29
Мұғалім: Ал, балалар! Біз бүгін қандай тақырыпты оқып-үйренеміз?
Оқушы: Еліміздің әсем табиғаты туралы оқимыз.
Оқушы: Еліміздің қазба байлықтары жайлы сабақ оқимыз.
Оқушы: Өсімдіктері мен жануарлары туралы оқып білеміз.
Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды. Оқушылар үш топқа бөлінеді,
бірінші топтағылар «Қазақстанның табиғат байлықтары», екінші топтағы
оқушылар «Қазба байлықтары», үшінші топтағылар «Еліміздің өсімдіктер
дүниесі мен жануарлары» туралы оқулық мәтінімен өздігінше танысады.
Мұғалім нұсқауымен оқушылар бетпе-бет жұптасып тұрады (не отырады).
Әр топ берілген уақыт көлемінде тапсырманы орындайды.
Содан кейін әр топтың оқушылары (үш топтың) тақтада не үлкен ватман
қағазда жазылған кестені толтырып, өздері дайындаған материал бойынша,
сынып алдына шығып сөйлейді.
Кесте: «менің елім – Қазақстан»
р/с
табиғат
байлықтары
Қазба
байлықтары
өсімдіктері мен
жануарлары
Мұғалім жұмысты бақылап, қателескен жағдайда не толықтырулар
қажет кезде көмекке келеді.
Осындай жұппен жұмыс істеу оқушылардың белсенділігін арттыруға,
өз ойларын ашық айтуға, көзқарасын қорғауға не дәлелдеуге үйретуге
септігін тигізеді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §11. «Қазақстанның табиғаты» тақырыбымен танысу,
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу тапсырылады.
§12. Қазақстанның халқы
сабақтың мақсаты: оқушылардың «Отан» туралы түсінігін кеңейту
және «халықтар арасындағы ұлтаралық келісім» туралы түсініктерін
қалыптастыруда жұмыс жүргізу. Оқушыларды Отанын сүюге, қазақ халқы
мен республикада тұратын басқа халықтардың тарихын, тілін, салт-дәстүрін
құрметтеуге тәрбиелеу. Халықтар арасындағы өзара түсіністік, татулық
және достық қарым-қатынастың дамуы –еліміздің өркендеуінің басты кепілі
деген идеяны оқушылар жасына сай күнделікті өмірден нақты мысалдар
келтіріп түсіндіру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық,
бейне және аудиофильмнен үзінді, иллюстрациялық және этнографиялық
материалдар.
30
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырма-
лар бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстан халқы.
2. Халықтар арасындағы ұлтаралық келісім.
Жаңа материалды оқып-үйрену электронды оқулықпен жұмыстан және
бейнефильмнен көрсетілетін «Қазақстанда тұратын халықтар» туралы
үзіндіден, не оқушылар өздігінше жинақтаған халықтар достығы, түрлі
ұлт өкілдерінің киімі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы иллюстрациялық-
этнографиялық материалды көрсетуден басталуы мүмкін.
Мұғалім: Оқушылар! Біз бүгін қандай мәселені оқып-үйренеміз?
Оқушы: Республикада тұратын халықтар туралы.
Оқушы: Халықтар арасындағы достық және бейбіт қатынас жайлы.
Оқушы: Халықтардың тұрмысы, салт-дәстүрімен танысамыз.
Мұғалім: Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі тақырыбымызда
көп ұлтты Қазақстан халқы, түрлі ұлттар арасындағы достық пен татулық
қатынас, өзара түсінушілік пен көмек, ауызбіршілік туралы оқып білеміз.
Олай болса, тақтаға қараңдар. Кадаскоп арқылы тақтадағы мына сөздерге
назар аударыңдар. Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасында қандай
ұлттың адамдары бейбіт қатар, достық қатынаста өмір сүріп жатыр? Әрқай-
сың бір ұлттың атын тауып, дөңгелек ішіне жазып шығыңдар. Басқаларың
біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөлмей тыңдаңдар.
Қазақстан
республикасында
қандай ұлттың өкілдері
бейбіт қатар,
достық қатынаста
өмір сүріп жатыр?
31
Оқушылар өздері жазған ұлт туралы не білетінін айтады, басқалары
толықтыруы мүмкін. Сөйтіп, барлық оқушылар ұлттар туралы не білетінін
айтып болғанша, осылай әңгіме жалғаса береді. Бақылап отырған мұғалім
қорытынды жасайды.
Сабақтың негізгі идеясы – халықтар арасындағы ұлтаралық келісім
болғандықтан, осы мәселеге ерекше мән берген дұрыс. ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың республикамыздағы халықтар арасындағы келісім ту-
ралы саясатты жүргізудегі маңызды рөлі атап көрсетілуі тиіс.
Содан кейін оқушылар өз қалауы бойынша жұп болып отырады.
Оқулықтың әрбір абзацын оқып танысады. Жаңа терминдердің, ұғым-
дардың, сөздердің (мәтінде кездессе) анықтамасын тауып, дәптерлеріне
жазады. Топтағы әр оқушы абзац бойынша оқып, білгенін, терминдердің
мағынасын бір-біріне айтады. Оқығаны бойынша сұрақтар даярлайды, оны
сыныптасына қояды. Оқушылар жаңа тақырып бойынша оқығанын жақсы
меңгерген соң, бір-бірімен ауысып отырады да (басқа топтың балаларына),
білетін ақпаратпен алмасады. Сөйтіп, оқушылар оқулық мәтініндегі барлық
мәліметтерді өздігінше бір-біріне жеткізеді. Сабақ соңында материалдармен
және тапсырмалармен танысады. Оқушылар «Білімпаздар үшін» мәтінін
оқып, алған әсерімен бөліседі.
Үйге тапсырма: §12. «Қазақстанның халқы» тақырыбын оқып танысу,
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дайындалып келу.
§13. Қазақстанның қалалары
сабақтың мақсаты: оқушылардың Қазақстанның қалалары, олардың
тарихы, өнеркәсіп орталықтары, мәдени ошақтары туралы білімдерін одан
әрі тереңдете түсу. Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік
сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи құбылысты салыстыра білу біліктерін
дамыту.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
нен үзінді, иллюстрациялық материалдар.
Оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар
бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Алматы.
2. Қарағанды.
3. Атырау.
4. Павлодар.
5. Семей.
Достарыңызбен бөлісу: |