62
1-ТАРАУ
құрылымдық-функциялық
тұрғыдан
тал-
дау мен конфликтологиялық талдаудың ара-
сында қандай айырмашылық болуы мүмкін
екенін ойлаңыз. Әйелдерге қарағанда ерлер
құрылымдық-функциялық теорияны көбірек
қолдана ма, әлде керісінше ме?
3. Достардың, өмір сүру жағдайының немесе жұ-
мыс орнының өзгеруі әлеуметтік мәселелерді
(мысалы, жалғызбасты аналар немесе жұмыс-
сыздық бойынша жәрдемақылар) басқаша
түсінуге алып келген кездерді білесіз бе?
4. Алкогольді ішімдік ішу, әйелдер арасында
өмір сүру немесе жалғызбасты ата-ананың
тәрбиесінде өсу салдарынан оқу үлгерімі
нашарлайтынын анықтау үшін этикалық
жағынан дұрыс болып табылатын қандай
зерттеу әдісін қолдануға болатынын қарасты-
рыңыз.
64
2-ТА РА У
Мәдениетке кіріспе
1-тарауда әлеуметтану адам мінез-құлқының контексін талдайтынын
және сол контекстердің біздің мінез-құлқымызға қалай эсер ететінін
айтқанбыз. Осы контекстің маңызды қырларының бірі - мәдениет. Мәде-
ниет - қогамдастық м үшелерінің ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі.
Кей жерлерде мәдениет мемлекеттік шекаралар мен қоғамдардың
аумағынан асып кетеді. Мысалы, канадалық француздар мәдениеті Ка
нада мен Жаңа Англияда кездеседі. Енді бір жерлерде бір елдің
аумағын-
да екі түрлі мәдениет үйлесіп жатуы мүмкін, мысалы, Канадада француз
және ағылшын мәдениеті қатар жүреді.
Мәдениет, негізінен, тіл, құндылықтар және символикалық
мәндер сияқты нысандардан тұрады, сонымен қатар технологиялық
және материалдық нысандарды да қамтиды. Мәдениеттің жалпы
бейнесі - күнделікті өмірдің жалпы проблемаларымен айналысуға
қажетті физикалық, эмоциялық және философиялық «жабдықты»
қамтамасыз ететін аспап (Swidler, 2001; Vaisey, 2009). Мәдениеттің та-
мақтану ерекшеліктерін қалай қалыптастыратынын қарастырайық.
АҚШ тұрғындары тоңазытқыш, пеш, ұялы телефон, компьютер сияқ-
ты ортақ құралдар мен технологияларды пайдаланады. Олардың
көбінің беріле жұмыс істеп, артынан кофе не сыра ішіп серпілудегі
құндылықтары да ұқсас. Олар таңдаған сусындар мен сол сусындар-
дың мән-матынасы - Америка мәдениетінің негізгі бөлігі. Дегенмен
бір ортақ мәдениет туралы айтқанда оның ішіндегі қайшылықтар-
ды да ескеруіміз керек. Мәселен, АҚШ халқы ұстанатын мәдениеттің
біраз қырлары мормондар мен америкалық мұсылмандарға да ортақ
болғанымен мормондар кофе ішпейді, сонымен бірге бұл екі топтың
өкілдері де алкогольді ішімдік ішпейді.
Мәдениеттің «материалдық» және «материалдық емес» екі формасы
болады. Материалдық емес мәдениетке қоғам мүшелеріне ортақ тіл, құн-
дылықтар, ережелер, білім және мән-мағыналар жатады. Материалдық
мәдениег қоғамда өндірілетін физикалық нысандарды - құралдар, кө-
шелер, мүсіндер, ойыншықтар сияқты көптеген заттарды қамтиды. Бұл
материалдық нысандар материалдық емес мәдениетке тәуелді. Мысалы,
«Барби» қуыршағы мен ежелгі тас құдайдың мүсіндерінің кейбір жалпы
физикалық тұрпаттары бірдей болғанымен, олардың мән-мағыналары
мүлде бөлек әрі олар материалдық емес мәдениетке тәуелді.
Мәдениетке теориялың
көзқарас
Әлеуметтанудың басқа салалары сияқты құрылымдық функцияшыл-
дардың, конфликт теориясын қолдайтындардың және символдық ин-
теракционистердің мәдениеттің зерттелуіне қатысты өз көзқараста-
ры бар.
Мәдениет - қоғам мүшелерінің
ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі.
Ол тек тілді, қүндылықтарды
және символдық мәндерді ғана
емес, сондай-ақ технологиялық
және материалдық нысандарды да
қамтиды.
Құрылымдық-функциялық әдіс
Құрылымдық-функциялық әдіс мәдениетті өзара қарым-қатынастың
негізі ретінде қабылдайды. Мәдениет
болмыс ретінде танылады және
мәдениеттің қалай қалыптасатынына емес, мәдениеттің бізді қалай
қалыптастыратынына баса назар аударылады. Осы көзқарасты ұста-
МӘДЕНИЕТ
65
натын ғалымдар біздің мінез-құлқымыз әлеуметтік сенімдердің,
құндылықтардың және тілдің ықпалымен қалыптасатынын түсін-
діруге баса назар салады. Мәселен, құрылымдық функцияшылдар
мәдени құндылықтар әскерге баруға немесе күнделікті дұға оқуға
ынталандыруы мүмкін деп пайымдайды. Мәдениетке қатысты осы
теориялық көзқарас өткен онжылдықтарда кеңінен таралды.
Конфликт әдісі
Ал конфликт теориясының ғалымдары мәдениетке әлеуметтік өнім
ретінде қарайды. Олар: «Мәдениет неге белгілі бір жолмен дамиды?»,
«Бұл үл гілер кімнің мүддесіне қызмет етеді?» - деген сұрақтарға жауап
іздейді.
Бұл ғалымдар, мысалы, үкімет пен корпорациялар теледидарда не
месе фильмде көрсетілетін нәрселерге қалай эсер етуі мүмкін екенін
зерттейді.
Конфликт теориясының өкілдері мәдениеттің қоғамда билік бө-
лінісін қалыптастырудағы маңызын зерттейді. Олар жоғарғы таптың
көзқарастары мен білімін көрсететін мәдени капитал да адамдар-
дың билік пен мәртебеге қол жеткізуіне қаржы капиталы (яғни ақша)
сияқты көмектеседі деп есептейді (Bourdieu, 1984; Lamont, & Fournier,
1992). Егер сіз ешқашан гольф ойнауды үйренбесеңіз, қызыл шарап-
ты талғап таңдай алмасаңыз, операны бағалай алмасаңыз немесе
бес түрлі шанышқымен бес түрлі тагамды қалай жеуді білмесеңіз,
бұл «мәдени мешеулігіңіз» жоғарғы тап өкілдерінің іс-шараларында
анық байқалады. Бұл әлеуметтік ортаның адамымен некеге түруға
я сол ортада жұмыс істеуге қажетті мәдени капиталы жетіспейтін
адам олардай болуға қанша тырысып бақса да күлкіге қалуы мүмкін.
Сондықтан мәдениет әлеуметтік таптарды бір-бірінен бөліп түратын
символдық шекара болып табылады.
Сонымен конфликт теориясы мәдениеттердің бір-бірімен шиеле-
нісі кезіндегі жағдайды талдайды. Біз субмәдениетті, контрмәдениетті,
мультимәдениет пен ассимиляцияның күресін талқылаған тұста осы
тақырыпты тереңірек қарастыратын боламыз.
Символдық интеракционизм
теориясының ұстанымы
Конфликт теориясының өкілдері ақпарат құралдарының нені көрсе-
тетіне баса мән берсе («Телешоуларға қанша қара нәсілді қатысты?»,
«Зорлық-зомбылықты мазаққа айналдырды ма?»), символдық инте-
ракционистер адамдардың ақпарат құралдарынан көрген нәрселерін
қалай түсініп, қалай қолданатынын зерттейді. Олар адамдардың мә-
дениет пен мәдени өнімдерден қандай мән-мағына көретінін саралай-
ды және бұл мән-мағыналардың әлеуметтік өзара әрекеттесу кезінде
қалай пайда болатынына назар аударады. Мәселен, осы дәстүрді ұста-
нушылар махаббат романдарының әйелдерге қанат бітіретін қандай
қасиеті бар екенін, «Виагра» дәрісінің шығуы еркектердің жыныстық
ләззаттагы маңызын қалай өзгерткенін, адамдардың неге өздерін
поп-музыка жұлдыздарына үқсататынын, «этностық» тағамның сол
этностың өкілдері мен бөтен адамдар үшін мәні қандай екенін (қытай
кеспесі,
италиялық макарон, оңтүстік печеньесі) зерттеген (Loe, 2004;
Vares
&.
Braun, 2006; Vannini, 2004; Ваі, 2003).
Құрылымдық функцияшылдар мәдени қүндылықтар көбінесе
белгілі бір іс-әрекетке ынталандырады десе, символдық интеракцио-
Мәдени капитал жогары
әлеуметтік таптарды сипаттайтын
көзқарастар мен білімдерден
құралады.
І
Ақсүйектер мейрамханасында
тамаққа тапсырысты талапқа сай
әрі сенімді түрде беріп, тамақтану
үшін «мәдени капитал» қажет.
Жоғарғы таптан (немесе кем дегенде
ортадан жоғары таптан) шыққан
үйде тәрбиеленбесеңіз сізде мүндай
мәдени капитал болмауы ықтимал.
5-251