Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет44/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

132
Жер тарихы ел тарихымен, оның құдіретті ана тілімен етене байланыс-
ты. Осы туып-өскен ұлан-байтақ жерімізді қастерлеп, аялай білейік.
5-сыныптан  бастап  оқушылар  өлкетану  материалдарын  оқып  танысу 
барысында  өлке,  Отан  тарихында  және  дүниежүзілік  тарихта  белгілі 
құндылық және оның жалпы тарихи үрдістегі орнын анықтайтынын түсінуі 
тиіс. «мен – менің өлкем – менің отаным – менің әлемім» деген идеяны 
қалыптастыруда жұмыс жүргізу қажет.
Сабақты бекіту барысында оқушылар «Туған өлке», «Отан» «Қазақ стан –  
менің Отаным» ұғымдарының анықтамасын дәптеріне жазып алады.
Үйге  тапсырма:  §66.  «Туған  өлке  тарихы»  әңгімесімен  танысу  және 
сұрақ-тапсырмаға жауап дайындап келу.
§67. өлкеміздің тарихи ескерткіштері
сабақтың  мақсаты:  оқушыларда  «туған  өлке»  туралы  түсінік 
қалыптастыру  бағытында  жұмысты  жинақтау.  Туған  өлкенің  Отан 
тарихындағы  орны:  ХVІІ–ХХІ  ғасырдың  басындағы  туған  өлкеде  болған 
аса маңызды оқиғалар, тарихи  қайраткерлер туралы ұғымдарын жинақтау. 
Оқушылардың  туған  өлкеге,  оның  адамдарына  деген  сүйіспеншілік  пен 
құрметтеушілік  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Оқушылардың  өлкедегі 
адамдардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи-мәдени 
ескерткіштер тарихын білу, сипаттап беру біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  «Қазақстанның  физикалық 
картасы»,  өлкенің  картасы,    оқулықтағы  суреттер,  оқушылар  дайындаған 
«Біздің өлке» тақырыбындағы суретті альбом, қабырға газеті, өлке туралы 
бейнефильм.
Өлке  материалын  өткенде  қайталауға  арналған  сұрақ-тапсырмаларды 
мұғалім әңгімесімен үйлесімді ұштастыруға болады.
Әрине,  әрбір  ауылда  өлке  тарихына  арналған  музей  табыла  бермес, 
сондықтан  мұғалім  сабақта  аудан,  тіпті  облыс  көлеміндегі  материалды 
кеңінен пайдалануға мүмкіншілігі бар.
Қазақстанның және өлкенің картасына оқушылар назары аударылады.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар:
1. Картадан өзің туып-өскен өлке, қала, аудан, облысты тап.
2.  Өлкедегі  табиғат  байлықтарын,  өзен-сулардың,  таулардың  аттарын 
атап, картадан көрсет. 
3. Өлкеде қандай тарихи ескерткіштер бар, олар жайлы не білесің?
4. Өлкедегі белгілі, елімізге, халқымызға әйгілі адамдар туралы не айта 
аласың?
5. «Туған өлке», «Отан» деген ұғымдарға анықтама бер.


133
6. Республикамыздың аумағын, астананы және біздің өлкені картадан 
көрсет.
Оқушылар  «Біздің  өлке»  жайлы  карта-схемамен  жұмыс  істейді, 
картадан аталған географиялық объектілерді көрсетеді, оқулық не анықтама 
бойынша ұғымдарға анықтама береді.
Оқушылар ертедегі туған өлке тарихымен таныса отырып, Қазақстан-     
ға белгілі археологтар, жаңадан ашылған қазба жұмыстарының нәтижесі жә-
не келешекте  өздері ашатын құпиясы мол жұмыстар туралы әңгімелеседі.
«Міне, сендер тұрған жердің бізге белгісіз көптеген сырлары, құпиялары 
бар. Оның сырын ашу сендердің жұмыстарың.  
Археологиялық  қазба  жұмыстары  ерекше  білімділікті  және  өнерлі 
болуды  талап  етеді.  Қазақстан  тарихы  сабағынан  елімізде  жүргізілген 
көптеген  қазба  жұмыстары,  атақты  ғалымдар,  зерттеушілер  туралы  оқып 
таныстыңдар».  
Осы  өлкеде  туып-өскен  ғалым,  не  жазушы,  не  композитор  туралы 
баяндама жасалады. 
Оқушыларды  еліміздің  ғылымы  мен  өнерін  дамытуға  үлес  қосқан 
көрнекті қайраткерлердің, атақты ғалымдардың өмірі мен қызметі, өнегелі 
істерімен таныстыру олардың білімге деген ынтасын арттырып, қиындықты 
жеңуге, қажырлылыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді. Содан кейін оқушылар 
өздігінше кесте толтырады.
Кесте:  «Біздің өлкені мекендеген халықтар»  
халықтар
Шаруашылығы 
мәдениеті
(археологиялық ескерткіштер)
Тақтаға үш оқушы шығып, үш бағананы толтырады, оқушылар кесте-  
ні ауызша талдайды.
Оқушылар  алдын  ала  әзірлеген  «Біздің  өлкенің  белгілі  адамдары – 
халқымыздың мақтанышы», «Өлкедегі тарихи ескерткіштер құпиясы», т.б. 
хабарламаны  пайдалануға  болады.  Хабарлама  жасау  үшін  мектеп  музей-
індегі және аудандық, облыстық газеттердегі баспасөз материалдары кеңінен 
пайдаланылады.  Оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен  хабарламаға 
байланысты  дайындаған  альбом-сурет  не  қабырға  газетін  иллюстрация 
ретінде қолданады.


134
Сабақты  бекіту  барысында  оқушылар  «туған  өлке»,  «Отан»,  «Қазақ-
стан   –  менің  Отаным»  ұғымдарының  анықтамасын  дәптерлеріне  жазып 
алады.
Үйге  тапсырма:  §67.  «Өлкеміздің  тарихи  ескерткіштері»  тақырыбын 
оқулық тапсырмалары бойынша қайталау.
§68. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсын қайталау 
сабақтың мақсаты: Өткен 67 сабақтың материалынан ең негізгілерін 
іріктеп  алып  қайталап,  жүйелеу.  Оқушылардың    тарих,  тарихи  уақыт, 
тарихи карта туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түсу. «Қазақстан – менің 
Отаным»  идеясын  қалыптастыру  жұмысын  жинақтау.  Оқушылардың  өз 
халқының тарихына деген қызығушылығын дамыту, қазақ халқының және 
республикада  тұратын  басқа  халықтардың  тарихын,  тілі  мен  мәдениетін 
құрметтеуге  тәрбиелеу.  Тарихи  материалды  салыстыру,  оқиғалар  мен 
құбылыстардың ортақ белгілерін анықтау, өз пікірін еркін білдіру біліктерін 
қалыптастыруда жұмыс жүргізу. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық, ау дио 
және  бейнефильм,  иллюстрациялық  материалдар,  карточкалар,  кадаскоп, 
т.б.
Қайталау  сабағында  жұмыс  істеудің  негізі  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған 
проблемалық тапсырмалар, құжатпен жұмыс, кроссворд, викторина шешу, 
т.б. пайдалануға болады. 
Мұғалім  оқушылар  назарын  оқулықтағы  қайталауға  арналған  негізгі 
түйінді  мәселелерге  аударады.  Сонда  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
бойынша жұмыс жүргізіледі.
Содан кейін осы тақырыптарды оқу барысында кездескен жаңа сөздермен 
және  терминдермен жұмыс жүргізіледі.
Оқулықтағы «Мен білемін...» атты мәтін негізіндегі маңызды мәселелерді 
жинақтап қорытындылауға баса назар аударған жөн.


135
паЙдаланылҒан ӘдеБиеттер тізімі
1. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагоги-
ка, 1989. 192 с.
2. Блум Б. Технология в обучении или технология обучения //Серия 31.      
Знание, 1986, № 12. С. 7-86.
3.    Жадрина  М.Ж.  Жалпы  білім  берудегі  жаңа  үрдістер  //  Открытая 
школа, 2004, №5. 6-9 бб.
4. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы 
(М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбекұлы). Астана, 2001.
5.  Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясы.  Алматы,  Энциклопедия,  1999-
2006. 1-12 томдар.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-3 т. 
Алматы: Атамұра, 1996-2002.
7.  Қазақтар.  Көпшілікке  арналған  тоғыз  томдық  анықтамалық.  – 
Алматы: ҚДИ. Тарихи тұлғалар, 1998.
8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 1995; Мағауин. М. 
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХV–ХVШ ғғ.). – Алматы, 1992. 
9. Абылай хан. Тарихи-антропологиялық зерттеу. – Алматы: Атамұра, 
1992.
10. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. – Алматы, 1998.
11. Сырымның шешендік сөздері. – Алматы: Ана тілі, 1992; Негимов С. 
Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997.
12. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы: КСЭ, 1975.
13.  Қазақ  тарихынан.  Шежірелер,  жазбалар,  пікірлер,  зерттеулер.  – 
Алматы: Жалын баспасы, 2004. 
14. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX века. – Алматы, 1992.
15. Казахско-русские отношения в XVIII–XIX веках. – Алматы, 1964.
16. Қасымбаев Ж. Кенесары хан: саясатшы және қолбасшы. – Алматы: 
Қазақстан, 1993.
17.  Касымбаев  Ж.К.  Государственные  деятели  Казахстана  в  XIX  вв.– 
Алматы, 1998.
18. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1980.
19. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995.
20. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. I- ІІ т. – Алматы, 1976.
21. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы, 1997.
22. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.
23. Сыздықов Ш. Мәншүктің өшпес ерлігі. – Алматы: Қазақстан, 1985.


136
пайдалануға арналған электронды оқулықтар тізімі:
1. Қазақстан тарихы. Жинақтап қорытындылау курсы (орысша-қазақша). 
Қойгелдиев М., Әбсеметова Ж.А., Мажитов С. Ф. – Алматы, 1998.
2. Қазақстан тарихы (орысша-қазақша). Ким Л. А. – Алматы, 2000.
3. Қазақстан тарихы (орысша-қазақша). Мажитов С. Ф. – Алматы, 2000.
4.  Тарих  пәні  бойынша  мультимедиалық  оқу.  (Қазақстан  тарихы.  1–4 
бөлім). – Алматы, 2002, 2004.
5. Сарайшық. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы. Кеңейтілген курс. 
Малқайдарова Г. және т.б. – Алматы, 2003.
6. Бөкей хандығы. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы. Кеңейтілген 
курс. Мақатаев Г. – Алматы, 2003.


137
мазмұны
5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» 
курсын оқытудың өзекті мәселелері .......................................................................3
і бөлім. тарих әлемі
§1. «Қазақстан тарихы» пәні ....................................................................................9
§2. Тарихи деректер .................................................................................................12
§3. Археология .........................................................................................................14
§4. Этнография.........................................................................................................17
§5. Өлкетану .............................................................................................................18
§6. Тарихи уақыт ......................................................................................................20
§7. Жыл санау ...........................................................................................................21
§8. Тарихи карта .......................................................................................................23
§9. Қазақстан әлем картасында  .............................................................................25
§10. Қазақстан – менің Отаным .............................................................................27
§11. Қазақстанның табиғаты ..................................................................................28
§12. Қазақстанның халқы .......................................................................................29
§13. Қазақстанның қалалары ..................................................................................31
§14. І бөлім бойынша қорытынды қайталау   .......................................................33
іі бөлім. тарихқа саяхат
§15.  Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы  
адамдар мен ежелгі тайпалар  ................................................................................35
§16. Сақтар  ...............................................................................................................37
§17. Тұмар патшайым ..............................................................................................38
§18. Алтын киімді адам...........................................................................................41
§19. Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы ...................................................42
§20. Еділ патша ........................................................................................................44
§21. Ертедегі  түріктер ............................................................................................47
§22. Көне түркі жазуы .............................................................................................49
§23. Ұлы Жібек жолы ..............................................................................................52
§24. Әбу Насыр әл-Фараби .....................................................................................54
§25. Қазақстанның ортағасырлық қалалары ........................................................55
§26. Моңғол шапқыншылығы ................................................................................59
§27. Қазақ халқының қалыптасуы.........................................................................62
§28. Қазақ хандығының құрылуы  ........................................................................64
§29. Қазақ билері ......................................................................................................66
§30. Жеті жарғы .......................................................................................................67
§31. Қазақ батырлары ..............................................................................................70
§32. Қазақстан және Ресей ......................................................................................73
§33. Абылай хан .......................................................................................................76
§34. Тәуелсіздік жолындағы күрес ........................................................................78


138
§35. Шоқан Уәлиханов ............................................................................................80
§36. Абай Құнанбайұлы ..........................................................................................81
§37.  Ыбырай Алтынсарин ......................................................................................82
§38. ІІ бөлім  бойынша қорытынды қайталау сабағы .........................................83
ііі бөлім. Ғажайыптар әлемінде
§39. Көрікті кесенелер .............................................................................................86
§40. Наурыз ..............................................................................................................89
§41. Қазақтың шешендік өнері ...............................................................................91
§42. Дала музыкасы .................................................................................................94
§43. Халық ауыз әдебиеті .......................................................................................96
§44. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері ............................97
§45. Материалдық мәдениет ...................................................................................99
§46. ІІІ бөлім бойынша қорытынды қайталау сабағы ......................................100
іV бөлім. хх ғасырдағы Қазақстан
§47. Қазақстанда Кеңес өкіметінің  орнауы  ......................................................102
§48. Алаш қозғалысы ............................................................................................103
§49. Қазақстанда 1920–1940 жылдарда  
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы .................................................107
§50. Қазақстанның  1920–1940 жылдардағы
қоғамдық-саяси өмірі ............................................................................................107
§51. Ұлы Отан соғысы ...........................................................................................109
§52. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында ..................................................... 111
§53. Сталинград шайқасы. Қазақстандықтардың  ерлігі .................................113
§54. Ұлы жеңіс ........................................................................................................ 114
§55. Тың игеру ........................................................................................................ 115
§56.  Қазақстан – ғарыштық держава  ................................................................. 116
§57.  Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы .................................................... 118
V бөлім. тәуелсіз Қазақстан
§58.  Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егемен мемлекет ............................ 119
§59. Қазақстан Республикасының Конституциясы ...........................................121
§60. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері ...............................122
§61. Біздің теңге .....................................................................................................123
§62. Байтақ қала – Астана .....................................................................................124
§63. Бүгінгі Қазақстан ...........................................................................................126
§64. Қазақстан және дүниежүзі ...........................................................................128
§65. ІV–V бөлімдер бойынша қорытынды қайталау сабағы ............................129
§66. Туған өлке тарихы .........................................................................................131
§67. Өлкеміздің тарихи ескерткіштері ................................................................132
§68. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсын қайталау ...............................134
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................135
Пайдалануға арналған электронды оқулықтар тізімі ......................................136


Оқу құралы
Әбдіғұлова Бағлан Қапаровна
ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер 
әдістемелік құрал
Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің
5-сынып мұғалімдеріне арналған
Әдіскер-редактор Ф.с. лекерова
Редактор-корректор ә.Б. Орынбаева
Мұқабасын безендірген Д. м. надбережный
Компьютерде беттеген т. Досмағамбетова, с. Жұмагелдиева
Басуға 02.03.10 қол қойылды. Пішімі 60x89
1
/
16
.  
Офсеттік қағаз. Қаріп түрі «Мектептік».  
Офсеттік басылым. Шартты б. т. 8,75.  
Есептік б. т. 6,48. Таралымы  2500 дана. Тапсырыс №518.


«Алматыкiтап баспасы», 050012, Алматы қаласы,  
Жамбыл көшесі, 111, тел.: (727) 250 29 58, факс (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kz
Кітаптарды «Алматыкітап баспасы» ЖШС-нің Астана қаласындағы  
Абай көшесі, 73-үй, тел.: (7172) 32 77 67,  
Иманов көшесі, 10-үй, тел.: (7172) 22 33 03  
және Алматы қаласындағы Абай даңғылы, 35/37, тел. (727) 267 13 95;  
Гоголь көшесі, 108, тел. (727) 279 29 13;  
Қабанбай батыр көшесі, 109, тел. (727) 267 54 64;  
Жандосов көшесі, 57, тел. (727) 221 25 21, 221 34 06;
Бруно көшесі, 95, тел. (727) 256 05 55; 
кітап дүкендерінен сатып алуға болады.
Кітаптарды «Кітап-пошта» дүкені арқылы алуға да болады.
Мекенжайымыз: 050035, Алматы қаласы, а/ж 145,
тел.: (727) 221-34-06, 221-25-21; e-mail:JalynAK@mail.ru.
Маркетинг бөлімі: (727) 292-57-20, e-mail: almatykitap@mail.ru
Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды 
www. almatykitap.kz сайты арқылы білуге болады.

жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау