Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет28/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147

66
2-ТАРАУ
нистер қандай да  бір  әрекеттерді ақтау үшін мәдени құндылықтарды 
пайдалануды  зерттейді  (Vaisey,  2009;  Swidler,  2001).  Мысалы, көптеген 
америкалықтар Құдай әйелдер мен еркектерді әртүрлі әлеуметтік мін- 
деттерімен қоса жаратқан деп есептейді. Егер экономикалық немесе от- 
басылық жағдайларға  байланысты  әйел жұмысқа  шығуға, ал ер адам 
балаларға қарау үшін үйде отыруға мәжбүр болса, онда сол адамдардың 
көпшілігі осы өзгеріске моральдықжәне діни негіздеме таба алады. Бұл 
мысал мәдени қүндылықтардың белгілі бір әрекеттерге ынталандыру 
мақсатына емес, ақталу мақсатына қолданылатынын дәлелдейді (яғни 
өз  іс-әрекеттеріне  мәдени  тұрғыдан  қолайлы  негіздеме  таба  алмаған 
кезде  мәдениет адамды  мінез-құлқын  өзгертуге ынталандырады).  Мә- 
дени қүндылықтарға деген осы көзқарас қазір әлеуметтанушылар ара- 
сында  кеңінен қолданылады,  бірақ соңғы  кезде жүргізілген  маңызды 
зерттеулер  мәдениет мінез-құлыққа  әрі түрткі,  әрі  негіздеме  бола  ала- 
тынын көрсетіп отыр (Vaisey, 2009).
Адам мінез-құлқының 
негіздері: мәдениет және 
биология
Адамдар  неге  өздерін  осылай  ұстайды?  Адамның  мінез-құлқын  не 
анықтайды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін адамның мінез-құлқын- 
дағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндіруіміз керек. Жал- 
пы алғанда, биологиялық факторлар әртүрлі қоғамдагы адамдар үшін 
ортақ  нәрсе не  екенін түсіндіруге көмектессе,  мәдениет адамдар мен 
қоғамдардың бір-бірінен неге ерекшеленетінін түсіндіреді.
Мәдениетке жалпы көзқарас
Құрылымдық  функцияшылдар  де,  конфликт  теориясының  өкілдері 
де, символдық интеракционистер де -  жалпы әлеуметтанушылардың 
барлығы мәдениетке қатысты ортақ көзқарас ұстанады: олардың бәрі 
мәдениеттің  проблеманы  шешетін  қүрал  екенін,  оның  салыстырма- 
лы түрде қарастырылатынын және  мәдениеттің әлеуметтік өнім еке- 
нін мойындайды.
Мәдениет -  мәселеніңшешімін табатын қүрал
Тропикалық  орманда  түрса  да,  Нью-Йорк, Лондон,  Токио  сияқты  ірі 
қалаларда түрса да бүкіл адамзатқа ортақ проблемалар бар. Олардың 
бәрі  тамақтануы  керек,  қауіп-қатерден  (көбінесе  бір-бірінен)  қорға- 
нуы керек және бәрі балаларын өмірден өз орнын тауып, іздерін жал- 
ғайтындай  етіп  өсіруі  керек.  Бұл  проблемалар  жалпыға  ортақ  бол- 
ғанымен  адамдардың  қабылдайтын  шешімдері  тым  әркелкі  болып 
келеді.  Мысалы, Тробриан  аралдарында әдетте балаларды тәрбиелеу- 
ге  анасының  ағасы  жауапты  болады,  ал  америкалықтарда  нағашы 
ағаларға мұндай жауапкершіліктің жүктелуі өте сирек кездеседі.
Адамдар  қайталанып  отыратын проблемаларға  тап болған кез­
де  мәдени  үлгілер  оған дайын  жауап  ұсынады.  Бұл  ең дұрыс әрі ең 
әділ  жауап  осы  деген  сөз  емес,  мәдениет  жалпыға  ортақ  осындай 
сұрақтарға  жауап  іздегенде  ғана  стандартты  үлгілерді  ұсынады. 
Конфликт  теориясы  мен  құрылымдық-функционализм  арасында-


МӘДЕНИЕТ
67
ғы  басты  айырмашылық  осы  проблемаға  қандай  шешім  ұсынатын- 
дығында.  Функцияшылдар  бүгінгі  қолданыстағы  шешімдердің  ал- 
дыңғы  ұрпақтың  тәжірибесі  мен  қателіктері  арқылы  қалыптасып, 
тиімділігіне  көз  жеткен  соң  ғана  бүгінге  жеткенін  айтады.  Конф­
ликт теориясының  өкілдері  бүл  шешімдердің басқаларға  қарағанда 
әсіресе  билік  өкілдері үшін  гиімді жұмыс  істейтінін  атап көрсетеді. 
Олардың пікірінше,  элита  мәдениетті  өз  мүдделеріне  сай  шешімдер 
қабылдату  үшін  пайдаланады.  Екі  көзқарастағы  ғалымдар  да  мәде- 
ниеттен күнделікті өмірде қайталанып  кездесетін көптеген жағдай- 
ларға дайын жауап табылады деп есептейді; алайда олардың «бүл ше- 
шім кімнің мүддесін қорғайды?» деген сұраққа келгенде пікірлері әр 
басқа болып шығады.
Мәдениет -  салыстырмалы  шама
Әрбір мәдениеттің шығарған шешімі бір-бірінен мүлде өзгеше болуы 
мүмкін. Мысалы, христиандардың көбі өлген адамньщ денелері «қа- 
сиетті» жерге көмілуі керек деп санайды, ал тибеттіктер өлген адам­
ньщ  денесін  таудың  шыңына  апарып,  бөлшектеп,  қүзғын-қарғаға 
жемтік қылған дұрыс деп есептейді.
Тибеттегі  осы  «аң-құсқа  жем  қылу»  тәжірибесі  дұрыс  па,  бүрыс 
па? Бүл сұраққа осы тәжірибе тибет мәдениетінің бүгінге жеткен үл- 
гісімен қаншалықты  үйлесетінін  білу арқылы  ғана  жауап  бере  ала- 
мыз.  Тибет  мәдениеті  ағашы  селдір,  суы  аз,  қатқақ  жерде  дамыды. 
Сондықтан мәйітті өртеу де, кому де қиын, тігіті мүмкін емес болатын. 
Сонымен  бірге тибет буддистері адамның қайта  тууына  (реинкарна­
ция) және жаны шыққаннан кейін дененің қажетсіз  болып  қалаты- 
нына сенді. Олар сондай-ақ барлықтіршілік иесіне жанашырлықпен 
қарау керек деп есептейді, сондықтан құзғындарды да қоректендіру 
қажет.  Бұл -  ресурстарды тиімді пайдалану болып саналады.  Қалай 
болғанда  да,  өлік жөнелтудің осы  рәсімі Тибет тұрғындарының  бұл 
проблеманы оң шешуіне, сөйтіп, тұрақты қоғам құруына көмектесті. 
Сондықтан  қүрылымдық  функцияшылдар  бұл  тәжірибе  нақты  пай- 
даға асқандықтан жақсы жүмыс істеп түр деп санайды.
Конфликт  теориясының  өкілдері,  керісінше,  мәдени  тәжірибе 
кімге  көмектесетінін  және  кімге  зиян  келтіретінін  зерттейді.  Осы- 
ган орай, жерлеу мәдениеті Тибет қоғамының барлық мүшелері үшін 
тиімді сияқты, бірақ бұл мәдени үлгілердің бәріне қатысты емес.
Қалай  алсақ  та,  конфликт  теориясының  өкілдері  де,  құрылым- 
дық-функциялық теория ғалымдары да  әр мәдени ерекшелік сол мә- 
дениет тұрғысынан бағалануы керек деп есеп гейді.
Бұдан мәдениеттердің салыстырмалылыгы деген тұжырым жа- 
салады. Мәдениеттің салыстырмалы болуының нәтижесі сол -  ешқан- 
дай тәжірибе түгелдей жақсы немесе түгелдей жаман болмайды; жақ- 
сылық пен жамандық абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді.
Бұлайша бағалау кейде интеллектуалдық ерлікпен парапар. Мы­
салы, қаншалықты  объективті  болуға  ұмтылсақ та  көпшілігіміз  ба- 
ланы  өлтіруді,  адамды  құрбандыққа  шалу мен  каннибализмді  мүл- 
де дұрыс емес деп санаймыз. Мұндай қатынас этноцентризмді, яғни 
басқа мәдениет өкілдерін өз мәдениетімізде қабылданған нанымдар 
мен  тәжірибеге  сәйкес  бағалау  тенденциясын  көрсетеді.  Этноцент­
ризм әдетте  өз жолын дұрыс, ал басқалардың жолын бұрыс деп есеп- 
теуді білдіреді. Мысалы, Америка миссионерлері алғаш рет Оңтүстік 
теңіз аралдарына келгенде полинезиялықтардың көп нәрсені өзгеше 
жасайтынын көрді. Алайда миссионерлер полинезиялыңтардың дәс- 
түрлерін сол қалпында қабылдаудың орнына бұл істерді қателік, тіп- 
ті  зұлымдық деп  түсінді.  Сөйтіп,  олар  арал  тұрғындарына  адамдар-
Мәдениеттердің
салыстырмалылыгы
дегеніміз -  әрбір мәдени 
ерекшеліктің өз мәдениеті 
тұрғысынан бағалануы.
Этноцентризм басқа 
мәдениеттерді өз мәдениетінің 
нанымдары мен тәжірибесіне 
сәйкес бағалау тенденциясы.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау