35
іі Бөлім. тарихҚа саяхат
§15. Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы
адамдар мен ежелгі тайпалар
сабақтың мақсаты: оқушыларды алғашқы адамдардың өмірімен,
еңбегімен және тұрмыс-салтымен таныстыру. Ертедегі адамдардың өмірі
мен тұрмыс-салты туралы тарихи нақты материал адамның адал еңбегі
туралы ұғымды қалыптастыра бастауға мүмкіндік береді. Сабақ материалы
оқушылардың еңбек адамына деген сезімін тәрбиелеуге көмектеседі.
Оқу материалы еңбек адамдарына деген құрмет сезімін тәрбиелеуге
септігін тигізеді. «Ру», «тайпа» ұғымдарын қалыптастыру жұмысы баста-
лады. Оқушылардың тарихи құбылыстарды сипаттау біліктерін дамытуда
жұмыс жүргізу керек.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: алғашқы адамдардың өмірі мен
тұрмыс-тіршілігі бейнеленген иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы қайталауға арнал-
ған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Адамның пайда болуы және оның дамуы туралы.
2. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдар.
3. Алғашқы адамдардың қоныстары.
4. Алғашқы адамдардың шаруашылығы (кәсібі).
5. Алғашқы адамдардың діни сенімдері.
Жаңа материалды оқып-үйрену иллюстрациялық материалды талдауға,
мұғалімнің алғашқы адамдардың өмірі туралы әсерлі әңгімесіне, «ойша
саяхатқа», картамен жұмысқа, оқулық мәтінін оқу және талдауға, жұмыс
дәптерімен жұмысқа негізделіп өткізілуі мүмкін. Бірінші тақырыпша бойынша
мұғалімнің түсінікті әңгімесі картамен ұштастырылады.
Алғашқы адамдардың қоныстары, шаруашылығы (кәсібі) және діни
сенімдері туралы иллюстрациялық материалды пайдалану сабаққа өзіндік
әсер етеді әрі оқушылардың жаңа материалды ойдағыдай меңгеруіне ықпал
жасайды.
Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөліп, «Алғашқы адамдар» туралы
материалмен таныстырады. Содан кейін әрқайсысына тапсырма береді.
Бірінші топ оқушылары әңгімелесуге дайындалады. Алғашқы адамдар
дегеніміз кім? Олардың өмірі жайлы мағлұматтарды біз қайдан білеміз?
Алғашқы адамдар қандай аумақты мекендеген? Олар жайлы сендер не
білесіңдер?
36
Екінші топ оқушылары мынадай сұрақтарға жауап дайындайды:
Алғашқы адамдардың өмір-тіршілігі қандай болған? Олардың сырт пішініне
сипаттама беріңдер. Алғашқы адамдар мал шаруашылығынан басқа тағы
немен шұғылданған? Олар немен тамақтанды деп ойлайсыңдар?
Үшінші топ оқушылары тақтаға ілінген иллюстрациялық материал
негізінде алғашқы адамдардың тұрмыс-салты бойынша әңгімеге дайын-
далады. Суреттерге қарай отырып, алғашқы адамдардың тұрған жайы қандай
болғанын суреттеңдер. Алғашқы адамдар немен айналысып жатқанын айтып
беріңдер (мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, балық аулау, аңшылық кәсібі
туралы). Олар қандай еңбек құралдарын пайдаланғанын айтып беріңдер.
Төртінші топ оқушылары «Алғашқы адамдардың діни сенімдері»
деген тақырыпта сипаттама дайындап, тақырыпшаның күрделі жоспарын
жасайды.
Содан кейін оқушылар жауаптары талданып, толықтырылады. Мұғалім
тапсыруы бойынша 3 оқушы бірінен соң бірі оқулықтағы мәтінмен танысып,
дауыстап оқып шығады. Оқулықта берілген тапсырмалар негізінде жұмыс
жүргізіледі. Оқушылар «Қазақстан жерін ертеде мекендеген адамдар мен
тайпалардың өмірі мен тұрмысы» атты кестені оқулық мәтіні негізінде
өздігінше толтыруды бастайды.
Кесте: «Қазақстан жерін ертеде мекендеген тайпалар дың өмірі мен
тұрмысы»
тайпалар Шаруа-
шылығы
Қоғамдық
құрылысы
ішкі, сыртқы
саясаты
кәсібі
діни
нанымдары
Сақтар
Ғұндар
Түрік
тайпалары
Бұл тапсырманы орындауды осы сабақта бастап, келесі сабақтарда
жалғастырады.
Сабақты бекіту мақсатында жұмыс дәптерімен жұмыс жасалады.
Үйге тапсырма: §15. «Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы адам-
дар мен ежелгі тайпалар» тақырыбын оқып шығу және сұрақтар мен
тапсырмаларға дайындалып келу.
37
§16. сақтар
сабақтың мақсаты: оқушыларды сақ тайпаларының өмірімен,
еңбегімен және тұрмыс-салтымен таныстыру. Ертеде Қазақстан аумағын
мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да тайпалардың қазақ халқының
арғы ата-тегі болғанын ашып көрсету. Ертедегі сақ тайпаларының өмірі мен
тұрмыс-салты туралы тарихи нақты материал адамның адал еңбегі жайлы
ұғымды қалыптастыра бастауға мүмкіндік береді.
Оқу материалы еңбек адамдарына деген құрмет сезімін тәрбиелеуге
септігін тигізеді. «Патша», «көсем», «ақсақал» ұғымдарын қалыптастыру
жұмысы басталады. Оқушылардың тарихи құбылыстарды салыстыру білік-
терін дамыту жұмыстары.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық картасы, сақтардың өмі-
рі мен тұрмыс-тіршілігі бейнеленген иллюстрациялық материалдар, «Ал-
тын адам» атты электронды оқулықтан үзінді.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы қайталауға арнал-
ған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Сақ тайпалары.
2. Сақтардың шаруашылығы (кәсібі).
Жаңа материалды оқып-үйрену иллюстрациялық материалды талдауға,
мұғалімнің сақтардың өмірі туралы әсерлі әңгімесіне, «ойша саяхатқа»,
картамен жұмысқа, оқулық мәтінін оқу және талдауға, жұмыс дәптерімен
жұмысқа негізделіп өткізілуі мүмкін.
Бірінші тақырыпша бойынша мұғалім оқушыларға сақтар қазақтардың
ата-тегі екендігіне тоқталып, олардың мекендеген аумағын картадан
көрсетіп, сақтар туралы деректерде не айтылғанын баяндайды.
«Сақтардың шаруашылығы» деп аталатын тақырыпшаны оқып-үйрену
практикалық жұмыс негізінде жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп, әрқайсысына тапсырма береді.
Бірінші топ оқушылары оқулық картасы негізінде әңгімелесуге дайын-
далады. Сақтар дегеніміз кім? Олардың өмірі жайлы мағлұматтарды біз
қайдан білеміз? Сақтар қандай аумақты мекендеген? Олар жайлы грек, парсы
деректерінде не айтылады?
Екінші топ оқушылары мынадай сұрақтарға жауап дайындайды:
сақтардың өмір-тіршілігі қандай болған? Олардың сырт пішініне сипаттама
беріңдер. Сақтар мал шаруашылығынан басқа тағы немен шұғылданған?
Олар немен тамақтанды деп ойлайсыңдар?
Үшінші топ оқушылары тақтаға ілінген иллюстрациялық материал
негізінде сақтардың тұрмыс-салты бейнеленген суреттер бойынша әңгімеге
Достарыңызбен бөлісу: |