53
Пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық, бейне-
фильмнен үзінді пайдалану, оқулықтағы иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар
бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Сауда жолдарының пайда болуы.
2. «Ұлы Жібек жолы» – сауда, керуен, елшілік жолы.
3. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстан арқылы өтетін бағыттары.
4. Түркістан базарына саяхат.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің сауда жолдарының пайда
болуы туралы әсерлі әңгімесі мен оқушылардың карта бойынша жұмысымен
ұштастырылады. Электронды оқулық не бейнефильмнен үзінді келтіріледі.
Оқушылар төрт топқа бөлініп, оқулықпен өздігінше жұмыс жасайды.
Бірінші топ оқушылары «Ұлы Жібек жолы» – сауда, керуен, елшілік жолы»
деген мәтінмен танысып, карта бойынша жұмыс жүргізеді. Бірінші топтың
оқушылары оқулық мәтініндегі сұрақ-тапсырмаларға негіздеп әңгіме
құрастырады.
Екінші топ оқушылары «Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін
бағыттары» атты тақырыпшамен танысып, картамен жұмыс жүргізеді.
Оқулықтағы кестелер пайдаланылады. Осы тақырыпшаның күрделі
жоспары жасалады. Өткен сабақтарда пайдаланылған жаднама тақтаға
ілініп, оқушылар соның негізінде тақырыпшаның жоспарын дайындайды.
Оқушылар жоспары төмендегідей болуы мүмкін.
«Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бағыттары» тақы-
рыпшасының жоспары:
1. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстан арқылы өтетін тармақтары.
2. «Ұлы Жібек жолының» елшілік, сауда қызметі.
3. «Ұлы Жібек жолы» арқылы Қазақстанға әкелінген тауарлар.
4. Қазақстаннан осы жол арқылы басқа елдерге тасылған тауарлар.
5. «Ұлы Жібек жолы» – Қазақстанды басқа мемлекеттермен байланыс-
тыратын достық жолы.
6. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстан аумағында бой көтерген қалалар.
7. «Ұлы Жібек жолының» маңызы.
Үшінші топ оқушылары «Түркістан базарына саяхат» атты мәтінмен
танысып, картамен, иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасайды.
Бар болса, электронды оқулықтан үзінді көрсетіледі. Оқушылар «ойша
Түркістанға саяхат» жасайды. Түркістанда тұратын қолөнерші не саудагер
атынан сөйлеп, әңгіме құрастырады. Әңгімеде оқулықта берілген сұрақтарға
жауап беріледі.
54
Төртінші топ оқушылары «Білімпаздар үшін» деп аталатын қосымша
материалмен танысып, мәтінді талдап, мағынасын түсіндіреді.
Содан кейін барлық оқушылар өздігінше кесте толтырады. Әрбір
оқушы бұл тапсырманы дәптеріне жазады. «Ұлы Жібек жолы» тақырыбы
бойынша қандай жаңалық білдіңдер?» атты кестедегі әрбір бос орынды
толтырыңдар.
ұлы Жібек жолы
1.
2.
3.
4.
5.
Сабақ соңында жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады, оқушылар
білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: §23. «Ұлы Жібек жолы» тақырыбын оқу және оған
берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
§ 24. Әбу насыр әл-Фараби
сабақтың мақсаты: оқушыларды ойшыл, дана ғалым Әбу Насыр әл-
Фарабидің өмірі және қызметімен таныстыру. Тамаша ғалымдардың өмірі
халық игілігі жолындағы ерлік екендігін түсіндіру. Ғалымдардың, өнер
адамдарының өмірін өнеге етіп көрсету арқылы оқушылардың бойында
ғылым мен еңбек адамдарына деген құрмет, білім алуға құштарлық, халық
үшін адал еңбек ету сезімдерін қалыптастыру қажет. Тарихи қайраткерлердің
өмірі мен қызметін бағалау біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бар болса, электронды
оқулықтан үзінді.
оқып-үйренген материалды қайталау §23 тақырыбының сұрақтары
мен тапсырмалары және жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар бойынша
жүргізіледі.
Сабақ басталысымен электронды оқулықтан не бейнефильмнен Әбу
Насыр әл-Фараби туралы үзінді көрсетіледі. Үзінді көрсетіліп болған соң,
оқушыларға сұрақ қойылады.
Ойланып жауап беріңдер. Неліктен Әбу Насыр әл-Фарабиді ойшыл,
дана ғалым деп құрметтейді? Оның өмірінен сендер қандай үлгі алдыңдар?
Ол тарихқа қандай қызметімен өшпес із қалдырды?
55
Оқушылар жауаптары тыңдалып, толықтырылады.
Содан кейін мұғалімнің басшылығымен оқушылар ұжымдасып оқулық
мәтінін өздігінше оқиды. Мұғалім алдын ала тақтаға не плакат қағазға
жазған жоспар сабақ кезіндегі барлық жұмыстың негізі болып табылады.
Жоспар:
1. Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы мен оқудағы ізденістері.
2. Білімге құштарлығы.
3. Білім-ғылым іздеп Бағдатқа, Дамаскіге, Каирге баруы.
4. Шамдағы (Дамаскі) өмірі, еңбек етуі.
5. Әбу Насырдың еңбектері.
6. Әбу Насыр әл-Фарабидің ғалымдығы. Оның ғылыми жаңалықтары.
7. Әбу Насыр әл-Фарабидің қосымша өнерлері.
8. Біз ғалымдарды, өнер адамдарын неліктен есте сақтаймыз және
құрметтеп бағалаймыз?
Оқушылар бейнефильмнен көрген-білгендерін, оқулық мәтініндегі
материалдар мен сабақтан тыс алған білімдерін пайдалана отырып,
әл-Фарабиге жоспар бойынша жан-жақты сипаттама береді. Оның өмірі мен
қызметін бағалайды.
Содан кейін оқушылар оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды
орындайды.
Мұғалім әңгімені қорытындылайды: «Бұл тамаша ғалымдардың, өнер,
мәдениет саласындағы адамдардың ғылымдағы жаңалық ашулары, олар-
дың ғылым мен өнердің дамуына қосқан үлесі баға жеткісіз. Ғалымдардың
маңызды еңбектерінсіз бүгінгі қол жеткізген жетістіктер жасалмаған болар
еді.
Бүгінгі күнде ғалымдар адамзатты таң қалдыратын үлкен жаңалықтар
ашып, табыстарға жетіп жатыр. Қазір адам ғарышқа жердің бір шетіне барып-
қайтқандай-ақ сапар шегіп, ерліктің үлгісін көрсетуде. Ғылым адамдары,
еңбек адамдары әрқашанда жас ұрпақтарға үлгі-өнеге, әрі сый-құрметке
лайық.
Үйге тапсырма: §24. «Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбы және
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
§ 25. Қазақстанның ортағасырлық қалалары
сабақтың мақсаты: қалалардың қалай пайда болғаны, өзіндік
ерекшеліктерін оқушылар жасына сай жеткізу. Халықтың еңбегімен және
шеберлігімен тамаша қалалар мен мәдени-тарихи ескерткіштер, өнер
туындылары жасалды. Сабақ материалы оқушыларда материалдық және
рухани құндылықтарды жасаушы халықтың еңбегін қастерлеу сезімін
Достарыңызбен бөлісу: |