Ата-аналармен жұмысты жандандыру жолдары Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек



жүктеу 3,11 Mb.
Дата19.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21013

Ата-аналармен жұмысты жандандыру жолдары

Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.

  • Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.
  • Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
  • Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
  • Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады.

Психиатрлар баланың нәрестелік кезеңінен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуының өте маңызды екенін баса айтады.

  • Психиатрлар баланың нәрестелік кезеңінен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуының өте маңызды екенін баса айтады.
  • Бұл кезде ата-ананың баланың ақыл-ой дамуына әсері өте күшті. Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез-құлық үлгісі болып табылады.

Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орны.

  • Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орны.
  • Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму деңгейіне көтеріле алады.
  • Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық-баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.

  • «Отбасы - адамның жақсылық жасауға үйренетін бірінші ортасы болу қажет»,- В.А.Сухомлинский.
  • Психиатрлар баланың дені сау болып дамуы үшін 5- 6 жасқа дейінгі аралығы маңызды екенін айтады. Баланың ақылына ықпал ету ата-аналар үшін өте маңызды. Бұл шын мәнінде біріншіден баланың жеке даралығы мен мінез-құлығына ерекше ықпал етеді. Ата-аналар балаларға білім беруге ұмтылады, бірақ олардың қандай білім алатыны қызықтырмайды.

Педагогтар мен ата аналар есіне

  • Егер – баланы үнемі сынап, мінейтін болсаңыз- онда ол барлығын жек көретін болып үйреніп кетеді.
  • -балаға жөнсіз күле берсе, оған үнемі ескерту жасасаңыз ол тұйық, ұялшақ, бұйығы болады.
  • Балаға үнемі ескерту мен тежеу жасасаңыз, ол өзін кез келген ортада кінәлі сезінуге үйреніп кетеді.
  • Баланы орынды мақтай, мадақтай білсеңіз, ол ақылды, байсалды, салмақты болуға талаптанады.

-балаға үнемі қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол өзін-өзі бағалай білетін болады.

  • -балаға үнемі қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол өзін-өзі бағалай білетін болады.
  • -балаңыз шыдамды, төзімді болып өссе, онда ол басқаларды да түсіне білуге үйренеді.
  • -бала шындықты айтып өсетін болса, ол шыншыл, адал азамат болып қалыптасады.
  • -бала алаңсыз қауіпсіз жағдайда өсетін болса ол барлық адамдараға сеніммен қарайтын болады
  • - бала қауіп қатермен, ұрыс керісті, зұлымдықты жаман жат қылықтарды көріп өссе, ол ашушаң, ызақор болады.

- Бала қайырымдылық пен мейірімділік, түсінушілік, сүйіспеншілік сезімдерді сезініп өссе,ол бұл әлемде махаббат пен сүйіспеншілікте болып, ата- анаға қайырымды болады.

  • - Бала қайырымдылық пен мейірімділік, түсінушілік, сүйіспеншілік сезімдерді сезініп өссе,ол бұл әлемде махаббат пен сүйіспеншілікте болып, ата- анаға қайырымды болады.

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

  • Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
  • Ж.Руссо
  • Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімің тәрбиелік ықпал жасайды. Л.Н.Толстой
  • Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы -сөз. О.Сүлеймен

Ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының түрлері.

  • Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар т.б)
  • Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы)

Бақылау

  • Бақылау
          • Әңгіме
  • Пікірлесу
  • Тест жүргізу
  • Сауалнама
  • Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың әдістері:
  • Бақылау
          • Әңгіме
  • Пікірлесу
  • Тест жүргізу
  • Сауалнама

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың формалары

  • Дәстүрлі:
  • Ата-аналар жиналыстары;
  • Жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын ұйымдастыру;
  • Тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі;
  • Балалардың үйінде болуы;
  • Ашық есік күндері;

Дәстүрден тыс

  • Ата-аналармен тренингтер өткізу;
  • Пікір сайыстар жүргізу;
  • Психологиялық демалыс сәттер
  • (разминка)
  • Дөңгелек стол
  • Ауызша журнал
  • Ата-аналар кештері
  • Ата-аналар оқулары
  • Ата-аналар рингі
  • Ашық сабақтар

Ата-аналардың педагогикалық білімін көтеру формалары

  • Педагогикалық білім беру-бұл,бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және олардың негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі

Дәрістер

  • Бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан-жақты және белгіленген жағдайға немесе құбылысқа терең талдау жасау болып табылады.

Конференция

  • Бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.
  • Тәрбиелеу мен білім беру жүйесінде ерекше маңызды болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады.
  • Мысалы: ата-ананың ролі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б тақырыптар болуы мүмкін.

Мұнда белгілі ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б міндетті түрде қатысады.

  • Мұнда белгілі ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б міндетті түрде қатысады.

Ашық есіктер

  • Ата-аналардың бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт береді.
  • Ата-ананың қатысуы оқу-тәрбие жұмыстары жайында, педагогикалық сауаттылықтарын арттырады,баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

Жеке тақырыптық кеңестер

  • Ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс –тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда және отбасымен тығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор.
  • Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы маңызды мәліметтермен таныстыру.

Баланың денсаулығының ерекшеліктері;

  • Баланың денсаулығының ерекшеліктері;
  • Бала қызығушылығымен іс- әрекетіндегі жетістіктері;
  • Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті
  • Мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
  • Мінез сипатының ерекшелігі
  • Ойын іс-әркетіндегі белсенділігі
  • Құрбыластарымен қарым- қатынас ерекшеліктері.

Бала тәрбиесі жайында өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі.

  • Бала тәрбиесі жайында өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі.
  • Ата-аналар кешті-мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге, береке бірлікке шақырады. Ол жылына бір-екі рет өткізілуі мүмкін, мұнда балалар қатыспайды.
  • Ата-аналар кештерінің ең маңыздысы мұнда олар өз балаларының достарының ата-аналармен пікірлеседі, баларының өмірлік маңызды мәселелерін талқылайды.
  • Ата-аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін тыңдауға, өзі тыңдай білуге ішкі жан дүниесімен бөлісе білуге үйренеді.
  • Ата-аналарға арналған кештер мен оқулар
  • Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдардағы дамуы.
  • Баланың ең алғашқы кітабы
  • Менің баламның болашағы?мен оны қалай көремін?
  • Менің баламның достары
  • Менің отбасымның мерекесі
  • Туған күнді қалай тойлайсыз?
  • Балаларымыздың айтатын әндері
  • Ата-аналар кештерінде мүмкін болатын тақырыптары:
  • Бұл ата-аналардың өз балаларына деген мінез-құлқын, қарым-қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс түрі. Тренингқа ата-аналардың екеуі де қатысқаны дұрыс.
  • 12-15 ата-ана қатыса алады.
  • Балабақша психологымен бірлескен жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі
  • Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер

Тренинг тақырыптары

  • Менің сүйікті ойыншығым
  • Менің сүйікті кейіпкерім
  • Балалар ойыны
  • Балалықты еске алу
  • Менің отбасым туралы көрніс
  • Компьютердің пайдасы мен зияны

Ата-аналар рингі

  • Бұл ата-аналар ұжымын бір-бірімен пікір сайысқа шақыратын ұйымдастыру формасы. Балабақшада өткізілетін “Ата-аналар ринг” педагогикалық мәселелер бойынша сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі.
  • Сұрақтарды ата-аналар алдын ала өздері таңдайды және оны топ тәрбиешілерімен кеңесе отырып дайындайды. Бір сұраққа екі отбасы жауап береді.Олардың екеуінің пікірлері екі түрлі болуы мүмкін. Олар өздері дәлелдейді,басқалары оны қолдаушы болып қол шапалақтайды. Ата-аналар екі шағын топқа бөлінеді. Осындай ринг өткізу үшін сұрақтарды ата-аналар өздері таңдайды. Бір-бірімен пікір бөліседі, рингті өздері жүргізіп жаттығады.
  • Бірінші топ Екінші топ
  • Топтың аты Топтың аты
  • Ұраны Ұраны
  • Ринг соңында қорытынды пікір айтуға дайындалады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар

  • Жоспар, іс-әрекеттің түрлеріне жоспар құрылады,іс-әрекеттің түрлеріне сәйкес кеңес,нұсқау,есеп беру, жылжымалы папка дайындау, күнделіктер жазу, отбасылық газет шығару және ата-аналарды оқу тәрбие жұмыстарына тартудың жолдарын үйренеді, дербес әркет етуге дағдыланып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығады, өмірлік дағдылары қалыптасады.

Ай сайын өткізілетін ата-аналар жиналыстары

  • Ай сайын өткізілетін ата-аналар жиналыстары
  • Ата-аналар комитетін сайлауға арналған нұсқаулық жиналыстар.
  • Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған коференциялар.
  • Берілген үлгі бойынша есеп беру
  • Ата-аналарға арналған жылжымалы папкалар.
  • Жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару.
  • Ата-аналармен қарым-қатынас стратегияларымен арнайы ұйымдастырылатын жұмыстар

Арнайы жұмыс түрі

  • Баланы бақшаға алып келгендегі және алып кеткендегі қарым-қатынас.
  • Дәптерлер, жазбалар,бақылау күнделіктері.
  • Хабарландыру тақталары.
  • Отбасылық газеттер шығару

Отбасылық мүшелерінің топқа келуі

  • Белсенділік орталықтарына ата-аналардың келіп қатысуы.
  • Отбасылық, қалалық, аймақтық семинарға отбасының қатысуы.
  • Өткізілетін ертеңгіліктерге ата-аналардың қатысуы.
  • “Әкелер мектебі” атасы, ағалары, інісін шақыру.
  • “әжелер үлгісі өнегесі” анасы, әпкесі, сіңілісі т.б
  • Спорттық мерекелерге, демалыс орындарына баруға қатысу.
  • Ойын алаңдарын ашуға,ашылуына ата-аналардың қатысуы.
  • Топ бөлмесінің дизайындық безендірілуіне ата-аналардың қатысуы.
  • “әкем,анам және мен” танымдық жарыстар.
  • Ата-аналармен өткізілетін тренингтер
  • Ата-аналармен жүргізілетін пікір терім, сауалнама қорытындылары.
  • Ұсыныс, сұраныстар негізінде арнайы кеңестер
  • Ата-аналардың ой-пікірлері
  • Балабақша ұжымының ата-аналарға арналған алғыс хаттары
  • Жақсы ұймдастырылған іс-шараларға байланысты естелік сувенирлер
  • Балбақша тыныс тіршілігіне сауатты, белсене араласатын ата-аналарды мақтау қағаздармен марапаттау

Ата-аналар жиналыстарынын өткізуге арналған нұсқаулар

  • Балабақшада ата-аналарға арналған жиналыстарды өткізуде тәжірибе барысында бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер кездеседі.
  • Жетістіктер
  • Ата-аналар жиналыстарына дайындалуы және өткізу барыснда тәрбиеленушілерінің отбасындағы тәрбие жайында толық ақпараттар алу.
  • Ата-аналар ұжымын біріктіруге,ұйымшылдыққа,береке бірлікке қол жеткізу
  • Бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ананың бірлескен іс-әректінің нәтижесінде қол жеткізіп,оның жағымды әсері мен ықпалын айқындау.
  • Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімін арттыруды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Кемшіліктер:

  • Кемшіліктер:
  • Ата-аналардың жиналысқа қатысуының белсенділігінің төмендігі.
  • Ата-анамен қарым-қатынас жасаудағы кездесетін қиындықтар.
  • Ата-аналар жиналысының өткізудегі біржақтылық: үнемі түрлендіріп,өзгертіп,жаңаша бағыт-бағдар ұстана алмауы.
  • Педагогикалық біліктілік пен іскерліктің жеткіліксіздігі.
  • Жағымсыз мәліметтер мен дұрыс емес ақпараттардың таратылуы
  • Қаржы мәселесі жайында дұрыс шешімдер қабылдану қажеттілігі.

Ата-аналар жиналысын дұрыс өткізу.

  • 1.Алға қойылатын мақсатыңыз нақты, айқын болсын.
  • 2.Жиналысқа арнайы мамандарды шақыру ең тиімді көмекші болмақ. Атап айтқанда: психолог,балалар дәрігері, ғылым –педагогтар.
  • 3.Ата-аналар жиналысының тақырыбына сәйкес осы бағыттағы алуан түрлі әдебиеттермен танысу қажеттілігі.
  • 4. Жиналысты өткізуге алдын ала дайындық (жиналысқа дейін талдауға ұсынылатын сұрақтармен таныстыру, пікірлесу,өз ойларын ортаға салуға ұсыныс жасау, сауалнама жүргізу, оны алдын-ала талдау)
  • 5. Ұйымдастыру формасы ата-аналардың белсенділігін туғызатындай қызықты, тартымды болуы шарт: іскерлік ойындар, ата-аналар рингі, шағын топтармен жұмыс, тренинг, пікірсайыс, дөңгелек үстел, отбасылық кеңес, т.б.
  • 6. Жұмыс барысында рефлексия жүргізуді ойластыру (сөз ойла,тез ойла, ойын жаттығулар).
  • 7. Жиналыс өткізетін орын таза, желдетілген болуы керек,іс-әркетке қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті және оларды қалай орналастыру қажеттілігі алдын ала ойластырылуы керек.
  • 8. Ата-аналар жиналыстарында балабақшадағы кезеңде баланың іс-әрекеті немесе мінез құлқындағы кемшіліктер жайында айтудың қажеті жоқ, оларға сенімділікпен қараңыз,кінә тағудан аулақ болыңыз.
  • 9. Баланың жақсы жағын айту сіздің міндетіңіз екенін ұмытып кетпеңіз.
  • 10. Ата-аналар жиналысына қатысушыларды мадақтауды, ризашылық білдіруді естен шығармаңыз.

Ата-аналар жиналыстарының үлгісі

  • Тақырыбы:
  • “Ашық ой мен сұрақ жауап күні”
  • Мақсаты: Ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және отбасы мәселелерін айқындау оны шешу жолдарын іздестіру.

Дайындық кезеңі:

          • Дайындық кезеңі:
  • Ата-аналарды жиналысқа шақыру, билеттер дайындау, хабарлама жасау, көрнекі хабарландыру жазып ілу.
  • - Экспресс пікіртерімге дайындық,(жасыл,сары түсті қағаздар)

Жиналыстың барысы:

          • Жиналыстың барысы:
  • 1.Балабақша меңгерушісінің кіріспе сөзі (тәрбиеші, психолог т.б) тақырыппен және жиналыстың бағдарламасымен таныстыру.
  • 2.Сәлемдесу: “Мен кіммін?”.Ойынға қатысушылар екі-екіден жұптасып, бір-біріне өздерін таныстырып қысқаша сипаттама айтады, 2 мин.Уақыттан соң олар бірі екіншісін, екіншісі бірінші адамды көпшілікке таныстырады.
  • 3. Ойын: “Біз бір-бірімізді жақсы білеміз бе?”

Ойынға арналған сұрақтар

  • 1.Отбасыңыздың ең сүйікті тағамы (әкесінің,анасының немесе баласының)?
  • 2.Бала кездеріңіздегі сүйікті іс-әрекеттеріңіз? Ол өз баласында байқала ма?
  • 3.Жұмыстан келген соң ең алдымен не істейсіз?
  • 4.Балаңыздың ең жақсы көретін қандай сапалық қасиеті бар?
  • 5.Өзіңіздің сүйікті мерекеңіз?
  • 6.Сізді балаңыз қалай атағанын қалар едіңіз?
  • 7.Өзіңіз және балаңыз қандай түстерді ұнатасыз?
  • 8.Өзіңіз мектепте қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз?
  • 9.Бала тәрбиесінде негізгі басты мәселе не деп ойлайсыз?
  • 10.Сізді не қуандырады, шаттандырады?Балаңыз неге ерекше қуанады?

Экспресс пікір терім

  • Ата-аналарға сары және жасыл түсті қағаздар таратылады.
  • Сары түс алғандар бір топ,жасыл түс алғандар екінші топқа жинақталады. Егер мүмкіндік болған жағдайға ата-аналарды әкелерді бір топқа, аналарда бір топқа бөлуге болады. Тәрбиеші төмендегі сұрақтарға жалғастырып аяқтауларын өтінеді:
  • а)Мен өз баламнан қорқамын, себебі......
  • ә) Балам мені жақсы түсінсе екен деп ойлаймын, өйткені......
  • б)Мені баламның тәрбиесі толғандырады........
  • в)Мен баламмен жеке сөйлескім келеді, себебі........
  • г) Мен қуаныштымын, өйткені.......
  • д)Мен баламды болашақта..........
  • ж) Мен өз балама ризамын, себебі......
  • Барлығы бірінші сөйлемді жалғастырып жазып болған соң тәрбиеші қағаздарды жинап алып түстегі жауаптарды оқиды, аты-жөндері аталмайды, өздері жазған жауаптар тақтаға жазылады. Қорытындысы шығарылып келесі жауаптар оқылады.

Қайтарымды ашық ой

  • Тәрбиеші ата-аналарға сұрақ қойяды.
  • Не себептен бір-бірін жақсы көретін адамдар арасында қарым-қатынаста проблемалар туындайды?
  • Себебі, бір- бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауда да, түсіне білуді де үйрену қажет, онымен “қарым-қатынас пихологиясы” атты ғылым саласы айналысады, оны оқып танысу сіздің тікелей міндетіңіз болмақ.
  • “Қайырымды ой” айтуды тәрбиеші түсіндіреді: Ол қысқа нұсқа, әрі екінші адамға қаратыла айтылуы қажет және сөзбен, ыммен, шарамен жеткізіледі.
  • Бет әлпет құбылыстарымен де жеткізуге болады.

Тәрбиешінің қорытындысы

  • Мен үшін жаңалық болды.....Мен бүгін мына мәселе туралы ойландым..... мен жиналысты басқаша өткізер едім....... Ата-аналар бұл сөйлемдерді жалғастырып аяқтайды, соңынан тәрбиеші оған топта өзі талдау жасайды.

Ескерту

  • Ата-аналарға ұсынылатын материалдар алдын ала дайындалады, кейбір сұрақ-сауалдар уақытты үнемдеу үшін алдын ала карточкаларға жазылып таратылады.
  • Ашық ойнатуға ұсынылатын материалдар мазмұны балабақшаның көкейкесті мәселелерінен туындайды және оны таңдау тәрбиешінің шеберлігіне байланысты болады.

Қайырымдылықпен қуаныш сыйлайтын күн

  • Қайырымдылықпен қуаныш сыйлайтын күн
  • Ойлану кеші
  • Мен кіммін
  • Бала құқығын қоғау парызымыз
  • Бала мінез тәрбиелеу мәселелері
  • Отбасылық үлгі-өнеге
  • Отбасылық бала тәрбиесінің маңызы
  • Балаңыз мектепке дайын ба?
  • Баланы ойлауға қалай үйретуге болады?
  • Менің үйім-менің отбасым
  • Отбасындағы еңбек тәрбиесі
  • Бала тәрбиесіндегі ойынның орны
  • Отбасылық салт-дәстүр
  • Бала денсаулығын сақтау-басты мәселе
  • Балабақша мен отбасының педагогикалық ынтымақтыстығы
  • Ата-аналар жиналысының үлгі тақырыптары

Сіз сөйлеуді қалай бастау керек? Шаршы топ алдында сөз сөйлеу алғашқыда қиындық туғызатыны белгілі.

  • Сіз сөйлеуді қалай бастау керек? Шаршы топ алдында сөз сөйлеу алғашқыда қиындық туғызатыны белгілі.
  • Дей тұрғанымен де өте маңызды,әрі құрметті. Бастапқыда тыңдаушылардың ақыл-ойы зерек, тың сондықтан жақсы әсер қалдыру керек.
  • Сөйлеу алдын ала дайындалу керек.
  • Сөйлейтін сөз қысқа да нұсқа, нақты болғаны абзал.
  • Сөз сөйлегенде бірден ең негізгі мәселенің мәнін ашудан бастаңыз.
  • Сөз сөйлеуді бастаған кезде әзіл-сықақ немесе сын пікірлер айтудан аулақ болыңыз, ол үнемі сәтті бола бермейді.
  • Сөз сөйлегенде жөнді-жөнсіз кешірім сұрау ағаттық, не айтқыңыз келеді соны нақ, дәлелді түрде айтуға тырысыңыз және әрдайым өзіңізге белгіленген орында болыңыз.
  • Сөз сөйлеуді жалған пікірлерден бастамаңыз, сөзіңіз еркін, табиғи салмақтылықпен айтылатын болсын.
  • Көпшілікті өзіңізге тарту үшін сөз сөйлеуді бастағанда төмендегі әдіс-тәсілдерді пайдаланыңыз.
  • Ата-аналар алдында сөйлеуге үйрену ережесі

Тыңдаушылардың қызығушылығын арттыра біліңіз.

  • Тыңдаушылардың қызығушылығын арттыра біліңіз.
  • Қызықты оқиғалар мен мысалдар келтіре сөйлеңіз.
  • Нақты көрнекілік көрсетуден бастап сөйлегеніңіз тиімді болмақ.
  • Тыңдаушыларға сұрақ қоюды ұмытпаңыз.
  • Сіздің тыңдаушыларыңыздың өмірімен тығыз байланысты екенін дәйекті түрде дәлелдей біліңіз.
  • Сөз сөйлеуде ойыңызды айқын жеткізу үшін ойды қарапайым тілмен түсінікті жетік айта білу керек.
  • Ойды тиянақтау үшін нақты мысалдар мен жағдаяттар қолданыңыз.
  • Сөзді аяқтауда қысқаша түйін жасауды ұмытпаңыз.

Сөйлеуді аяқтау:

  • Сөйлеуді аяқтау:
  • Сөз соңы ең маңызды стратегиялық элемент.
  • Тыңдаушылар сөз соңында айтылғанды естерінде жақсы сақтайды.
  • Ойды түйіндеу, іске кірісуге шақыру, оны орындалудың жолдарын белгілеу,
  • Тыңдаушыларға орынды мақтаулар айту, күлкіге шақыру
  • Поэтикалық жыр шумақтарын пайдалану, дәйек сөздер қолдану
  • Эмоционалдық көңіл-күйді көтеру.

жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау