16
АВТОРЛАР
ПаВЕл БаннИКОВ
Журналист, редактор, контент-инженер
2005 жылы «Аполлинарий» әдеби журналында жұмыс істей бастаған,
2006 жылдан бастап жылтыр және қоғамдық-саяси басылымдарда қызмет
еткен. Men’s Health және «Вокруг света» басылымдарының қазақстандық
нұсқасында редактор, «Алау» журналында редактор және колумнист,
«литер» газетінде кітап шолушысы, «Хабар» телеарнасында жүргізуші,
«KZ» журналында бас редактор болып қызмет еткен. RadioMM.kz-те
радиожүргізуші. Radiotochka.kz сайты мен Central Asia Monitor газетінде
контент-маркетинг, веб-аналитика және сайтты жүргізуші болып істеген.
Factcheck.kz фактчекинг жобасының қызметкері.
17
АВТОРлАР
ПаВЕл БаннИКОВ
ЖұлДыз ӘБДІлДа
Журналист, медиатренер. 1979 жылы 24 желтоқсанда Алматы облысында
дүниеге келген. 2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика
факультетін, 2002 жылы осы факультеттің магистратурасын бітірген.
2000 жылдан бастап «Түркістан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Алқа»
журналында, «өлке» баспасында істеген. «BilimMediaGroup» редакторы
болған. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Сорос-
Қазақстан Қоры грантының иегері, Алтынбек Сәрсенбайұлы сыйлығының
иегері. «Жас өркен» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан
«MediaNet» ХЖО медиатренер, 2017 жылдан Factcheck.kz редакторы.
18
АВТОРЛАР
мИхайлО КОльцОВ
Stopfake.org жобасының администраторы, Могилян журналистика мектебі
және DW Academie оқытушысы. негізінен саяси аналитика, деректерді
өңдеу және визуалдау бағытында жұмыс істейді, кәсіби қызметіне, сондай-
ақ, цифрлық контентті верификациялау мен фактчекинг кіреді.
2012 жылы Могилян журналистика мектебінде журналистердің компьютерлік
сауатын арттырып қана қоймай, хакерлік немесе вирустық шабуылдар
жағдайында жұмыс істеуге дайындау мақсатымен журналистерге арналған
цифрлық қауіпсіздік курсын қолға алды.
Stopfake.org жобасында алғашқы күннен жұмыс істейді. цифрлық контентті
верификациялау әдістемесін жасауға және техникалық инфрақұрылымын
дамытуға қатысқан. DW Academiе дата журналистика және қашықтықтан
оқыту жүйесін жасау бойынша әріптестік байланыста.
19
АВТОРлАР
мИхайлО КОльцОВ
аСхат ЕРКІмБай
«Мінбер»
журналистерді
қолдау
қоры
жанындағы
жаңа
медиатехнологияларды зерттеу жобасының жетекшісі.
Бүгінгі таңда «Мінбер» қорындағы қызметінен тыс, Асхат Сүлейман
Демирел университетінде мультимедиалық және дата журналистика,
жаңа медиа бойынша дәріс оқиды. MediaNet Халықаралық журналистика
орталығы жанындағы Медиа Мектепте тренер.
«Блог бастайық», «Жаңа медиа: монологтан диалогқа», «Мультимедиа
анықтамалығы: Справочник по мультимедиа» кітаптарының авторы.
2011 жылы Асхат Вайоминг университетінде (АҚШ) магистр дәрежесін
алды.
Асхат Еркімбай – қазақ тіліндегі танымал блогтардың бірінің авторы.
20
АВТОРЛАР
мұхтаР СЕңГІРБай
Халықаралық журналист, саясаттанушы, конфликтолог, саясаттану бойынша
философия докторы (PhD).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰу-ды, Грузия қоғамдық қатынастар институтын
(Тбилиси) және Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Түркістан»
газетінің шолушысы, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары,
«Хабар» агенттігінің редакторы болып істеген. Қазақстандағы АҚШ
елшілігінде қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. АҚШ-
тағы президент сайлауын, Таулы Қарабақ, Оңтүстік Осетиядағы қақтығыс
аймақтарындағы жағдайды жазған. «Этникааралық конфликтілерді реттеу
мен алдын алудың технологиясы» монографиясының авторы.
Қазіргі кезде Сүлейман Демирел университеті Әлеуметтік ғылымдар
кафедрасының меңгерушісі.
21
АВТОРлАР
мұхтаР СЕңГІРБай
ГүлнаРa БаЖКЕнОВа
Esquire журналы онлайн нұсқасының шеф-редакторы, «Свободная
Европа»/радио «Свобода» радиосының қазақ редакциясында автор және
колумнист.
ҚазМу филология факультетінің түлегі.
Журналистикамен студент кезінен айналысады, «Караван» газетінің тілшісі,
31-арнадағы «Информбюро» бағдарламасының бас продюсері, «ТАҢ»
телеарнасында бас редактор қызметтерін атқарған.
Internews – «Открытая Азия» сынды ірі жобаны басқарған, үш жыл (1999-
2002) ВВС – «радиус» және New Day орыс қызметінің бағдарламалары
үшін репортаждар жасаған.
Әр жылдары АҚШ-та тағылымдамадан өткен, Missouri университетінде
тренингтен өткен.
2013 жылы Yvision ұйымдастырған Орталық Азия конференциясында үздік
блогер болып танылды.
2016 жылы Vласть интернет журналының рейтингінде жыл публицисі
атанды.
22
АВТОРЛАР
ГүлмИРа ҚамзИЕВа
Тәжірибелі мультимедиа журналисі. Еңбек жолын 31-арнадағы жаңалықтар
қызметінен бастаған.
«Сто народов Казахстана» бағдарламасының авторы. «Азаттық» радиосының,
«Интерньюс-Қазақстанның» тілшісі болып қызмет еткен.
23
АВТОРлАР
ГүлмИРа ҚамзИЕВа
ВячЕСлаВ аБРамОВ
Vlast интернет журналының бас редакторы.
Қазақ Ұлттық педагогика университетін «Халықаралық журналистика»
мамандығы бойынша бітірген. Freedom House Inc, Интерфакс-Қазақстан,
«MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, Kazakhstan Today, Voice
of Freedom Central Asia және т.б. жұмыс істеген.
Стратегиялық жоспарлау, ҮЕҰ дамыту, іскерлік және құқықтық
журналистика, БАҚ-пен жұмыс, саяси PR бойынша тренингтер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |