Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

17
§ 4. Этнография
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  этнография  ғылымы,  этнограф-
ғалымдар  туралы  алғашқы  түсініктер  беру.  Тарихшы,  археолог,  этнограф 
ғалымдарға деген құрметтеушілік сезімді тәрбиелеу. Оқушылардың тарихи 
материалдардан негізгі ойды таба білу біліктерін дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  этнографиялық  материалдар 
бейнеленген  иллюстрациялар,  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  бейнеленген 
иллюстрацияларды пайдалану.
оқып-үйренген материалды қайталау барысында §3 соңында берілген 
сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу керек.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Этнография дегеніміз не?
2. Этнографиялық зерттеу қалай жүргізіледі?
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  түсіндірмелі  оқу  арқылы  жүзеге 
асырылады. Түсіндірмелі оқудың барысында халықтың тұрмысын, киімін, 
салт-дәстүрін  көрсететін  иллюстрациялық  материал  пайдаланылады. 
Иллюстрациялық материалға байланысты төмендегідей сұрақ-тапсырмалар 
бойынша  талдау  жасалады.  Әңгімелесуге  арналған  сұрақтар:  Этнография 
қандай ғылым? Этнограф ғалымдар немен шұғылданады? Археологтар мен 
этнограф ғалымдар қандай ортақ мәліметтер жинақтайды? Осы ғалымдардың 
зерттеу  жұмыстарында  ерекшеліктер  не  айырмашылықтар  бар  ма?  Қазақ 
халқының  қандай  салт-дәстүрін  білесіңдер?  Халықтар  бір-бірінен:  тілі, 
киімі, ұлттық тағамдары және тағы қандай белгілері арқылы ерекшеленеді? 
Оқулықта берілген суретке қарап ойларыңды дәлелдеңдер.
Жаңа материалды оқып-үйрену барысында сөздік жұмысы жүргізіледі. 
Этнография, этнограф, дәстүр сөздерінің мәні түсіндіріледі.
Сабақтың  соңында  қысқаша  жинақтап  әңгімелесу  жүргізіледі.  Оқу-
лықтағы  жаңа  сөздер  мен  олардың  анықтамасын  тауып  жазуға  арналған 
тапсырманы оқушылар жұп болып орындайды.
Оқушылар  төрт  топқа  бөлініп  жұмыс  істейді.  Топтағы  оқушыларға 
мынадай тапсырма беріледі. «Тарих», «Қазақстан тарихы», «археология» және 
«этнография» ұғымдарының анықтамасын айтып, оларға тән ортақ белгілер 
мен  айырмашылықтарды  табыңдар».  Бұл  тапсырма  тақтаға  жазылады. 
Оқушылар  өз  қалауы  бойынша  осы  ұғымдардың  қайсысын  таңдаса,  сол 
топта  жұмыс  жасайды.  Оқушылар  алдымен  оқулықты  пайдалана  отырып 
ұғымдардың мәнін, ортақ және айырмашылық белгілерін анықтайды. Содан 
кейін  әр  топтан  бір  оқушы  тақтаға  шығып,  кезектесіп  ұғымдардың  мәнін 
анықтап,  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  дәлелдейді.  Соңында 
мұғалім толықтырулар мен түзетулер енгізіп, жұмысты қорытындылайды.


18
Кесте: «тарих», «Қазақстан тарихы», «археология», «Этнография» 
ұғымдарының  анықтамасын  жазып,  ортақ  және  айырмашылық 
белгілерін табыңдар.
ұғымдар
анықтамасы ортақ белгілері айырмашылықтары
Тарих
Қазақстан    
тарихы
Археология
Этнография
Үйге тапсырма: §4. «Этнография» тақырыбын оқып-үйрену, сұрақтар 
мен тапсырмаларға ауызша дайындалып келу. «Білімпаздар үшін» материалы 
бойынша 2 оқушыға әңгіме дайындап келу тапсырылады.
§ 5. өлкетану
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  «өлке»,  «өлкетану»  туралы  түсі-
нігін,  бастапқы  ұғымын  нығайту  және  кеңейте  түсу.  Бұл  түсініктердің 
мазмұнын оқушыларға түсінікті және көкейіне қонымды мысалдар арқылы 
жеткізу  олардың  өлкеге  деген  сүйіспеншілік  сезімін  тәрбиелеуге  септігін 
тигізеді.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: «Туған өлке», «Туған жер» туралы 
бейнефильм, иллюстрациялық материалдар, «Біздің өлке» кестесі, карта.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  жұмысы  үйге  берілген 
сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Өлке.
2. Өлкетану.
3. Өлкетану мұражайы.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  өлке  туралы  иллюстрациялық  мате-
риалдар бойынша әңгімелесумен және оқушылардың оқулықпен жұмысы-
мен ұштастырылады.
Оқулық мәтіні оқушылардың тапсырманы орындауына және ойларын 
дамытуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  оқушылар  оқулық  мәтінімен 
танысып шыққан соң, жұптасып, топта немесе барлық сынып болып төменде 
берілген сұрақтарға жауап беру үшін ізденіс жасайды.


19
Тақтаға төмендегідей сұрақтар жазылады:
1. Тақырыпта қандай мәселе қарастырылады?
2. Өлке тақырыпшаларында сендерге қандай нәрселер жаңалық (тың) 
болып  табылады?  «Өлке»  тақырыпшасының  қай  тұстары  сендерді  таң 
қалдырады?
3. Осы тақырыпшада айтылғанның барлығымен келісесіңдер ме? Жоқ 
әлде келіспейтін мәселелер бар ма?
Оқушылар осы сауалдар бойынша жауап іздейді, сөйтіп, тақырыпша-
дағы жалпы идеяны анықтайды.
Әрбір оқушы топпен жұмыс істей отырып, осы оқып шыққан тақырыпша 
бойынша өздігінше сұрақ құруы керек. Әр оқушы сұрақ дайындайды. Осы 
сұрақты  ол  бүкіл  сыныпқа  не  жанындағы  серігіне  қояды.  Осыдан  кейін 
барып олар өздерінің сұрағына өздері жауап береді. Мұғалім оқушылардың 
дайындап келген сұрақтарына және  оны басқа оқушыларға  қойған  кезде 
әрдайым  қолдау  жасап  отырғаны  жөн.  Оқушыларға  өздігінен  қорытынды 
жасауды үйретуге, мәтіндегі негізгі ойды табуға көмектесу қажет.
«Өлкетану»  тақырыпшасын  оқып-үйренуде  оқушылар  рөлдік  ойынға 
қатысады. Әр оқушы оқулық мәтінін кезектесіп дауыстап оқиды. Ал мәтінді 
оқымаған басқа оқушылар бақылаушылар рөлінде болады. Оқушылардың 
әрқайсысы  оқулық  мәтінін  оқып  болған  соң,  талдау  жасайды.  «Өлке  – 
мемлекет иелігіндегі жер» дегенді қалай түсінесіңдер? Өлкетану дегеніміз 
не?  Мұнда  оқушылардың  өзара  қарым-қатынасы  мен  өзара  әрекеттеріне 
назар аударамыз.
Мектепте өлкетануға арналған мұражай болса, сонда барып, 10–15 ми-
н ут өлкетану туралы оқушылар білімін тереңдетуге мүмкіндік бар. Мұндай 
сабақтар оқушыларды туған өлкеге, оның адамдарына деген сүйіспеншілікке 
тәрбиелеуге және туған өлке жайлы білімдерінің тереңдей түсуіне септігін 
тигізеді.
Мұғалім  «Өлкетану  мұражайына»  саяхатты  ойша  елестету  арқылы 
әңгімелеп  береді.  Содан  кейін  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер:  тарихи, 
археологиялық,  өнер,  тарихи  ескерткіштер  туралы  мәтінді  оқушылар 
оқулықтан  іштей оқып танысады. 
Сабақ  соңында  мұғалім  сабақты  қорытындылап,  оқушылар  білімін 
бағалайды.
Үйге тапсырма: §5. «Өлкетану» тақырыбымен танысу, ондағы сұрақтар 
мен тапсырмаларға дайындалып келу. 


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау