Пәні: Математика Қызылорда, 2016ж. Дарынды оқушылармен жұмыс



жүктеу 85,5 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі85,5 Kb.
#5255

№140 қазақ орта мектебі

Баяндама

Тақырыбы: Дарынды оқушылармен жұмыс

Аты-жөні: Жақыпова Бибіткүл Жүсіпқызы

Пәні: Математика

Қызылорда, 2016ж.
Дарынды оқушылармен жұмыс
«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті жаңалықты ашуға көмек беру қажет»    

                                                                                   Г. Галилей


            Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», - деп  атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

            Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз-парызы.



 Міндеттері:

·         Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау·        

 Балалардың кәсіби және  жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету

 Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату



Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға

Дарындылық анықтамасы:

·         Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады

·         Іс-әрекеттің  жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.

·         Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті

·         Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы

·         Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар



Дарынды баланың сипаттамасы:

·         Интелектуалды сферасы

·          Білімділік өрісі

·         Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді

 Дарындылық үш параметрмен анықталады:

·         Танымдық жеке дамуы.

·         Психологиялық жеке дамуы.

·         Физикалық дамуы.

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы  жұмыс жоспары:




Өткізілетін іс-шаралар

Өткізетін уақыты

Жауапты мұғалім

1

Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

кыркүйек

Пән мұғалімі

2

Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

Жыл бойы

Пән мұғалімі

3

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жыл бойы

Пән мұғалімі

4

Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жыл бойы

Пән мұғалімі

5

Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

Кезеңінде

Пән мұғалімі

6

Кенгуру, Ақбота интеллектуалдық марафонға қатыстыру

Кезеңінде

Пән мұғалімі

7

Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту

Жыл бойы

Пән мұғалімі

8

Пән мұғалімдері дарынды оқушылардың шығармашылығын жинақтайтын портфолио жасау

Жыл бойы

Пән мұғалімі

9

«Дарынды балалармен жұмыс таныстырылымы» айлығы. Пән әдістемелік бірлестіктерінің дарынды балалармен жұмысы

Үнемі

Пән мұғалімі

 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:



  • Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

  • Пәнге терең қызығушылығын арттыру;

  • Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

  • Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

  • Жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

  • Білімнің бағасын арттыру.


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің міндеті:

  • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау;

  • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау;

  • Оқушының ақыл –ой қабілетін жетілдіру;

  • Шығармашылық жеке дарындылығын арттыру;

  • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі мен ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру;

  • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру;



Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі күтілетін нәтижесі:

  • Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

  • Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

  • Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

  • Сөз бояуын құбылта алады;

  • Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді;

  • Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;


Дарынды балалармен жұмыс жасауда мұғалімге қойылатын талаптар:


  • Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • Дарынды оқушыны жекелей және топпен оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • Оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • Дарынды оқушының ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

  • Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;

  • Сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

  • Оқушы дарындылығының моделін білу;

  • Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

  • Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылық пен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

 

Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру

І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)

1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау

2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу

3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау

4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)

5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)

 

ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

1.     Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу

2.     Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу

3.     Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)

4.     Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау

  

Дарынды балалар” бағдарламасының жұмыс бағыттары:



І.  Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын  және  түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ.   Диагностика жүргізу

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу

IV. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

V. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу

VІ. “Дарынды балалар” мәселесі  бойынша мұғалімдермен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру

 

Дарынды оқушылармен жұмыс тәжірибемнен Пірназаорва Тоғжан, Төребек Жаннур, Низамитдин Ақниеттер мектеп қабырғасында жүргенде түрлі олимпиадалар мен «Кенгуру», «Ақбота» интеллектуалды марафонға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Назарбаев зияткерлік мектебіне дарындылығы мен қабілеттілігінің арқасында қабылданып, жақсы бағалармен бітіріп шықты. Сонымен бірге Әуелбек Арман, Абдулла Арайлым, Сейткамал Сандуғаштар математика пәнінен дарындылығымен қабілеттілігінің арқасында Ұлттық Бірыңғай Тестлеуден осы пәннен 25 ұпай жинап «Алтын белгі» иегері атанды.  Қазіргі таңда бұл оқушылар Қазақстанның қалаларында Жоғары оқу орындарында білім алуда.


Күтілетін нәтиже: Өз жан дүниесін басқара алатын, ерекше құбылыстарға мән беретін, кездескен кедергіні жеңе білетін, өзіндік ой толғанысы бар, әр түрлі категориядағы адамдармен тіл табыса алатын, мұраты - нақты, мақсаты - айқын құнды нәрселерді көздей алатын дарынды тұлға қалыптастыру.

 

Әдебиеттер: 1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011-2012 жылғы жолдауы.

2.Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы, (6 том.)

3. http://u-s.kz/publ/6900-daryndy-oushylara-arnalan-zhmys-zhospary.html



4.Математика Информатика Физика, 2013ж. №5. 

Жақыпова Бибіткүл Жүсіпқызы

Қызылорда қаласы

140 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
жүктеу 85,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау