Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет25/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   147

58
1-ТАРАУ
әлеуметтану және сіз
«Әлеуметтану» мамандығы 
түрлі салаларда жұмыс істеуге 
қажетті әдістерді үйретеді. 
Мәселен, егер сіз денсаулық 
сақтау саласына қызығушылық 
таныгсаңыз әлеуметтану 
науқасгардың ауруханаға немесе 
емханаға ала келетін түрлі 
мәдени құндылықтарын түсінуге 
көмектеседі.
Сондай-ақ ол сізге дәрігерлердің 
медбикелерге, ал медбикелердің 
санитарларға қалай және неліктен 
билік жүргізетінін, осы билік 
динамикасының пациенттердің 
денсаулығы мен жазылуына қалай 
эсер етуі мүмкін екенін түсінуге 
көмектеседі.
ректерді проблеманы толық зерттеу үшін пайдаланамыз немесе осы 
деректерді өзіміз жинаған деректермен байланыстырамыз. Мәселен, 
біздің  сауалнамаға  қатысқан  студенттер  «ішімдік  іштік»  деп  өздері 
жауап берсе, зорлау әрекеттерінің қаншалықты көп болғанын өзіміз 
зерттейміз.
Қолданыстағы статистиканы пайдаланудың артықшылықтары 
мен кемшіліктері контент талдау әдісіне үқсас. Бүрыннан бар дерек- 
терді  пайдаланғандықтан  шығын  аз  кететін  деректерді,  сондай-ақ 
өткеннің, бүгінгі күннің деректерін зерттей аламыз. Кемшілігі -  біз- 
дің  зерттеу  сұрақтарымызға  сай  деректерді  жинай  алмаймыз,  тек 
қолда бар деректерге сүйенуге тура келеді.
Әлеуметтанушылар: олар 
немен айналысады?
Әлеуметтанушы  дипломын  алғаныңыз  -   беделді де  табысты  маман 
болып шыққаныңыз. Дегенмен мұнан кейінгі өмір жолыңыз магист­
ратура  мен  докторантурада  оқуды  жалғастыруыңызға  байланысты 
болмақ.
Бакалавр әлеуметтанушылар
Гуманитарлық  саладагы  басқа  ғылымдар  сияқты  әлеуметтану  да 
көптеген  салада  жүмыс  істейтіндерге  бастапқы  білім  береді.  Соны- 
мен қатар  әлеуметтану студенттерді  сыни тұрғыдан  ойлауға, дерек- 
терді талдауға,  әлеуметтік проблемаларды және  адами  қарым-қаты- 
настарды  түсінуге  баулиды.  Сондықтан  «Әлеуметтану»  мамандығы 
бойынша  бакалавр  дәрежесін  алып  шыққан  маман  журналистика, 
бизнес,  педагогика,  денсаулық  сақтау  және  басқа  көптеген  салалар­
да  жақсы  қызмет  ету үшін  кәдеге  жарайтын  дағды  мен  білім  алып 
шығады. Мұнымен қоса, бакалавриатта әлеуметтанудан алған білім 
әрі қарай көптеген сала бойынша магистратура мен докторантураға 
түсуге тамаша мүмкіндік береді. Мысалы, Мишель  Обама  заңгерлік 
мамандығына  келерден  бүрын  әлеуметтанудан  бакалавр дәрежесін 
алған.
Дегенмен егер әлеуметтанушы болып жүмыс істегіңіз келсе осы 
мамандық  бойынша  академиялық  дәреже  алуыңызға  тура  келеді. 
Кейбір  жұмыстар  үшін  магистр  дәрежесі  жеткілікті  болуы  мүмкін; 
енді бір жұмыстар PhD дәрежесін талап етеді.
Колледж және университеттегі 
әлеуметтанушылар
Америкадағы  магистр  не  доктор  дәрежесі  бар  әлеуметтанушылар- 
дың төрттен үші колледждерде және университеттерде профессор не 
оқытушы  болып жүмыс  істейді.  Кей  оқу орындарында  әлеуметтану- 
шылар тек сабақ беріп, мектептің әкімшілік жүмысына көмектеседі. 
Өзгелерінде олар сабақ берумен қатар зерттеумен де айналысады.
Әлеуметтану  саласының  кей  профессорлары  өз  зерттеулерін 
адамның  әлеуметтік мінез-құлқының негізгі  ұстанымдарын түсіну- 
ге  пайдаланады.  Енді  бірі  зорлық-зомбылық,  ауру  және  жұмыссыз- 
дық секілді әлеуметтік проблемаларды шешуге ден қояды.  Мысалы,


ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
59
дүлей апаттарды зерттейтін әлеуметтану профессорлары 2005 жылы 
«Катрин»  дауылының  салдарымен  күрескен  үкіметтік,  коммерция- 
лық емес ұйымдарға және қауымдастықтарға көмек көрсетуде шешу- 
ші қызмет атқарды, қазір де бірнеше ғалым 2011 жылы болған «Ирен» 
дауылының салдарларын зерттеп жатыр (Nelson, 2011).
Үкіметтегі әлеуметтанушылар
Сондай-ақ  әлеуметтанушылар  жергілікті  және  үлттық  деңгейдегі 
мемлекеттік органдардың бәрінде жұмыс істей алады. Мысалы, АҚШ 
Халық санағы  бюросында қызмет атқаратын  әлеуметтанушылар ха- 
лық  санының  өзгерісін  бағамдап,  балабақша  немесе  қаргтар  үйін 
салу  туралы  шешім  қабылдауда  қоғамдық  ұйымдарға  көмектеседі. 
Білім департаментінде әлеуметтанушылар  саясаткерлерге  стандарт- 
ты  тестілерді  қолдануды  көбейту  немесе  азайту  бойынша  шешім 
қабылдауға жәрдемдеседі. Ал жергілікті, штаттық және ұлттық ден- 
саулық  сақтау  бөлімдерінде  әлеуметтанушылар  студенттердің  көк- 
темгі оқу демалысы кезінде немен айналысатынын зерттеп, салауат- 
ты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру жөнінде мектептерге кеңес 
береді.
Бизнестегі әлеуметтанушылар
Әлеуметтанушылар  бизнес  саласында  түрлі  қызметтер  атқарады. 
Кейбіреулер  адами  қарым-қатынас  туралы  білімін  мекеменің  адам 
ресурстары бөлімінде немесе гендерлік және этностық әркелкілікке 
қатысы  бар  фирмаларда  қолданады.  Енді  басқалары  нарықты  зерт- 
теу саласында тер  төгеді.  Мәселен,  әлеуметтанушы  киножұлдызбен 
келісіп,  оған  бір  өнім  туралы  блог  жазгызып,  жарнамалау  арқылы 
сату көлемін көбейтуге бола ма, жоқ па -  соған болжам жасай алады.
Әлеуметтанушылар  адамның  мінез-құлқын  жақсы  түсінетін- 
діктен әрі мінез-құлықты зерттеу жолдарын білетіндіктен, осындай 
қызметке  маман  іздеп  жургендер  бұл  саланың  қызметкерлерін қуа- 
нышпен қабыл алады.
Коммерциялық емес ұйымдардағы 
әлеуметтанушылар
Коммерциялық  емес  үйымдарға  ауруханалар  мен  емханалар,  әлеу- 
меттік  белсенді  ұйымдар  және  жекеменшік  сараптамалық  орта- 
лықтар  жатады;  әлеуметтанушылар  осы  ұйымдардың  барлығында 
жұмыс істейді. Мысалы, «СПИД-ті зерттеудің америкалық қорының» 
әлеуметтанушылары  бей-берекет  қатынасқа  баруға  түрткі  болатын 
себептерді зерттеп,  сақтануға ынталандыратын түрлі стратегиялар- 
дың  тиімділігіне  баға  берді.  Олар,  сондай-ақ  СПИД-тің  таралуына 
тосқауыл  қою  үшін  халыққа  ұнай  бермейтін  шешімдерді,  мәселен, 
нашақорларға  жаңа  инелерді  тегін  тарату  сияқты  шешімдерді  қа- 
былдатқызу мақсатында тиісті зерттеу жүргізді.
Әлеуметтанушылардың  көбі  ғылыммен  айналысады,  дегенмен 
коммерциялық  емес  ұйымдарда  немесе  неке,  отбасы,  сауықтыру 
ұйымдарында  кеңесші  болып  жұмыс  істейтін  әлеуметтанушылар- 
дың  саны  да  көбейіп  келеді.  Әлеуметтанушылар  алатын  білім  пси- 
хологтар,  әлеуметтік  қызметкерлер  және  басқа  кеңесшілер  алатын 
білімнен өзгеше, бірақ әлеуметтанушылар да жеке проблемалардың


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау