БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Mastercard пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытпақ
15 маусым 2017 Астана қ.
Астана экономикалық форумы аясында Mastercard халықаралық төлем жүйесі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасында инновациялық төлем технологияларын енгізу мен қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Меморандумға Mastercard-тың Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армениядағы басшысы Алексей Малиновский мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды.
Серіктестер қаржы орталығының инновациялық инфрақұрылымын дамытуды, оның ішінде замануи төлем технологияларын белсенді пайдаланбақ. Меморандумға қол қою рәсімі Астана Экономикалық Форумы аясында өткен технологиялардың қаржы орталықтарының дамуына әсер етуі туралы сессиядан кейін жасалынды.
«Заманауи төлем технологияларының кең таралуы кәсіпкерлер, қаржылық ұйымдар мен мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер бермек. Mastercard ұсынатын шешімдер әртүрлі салаларда: қала мен аймақты басқару, транспорт, қызмет көрсету саласы, туристік бизнес, білім саласында пайдаланылады. Mastercard пен АХҚО арасындағы серіктестік Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономиканың дамуындағы маңызды қадам болмақ»,-деді Mastercard-тың Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армениядағы басшысы Алексей Малиновский.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Біз Mastercard-пен арадағы ынтымақтастықты қолдаймыз, себебі, сол арқылы қаржы орталығының резиденттеріне технологиялық және тиімді орта құру бойынша экспертиза мен халықаралық тәжірбиеге қол жеткізе аламыз. Бұл АХҚО-ның сәтті дамуына әсер етеді және Қазақстан бойынша болашақтың ақылды қалаларының инновациялық инфрақұрылымының алаңқайы ете алады»,-деді.
Серіктестіктің маңызды бөлігі қаржы қызметінің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін біріккен жұмыс, ол өз кезегінде әлеуметтің қаржылық сауаттылығының өзегі болмақ.
Осы мақсат үшін тараптар білім бағдарламалары мен кампанияларын құруды жоспарлап отыр.
Мұнан өзге, Mastercard АХҚО финтех-стартаптары акселераторын құруды қолдайды, осы арқылы бұл салаға өзінің ерекше ғаламдық тәжірбиесін әкелмек.
Mastercard Қазақстанда 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді және біртіндеп мемлекеттің қолма-қал ақшасыз экономикасын дамытуда.
Төлем жүйесі Қазақстан нарығында инновациялық төлем шешімдерін енгізу үшін ірі банктермен, сауда-сервистік кәсіпорындармен және нрықтың өзге де қатысушыларымен жұмыс істеп келеді. Тек соңғы жылдары төлем жүйесінің банк-қатысушыларының саны екі есеге артты.
Жаңа банктерді қосуға, технологиялық және өнімдік инновацияларды енгізуге қатысты жұмыстар жалғасып жатыр.
Ақпарат үшін
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
www.aifc.kz
Mastercard
Mastercard (NYSE: MA) http://www.mastercard.com/kz/consumer/index.html – ғаламдық төлем индустриясында жұмыс істейтін технологиялық компания.
Mastercard төлемдерді тез өңдейтін әлемдегі ең жылдам құрылым, ол 210 ел мен аумақтағы тұтынушыларды, қаржы институттарын, сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскер құрылымдарын біріктіреді.
Mastercard шешімдері мен өнімдері күнделікті талаптарды, мәселен, сауда жасау, саяхаттау, бизнес атқарып, қаржыны басқару секілд іс-шараларды жылдам, оңай, қауіпсіз және тиімді шеше алады.
Mastercard Баспасөз қызметі:
Елена Пророкова
+7 (495) 937-77-10
elena.prorokova@mastercard.com
Қазақстандағы Mastercard офисі:
Ирина Носкова
Тел: +7 (727) 264 67 37
noskova@pressclub.kz
АХҚО Қоғаммен байланыс қызметі
Гульнара Муханова
Тел: +7 (7172) 61 37 28
+7 701 318 60 32
g.mukhanova@aifc.kz
Достарыңызбен бөлісу: |