Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет8/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44

23
және  көзқарастарына  қарай  мұғалімге  қызықты  мәліметтер  береді.  Адам 
баласы әрқашан уақытты дұрыс анықтап, бағыт алуға ұмтылады.  Ол үшін 
адам уақытты есептейді, бөледі және алып тастайды.
Осы үш сөзді тақтаға жазған дұрыс. Оқушылармен төмендегі сұрақтар 
бойынша  әңгіме  жүргізіледі.  Уақыттың  қандай  өлшемдерін  білесіңдер? 
Адамзат  тарихын  оқып-үйрену  үшін    қандай  уақыт  алынады?    Қалай 
ойлайсыңдар,  адамдар  алдымен  қандай  уақыт  өлшемін  ойлап  тапты? 
Неліктен?
Оқушыларға  сұрақ  қойылады:  Адамға  неліктен  дәл  жыл  санау  қажет 
болды?  Қандай  оқиғалар  түпкі  жыл  санау  нүктесі  болып  табылады?  Мұ-
ғалім  оқушылардың  ойын    тыңдаған  соң,  оларға  оқулық  мәтінін  оқып 
шығу  тапсырылады.  Оқушылар  ғасырдың  бірінші  және  соңғы  жылдарын 
шатастырмау  үшін  оларға  мына  мәселелерге  ерекше  назар  аудару  керек. 
Біздің заманымыздағы ғасырлар әрдайым 01 жылымен басталып, 01 жылы-
мен аяқталады. Осыған байланысты б.з.б. 1 ғасыр б.з.б. 100 жылы басталады 
да, б.з.б. 1-жылы аяқталады. Оқушылар қателесіп, көпшілік жағдайда б.з.б. 
соңғы жылды  б.з.б. «нөлдік» жылы деп есептейді. Мұғалім б.з.б. жылдың 
соңғы 1-жылы аяқталып, «нөлдік жылы» жоқ екенін түсіндіруі қажет.
Оқушылар біздің заманымыздан бұрын болған оқиғалардың даталарын 
есептеуде  жиі  қателесетіндіктен,  басқа  алдағы  тақырыптарды  (мысалы, 
сақтар,  ғұндар  туралы  тақырыптарды  оқу  барысында)  оқып-үйренгенде 
тарихи даталармен жұмысты ұдайы жүргізіп отырғаны жөн. 
Содан  кейін  мұғалім  оқулықтағы  және  тақтада  көрсетілген  уақыт 
сызығымен  жұмысты  түсіндіреді.  Түрлі  уақыт  сызығына  байланысты 
есептер шығарып көрсетеді. Есептер шығаруда оқушылар қатыстырылады.
Сабақты  пысықтау  барысында  тақтада  не  үлкен  қағазда  жазылған 
проблемалы сұраққа оқушылар жауап береді.  Сабақ барысында оқулықтағы 
қосымша есептер бойынша жұмыс жүргізіледі және үйге осы тапсырмаларды 
аяқтап келу тапсырылады.
Үйге  тапсырма:  §7.  «Жыл  санау»  тақырыбымен  танысу  және  оған 
берілген сұрақтар мен тапсырмаларға  дайындалып келу.
       
§8. тарихи карта
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  карта,  картаның  шартты  белгілері, 
картамен  жұмыстың  маңызы  туралы  мәселелерді  ашып  көрсету. 
Оқушылардың тарихи кеңістік туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың 
тарихи  құбылыстарды  салыстыра  білу  біліктерін  дамыту  жұмысын 
жалғастыру.


24
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  физикалық  карта,  Қазақстан 
Республикасының әкімшілік картасы.
Оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақ-тапсырма-
ларға  негізделеді.  
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
Карта тарихы. 
Картадағы қазақ жері туралы мәліметтер. 
Картаның маңызы.
Практикалық сабақ түрінде өткізіледі.
Ұзақ  жылдар  сабаққа  қатысу,  оқушылар  білімін  тексеру  олардың  бі-
разының тарихи картаны, ондағы объектілерді дұрыс көрсете алмайтынына 
көз жеткізді. Оның көптеген себептері болуы мүмкін, соның бірі – мектепте 
тарихи  оқиғаларға байланысты карталардың жетіспеуі, ал кей мектептерде 
карталар  өте ескірген, не болмаса мүлдем жоқ. 
Бұл  мәселені  шамалы  болса  да  шешуге  электронды  оқулықтар  кө-
мектесе  алады.  Мысалы,  «Қазақстан  тарихы»  деп  аталатын  электронды 
оқулықта сонау көне заманнан бүгінгі кезеңге дейінгі кең ауқымды тарихи 
материалдар,  иллюстрациялар,  карталар,  түрлі  сызбалар  мен  тестілер, 
олардың жауаптары  сияқты қажетті материалдар баршылық.
Сабақта  тарихи  кеңістік  бойынша  жұмыс  жүргізгенде  оқушылардың 
есінде  жақсы  сақталатындай  борлы  карта-сызбасын  пайдаланған  орынды.  
Мұғалім қолына бор алып, оқушыларға Қазақстан Республикасының аста-
насына, солтүстік пен оңтүстікке, батыс пен шығысқа, облыс орталықтарына 
«ойша саяхат» жасайтындарын айтады. Мұғалім бормен тақтаға Қазақстан 
Республикасының  шекарасын,  Астана  қаласын,  содан  кейін  Алматы 
қаласын белгілейді. Содан кейін солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, орталық 
облыстарды атап, сол аймақтарды, осы өңірдегі ірі өзендер мен таулардың 
суретін  салып  белгілейді.  Батыс  облыстар  аталып,  Каспий  теңізі,  Жайық, 
Тобыл өзендерін сызып көрсетеді. Содан кейін Арал теңізін, Балқаш көлін, Іле 
Алатауын, Сарыарқа даласын, Қарағанды көмір бассейнін, Алтай тауларын,  
Ертіс, Есіл өзендерін, Жетісудың жеті өзенін, Мұғалжар тауларын, Түркіс-
тан қаласын, Байқоңыр ғарыш айлағын, т.б. тізбектерін белгілейді.
Борлы сызбамен жұмыс істеу оқушылардың картографиялық білімдері 
мен біліктерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Мұғалім ең басты объек-
тілерді оқушыларға нақты сызып көрсету арқылы, олардың картаны дұрыс 
пайдалана білуіне көмектеседі.
Жаңа  сабақты  оқып-үйрену  оқушылардың  оқулықтағы  пәнаралық 
байланысқа арналған сұрақтарға жауап беруден басталады.
Мұғалім  карта  тарихы  және  картадағы  қазақ  жері  туралы  тақы-
рыпшаларды оқушыларға түсіндіреді. 


25
Содан  кейін  оқушылар  үш  топқа  бөлініп,  «Картаның  маңызы»  деген 
тақырыпшаны әркім ішінен оқып шығады. Әр топ оқушылары осы оқылған 
тақырыпша бойынша өздігінше сұрақ құрастырады. Осы сұрақты ол алдымен 
жанындағы парталас серігіне қояды, содан кейін өз тобына қояды. Осыдан 
кейін  сұрақ  дайындаған  оқушылар  өз  сұрағына  өздері  жауап  қайтарады. 
Мұғалім,  тікелей  осы  тақырыпша  бойынша  оқушылар  өздері  дайындаған 
және сыныптастарына қойған сұрақтарды қолдап отырғаны жөн.
Оқушылар  оқулықта  қойылған  сұрақтарға  жауап  береді.  Картамен 
жұмыс жүргізіледі: Картаны білу не үшін қажет? Географиялық және тарихи 
картаны салыстырып, оларға не ортақ және қандай айырмашылықтары бар 
деген сауалға карталарды салыстыра отырып жауап береді.
Оқушылар  жұмыс  дәптерлеріндегі    тапсырмаларды  өздігінше 
орындайды. Мұғалім тексереді.
Үйге  тапсырма:  §8  «Тарихи  карта»  тақырыбын  оқып,  сұрақтарына 
жауап  дайындау,  оқулықта  берілген  қосымша  тақырыпты  оқып  танысу   
тапсырылады. 
             
§9. Қазақстан әлем картасында 
сабақтың мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныптарда Қазақстан 
Республикасының аумағы, ірі қалалары, қандай мемлекеттермен шектесетіні 
туралы алған білімдерін одан әрі толықтыру және жүйелеу. «Топонимика» 
ұғымын қалыптастыру үшін жұмыс жүргізу. Оқушылардың отансүйгіштік 
сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Оқушылардың  тарихи  құбылыстарды 
салыстыру біліктерін дамыту үшін жұмыс жүргізу.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  Қазақстан  Республикасының 
картасы,  еліміздің  жер-суы,  өзен-көлдері,  таулары,  табиғат  жағдайлары 
бейнеленген иллюстрациялар мен бейнефильм, электронды оқулық.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмаларға және мұғалімнің қосымша сауалдары негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстан аумағы.
2. Топонимика.
Бұл  сабақ  оқушылармен  жұп  болып  практикалық  жұмыс  жасауға 
негізделіп жүргізіледі. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. 
Мұғалім  тапсырмасы  бойынша  Бірінші  топ  оқушылары  оқулықтың 
«Қазақстан  жерінің  аумағы»  деп  аталатын  тақырыпшасын  ашып,  ондағы 
картамен жұмысқа арналған тапсырманы орындайды.
Екінші  топ  оқушыларына  «Білімпаздарға  арналған  материалмен» 
танысып, ондағы негізгі ойды айтып беру тапсырылады.


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау