  бөлігіндегі  өзгерістер 
басқа  бөлігінің  өзгеруіне  сай  келмеген  кезде 
пайда болады.
11.  Жаьандану  идеялары  ресурстардыц,  тәжіри- 
белер  мен  адамдардың  көбінесе жергілікті  дең- 
гейде  емес,  әлемдік  деңгейде  әрекет  ету  про- 
цесін көрсетеді.
4.  Протестанттық англо-саксон (WASP) дәстүрін- 
дегі  америкалық  ақ  нәсілділердің  этностық 
үш  тағамын  анықтаңыз.  (Бүл  проблеманы 
түжырымдау  қиын  болса,  неге  қиын  екенін 
зерделеңіз). Егер сіз WASP емес болсаңыз, өз мә- 
дениетіңізге тән сүйікті этностық тағамдарды 
анықтаңыз.  Бұл  тағамдар  сіз  үшін  нені  біл- 
діреді?  Өзгелерге  бүл тағамдар  нені білдіреді? 
Бұл тағамдарды қашан және қай жерде жеген- 
ді, ол жайында қашан және қай жерде сөйлес- 
кенді жөн көресіз? Неліктен?


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау