Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет6/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
34
практикалық нұсқаулық
тЕСт 
1.  Интернет-басылымдағы  жаңалық  газеттегі  жаңалықтан  еш  ерекшеленбейді  деген 
дұрыс па? 
a.  Толықтай дұрыс, интернет-басылымдағы жаңалық пен газеттегі 
       жаңалықтың еш айырмашылығы жоқ 
b.  Жартылай дұрыс, азғантай айырмашылық бар
c.  Дұрыс емес, үлкен айырмашылық бар
2. Интернет-басылымдағы жаңалықтың қызметі не? 
A.  Оқырманға ақпарат беру
B.  Оқырманның көңілін көтеру 
C.  Оқырманның көзін ашу 
D.  Оқырманның көңілін жайландыру
3. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз: 
A.  Интернеттегі жаңалық шапшаң жазылуы керек 
B.  Интернеттегі жаңалық қысқа да нұсқа болуы керек 
C.  Интернеттегі жаңалық оқырманға түсінікті болуы керек 
D.  Интернеттегі жаңалық әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша жазылуы керек 
4.  Танымал  блогер  банк  ғимаратында  өрт  шыққаны  туралы  хабарлама  жариялады. 
Сіздің әрекетіңіз (дұрыс нұсқаларын таңдаңыз): 
A.  Сол арада жаңалықты жариялап жіберемін, танымал блогер өтірік айтпайды
B.  Жаңалықты жариялаймын, содан кейін өрт сөндіру қызметіне хабарласып, оны тексеремін
C.  өрт сөндіру қызметіне хабарласып, олар растағаннан кейін ғана жаңалықты     
     жариялаймын
D.  өртті көрген басқа да адамдарды іздеп, әзірге жаңалықты жарияламай тұра тұрамын
5. Басылымыңыздың журналисі ірі жол апатына куә болып, оны редакцияға хабарлады. 
Редакцияның әрекеті (дұрыс нұсқаларын таңдаңыз): 
A.  Журналист хабарлаған ақпаратты қолданып, жаңалықты жариялайды
B.  Жаңалықты жариялап, оқырманға егжей-тегжейін кейінірек хабарлаймыз дейді
C.  Сол жол апаты туралы полицияның ресми баспасөз хабарламасын күтіп, содан кейін барып 
жаңалықты жариялайды 
D.  Жол-көлік оқиғасының басқа да куәгерлерін іздейді
6.  Сізбен  бәсекелес  басылым  экономика  министрі  отставкаға  кеткені  туралы  жазды. 
Сіздің әрекетіңіз (дұрыс әрекет нұсқаларын таңдаңыз): 
A.  Бәсекелес басылымға сілтеме жасап жаңалықты жариялайсыз
B.  Бәсекелестің жаңалығын көшіріп жариялап, «маған оны ақпарат көзі хабарлады» деймін – 
түбінде расталатын ақпарат қой. 
C.  өзімнің ақпарат көздеріме хабарласып, олар растаса – соларға жаңалықты сілтеме жасап 
жариялаймын 
D.  Отставка туралы ресми хабарламаны күтіп, жаңалықты содан кейін ғана жариялаймын


ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
35
7. Мына тақырыптардың қайсысы «жаға ұстатады» және іскер немесе кәсіби интернет-
басылымда қолданылмауға тиіс (мүмкін нұсқаларының барлығын таңдаңыз)? 
A.  Баян Есентаева тұрмысқа шығады 
B.  Баян Есентаеваның көңілдестігі некеге ұласпақ 
C.  Есентаева алдағы жоспарларын айтты 
D.  Баян Есентаева жалғыздықпен қош айтысты  
8. Интернет-басылымдағы жаңалықтың лиді қандай болуы керек? 
A.  іскер және ресми
B.  не, кім, қайда, қашан деген сұрақтарға жауап беретін
C.  Көңіл көтеретін 
D.  Қызғылықты
9. Қашаған кен орны қайтадан іске қосылатыны туралы жаңалықтың бэкграунды қандай 
болғаны дұрыс? 
A.  Кен орны қашан ашылғаны туралы ақпарат
B.  Кен  орнының  жұмысы  апат  салдарынан  тоқтағаны  және  ол  апат  қашан  болғаны  туралы 
ақпарат
C.  Кен орнын игеру құқықтары кімге тиесілі екені туралы ақпарат 
D.  Жоғарыда аталғанның барлығы
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз. 
ГлОССаРИй 
Веб
 — интернет 
Интернет-басылым, интернет-БАҚ 
— интернетте жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат 
құралы 
Аккаунт
 
– әлеуметтік желі қолданушысының профайлы 
Фейк
 
— жалған ақпарат 
лид 
— жаңалықтың/мақаланың алғашқы абзацы 
Бэкграунд
 
— анықтама ақпарат 
 


ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
36
практикалық нұсқаулық
Авторы   
михайло Кольцов
Жұмыс орны/қызметі  
 Stopfaкe.org жобасы, администратор


ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
37
ФаКтчЕКИнГ ПЕн ВЕРИФИКацИя – 
ЖуРналИСтІң ҚұРалы
«Фактчекинг»  және  «верификация»  ұғымдары  журналистердің  лексиконына  жақында  ғана  ен-
генімен, олардың астарында журналист мамандығына тән шынайы фактілерді ұсыну және бұрма-
ланбаған ақпаратты жеткізу сынды негізгі машықтар жатыр. Ендеше, осының бәрін «фактіні тексе-
ру» деп атай салып, бұл ұғымдарды кәдімгі сәнге ілесу және кірме сөздер деп тануға болмай ма?
Алайда,  мәселенің  тамыры  тереңде,  ең  алдымен,  «журналист»  түсінігінің  аясын  анықтауда.  Он 
жыл бұрын ғана журналист деп тек басылымның редакциясында жұмыс істейтін және соған сәй-
кес кәсіби білімі бар адам аталатын. Бірақ, әлеуметтік желі платформаларының дамуы мен мобайл 
құрылғылардың кең таралуы бұл ұғымға біршама өзгеріс енгізді. Әлеуметтік желілер платформала-
ры адамның нені біліп, нені білмейтінін анықтай бастаған ақпараттық сүзгіге айналды. Онда әр күн-
нің ақпараттық хаттамасын жасап қана қоймай, шартты түрде қабылданатын ақпараттық көзқарас 
қалыптастыра  бастаған  «пікір  көшбасшылары»  мен  «блогерлер»  мәдениетін  жасады.  Смартфон-
дардың таралуы қандай да бір оқиғаның еріксіз куәгері болған адамдар түсірген фото мен видеоны 
редакцияның фототілшісі түсірген фотосуреттерге қарағанда анағұрлым құнды етті. 
Ақпарат арналарының дәл осылай өзгеруі фактчекинг пен верификацияның маңызы артуына алып 
келді. өйткені, енді сіз ақпаратты жарияланбай тұрғанда емес, ол әлеуметтік желілерде, электрон 
медиада, тіпті, телеарналар эфирінен лезде таралып кеткеннен кейін барып қана тексеруге мәжбүр-
сіз.  Әйтсе де, осы тарауда сипатталатын верификация алгоритмдері мен фактчекинг техникасын 
материалдарды  жариялағаннан  кейін  емес,  жариялағанға  дейін  көбірек  қолданарсыздар  деген 
үмітім бар. 
 
ФЕйК ДЕГЕн нЕ ЖӘнЕ ОлАр ҚАнДАй БОлАДЫ?
Көбінесе жалған ақпарат мәтін, фотосурет немесе видео (не болмаса, осы аталған тәсілдердің қо-
сындысы) түрінде таралады және ол не жаман ниеттен, не біліксіздіктен шығады. Ондай жалған 
ақпараттың кез келген түрін фейк деп атаймыз және былай жіктейміз: 

өСЕК.
 Оны көбінесе «сарыжағал» басылымдар пайдаланады және негізінен танымал тұлғалар-
дың жеке өміріне қатысты болады. өсек рас та, өтірік те болуы мүмкін, бірақ, басты сипаты – оның 
шын не өтірік екенін растайтын сенімді ақпарат көзі болмауы.

ОйДАн  ШЫғАрЫлғАн. 
Аудиторияның  эмоциясына  әсер  етуге  арналған,  ешқандай 
шынайы негізі жоқ толықтай өтіріктен құралған ақпарат. Әлеуметтік эксперимент жүргізу, жеке бас 
деректерін жинап алу мақсатымен немесе сатира үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай ойдан шыға-
рылған жалған ақпаратқа мысал ретінде үш омырауы бар әйел туралы жаңалықты атауға болады. 
Ол Крейг Сильверманның әлеуметтік желілерде фейк ақпарат оларды жоққа шығаратын жарияла-
нымдарға қарағанда көбірек таралатынын дәлелдеген зерттеуіне негіз болды.

нАСИХАТ ЖӘнЕ ЖАҢЫлДЫру.
  Ойдан шығарылған ақпарат коммерциялық немесе 
зерттеу жүргізу мақсатын көздесе, насихат тек саяси мүдде үшін жасалады. Үш омырауы бар әйел 
туралы ойдан шығарылған өтіріктен ешкімге зиян келмеді, ал насихат пен ақпараттан жаңылдыру 
әлдекімді өлтіріп тынуы да мүмкін. Ақпарат көздеріне, ең алдымен журналистерге деген жаппай 
сенімсіздік туғыза отырып, насихат факт пен ойдан шығарылған өтіріктің ара-жігін өшіріп қана қой-
май, қандай да бір әлеуметтік институттарға деген сенімді жойып, саяси оқиғаларға деген белгілі бір 
көзқарасты аса танымал ететіні соншалық, демократия құралдары қызметін атқара алмай қалады. 
насихаттың 14 сипаты жайында «медиакритика» басылымы жариялаған материалдан оқи ала-
сыздар. (http://mediakritika.by/article/3579/14-priznakov-propagandy-kotorye-dolzhen-znat-kazhdyy).


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау