Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет8/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
    Навигация по данной странице:
  • Stopfake.org

ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
40
практикалық нұсқаулық
сатысында жасамаған дұрыс, өйткені ақпараттың шынайылығын тексеруге ерінген ақпарат құрал-
дарына тағы алданып қалуыңыз мүмкін. Ең алдымен ақпараттың негізгі түп көзін табудан бастаңыз, 
содан кейін барып осыған ұқсас мазмұнды іздеуге кірісіңіз. 
 
БАСҚА ДА АҚпАрАТ КөзДЕрін ТАБЫҢЫз
 
Ақпараттың басқа көздерін іздеу осы оқиғаның егжей-тегжейі толық сәйкес келе ме немесе сәйкес-
сіздіктер бар ма деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Ақпарат ұсынуда баланс сақтауға деген 
ұмтылыс журналистің де, аудиторияның да сын тұрғысына ойлау дағдысын қалыптастырады. 
Бастысы,  журналистерден  басқа  бұл  жұмысты  ешкім  істемейтінін  және  верификация  мыңмен 
жалғыз  алысатын  майдан  емес  екенін  естен  шығармаңыз.  Бұл  –  командалық  жұмыс.  Ол  қанша-
лықты дұрыс ұйымдастырылса, сіздің фейктерді жылдам тануыңыз да соншалықты жылдам болмақ. 
нәтижесінде, өз материалдарыңыздың сапасын жақсартасыз. 
 
ВЕрИФИКАцИя ҚҰрАлДАрЫ
Әрине, көрсетілген алгоритмді жүзеге асыру үшін құралдар керек, солардың біразын атап өтеміз. 
Алдымен, бір ғана міндетті орындау үшін кем дегенде екі құралды қолдану керек екеніне назар ау-
дарсаңыздар. Айталық, алыс аймақтағы бір жердің көрінісі қандай екенін тексеру үшін Google Maps 
пен яндекс.Карта көмегіне қатар жүгінген абзал. Осылайша, құралдан қате кетуінен сақтанып, түрлі 
құралдарды қолдану арқылы бірдей нәтиже ала алатыныңызға көз жеткізесіз.
 
GooGLE.CoM ЖӘнЕ YANDEx.RU
Қажет ақпаратты табуға мүмкіндік беретін жалпыға белгілі іздеу жүйелері. Екеуінде де кеңейтілген 
қызметтері бар, солардың көмегімен белгілі бір сайттардан белгілі бір уақыт аралығында жария-
ланған материалдарды табуға болады. Семантикалық алгоритмдердің дамуы арқасында, сұраныс 
тілі қаншалықты қарапайым болса, ұсынылатын нәтиже де соғұрлым жақсырақ болады.
 
FACEBooK.CoM, VK.CoM ЖӘнЕ INSTAGRAM
Ақпаратты алғаш таратқан адам болып шығуы мүмкін қолданушыны, сондай-ақ, оқиға куәгерлерін 
табуға көмектеседі. Ақпаратты алғаш таратқан аккаунт бот болуы мүмкін деп күмәндансаңыз, оның 
профайлын мына параметрлерге сәйкес тексеріңіз:
·  Аты-жөні өзінікі ме?
·  Ол адам туралы қандай ақпарат белгілі?
·  Аккаунт қай кезде құрылған?
·  Фотосуреттері және белсенділік сипаттары қандай? 
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің түрлі платформаларындағы уақыт қалай көрінетініне де на-
зар аударыңыз, бұл оқиғаның хронологиясын дұрыс реттеуге мүмкіндік береді:
·  Twitter – уақытты сіздің баптауларыңызға сәйкес көрсетеді.
·  Facebook пен VK – сіздің компьютеріңіз немесе смартфоныңыз көрсететін уақытпен жүреді.
·  Youtube пен Instagram – тек Pacific Time (-8:00) көрсетеді.
 


ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
41
ARCHIVE.oRG/WEB
Бүкіл Интернеттің мұрағаты, сондықтан да оны «уақыт машинасы» деп атайды. Жаңалықтар ресур-
сының тарихын, оның қашан пайда болғанын және қандай белсенділік танытатынын тексеру үшін 
аса пайдалы.
 
WoLFRAM ALPHA
Есептеме түрінде құрылған фактілер жинағы. Дата, мекен, ауа райы және кейіпкерлермен жұмыс 
істеуге ыңғайлы.
 
NETWoRK-TooLS.CoM
Жаңалықтар ресурсының иесі туралы деректерді және серверінің техникалық сипаттарын анықтау-
ға мүмкіндік береді. өкінішке қарай, соңғы кезде оның пайдасы азайып кетті, өйткені фейк ресурс-
тардың иелері өзі туралы ақпаратты ешкімге көрсетпей бұғаттайтын сервистердің көмегіне жүгіне 
бастады.
 
GooGLE IMAGE SEARCH ЖӘнЕ TINEYE
Әлеуметтік желі платформаларындағы фейктердің көбі фотосурет болғандықтан, олардың тарихын 
осы құралдар көмегімен тексеруге болады. Көбінесе өзге оқиғаға қатысты фотосуреттерді жария-
лау етек алғандықтан, кері іздеу фотоның алғаш жарияланған нұсқасын тауып, тарихын білуге мүм-
кіндік береді.
Фотографияның растығын тексеру кезінде мына сауалдарға мұқият жауап іздеңіз:
·  Алдыңыздағы сурет түпнұсқа ма?
·  Бұл фотоны/видеоны кім түсірген?
·  Фото/видео қай жерде түсірілген?
·  Қай кезде түсірілген?
·  Ол неліктен және қандай жағдайда түсірілген?
 
FoToFoRENSICS.CoM
Фотосуреттердің метадеректерін (өкінішке орай, көбінесе олар өшіріп тасталады) сараптауға да, өң-
деу белгілерін (көбінесе Photoshop көмегімен) анықтауға да мүмкіндік береді. Файлдарды сараптау 
алдында модификацияламауға тырысыңыз, әйтпесе нәтиже бұрмаланып шығуы мүмкін.
Фотосуреттің метадеректері мен геотегтері жоқ болса, мына детальдарға мән бере отырып, суреттің 
қай уақытта және қай жерде түсірілгенін анықтап көруге болады:
·  Белгілер мен жазулар (телефон нөмірлері, тілі, сайт адрестері).
·  Суреттегі адамдардың киімі (ұлттық, маусымдық).
·  Жер бедері (тау, көпір, өзен, ағаш). 
·  ғимараттар (ескерткіштер, биік ғимараттар, су жинайтын мұнаралар). 
·  Ауа райы (бұлт, тұман, жаңбыр, қар).
·  Жалау, ту.
·  Көлік (жол белгілері, ерекше көлік маркалары).


ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
42
практикалық нұсқаулық
 
YoUTUBE DATA VIEWER
Youtube арнасында жарияланған видеоны сараптауға мүмкіндік береді. өкінішке қарай, әрдайым 
толық  ақпарат  бере  бермейді,  алайда,  бұдан  өзге  жалпыға  қолжетімді  верификация  құралы  әлі 
пайда болған жоқ.
 
ФАКТчЕКИнГ ЖӘнЕ ВЕрИФИКАцИя нӘТИЖЕлЕрін 
ТАлҚЫлАу
Фактчекинг пен верификацияны кем дегенде екі жағдайда қолдануыңызға болады: өзіңіз материал 
әзірлеп, оның шындыққа сәйкес екеніне көз жеткізуіңіз керек болғанда және фейкке тап болып, 
оны жоққа шығарғанда.
Бірінші  жағдайда  болсаңыз,  екінші  жағдайдағыдай  дәлелдеу  стратегиясын  құрудың  қажеті  жоқ, 
алайда, сіз баяндайтын оқиғаның растығы адам болсын, зат болсын – ақпарат көздеріңізді қанша-
лықты тексергеніңізге байланысты болмақ.
Ақпарат  көздерімен  жұмыс  істегенде  барынша  көбірек  деталь  табуға  тырысыңыз,  өйткені  олар 
ақпараттың растығын тексеру үшін керек болуы мүмкін. Айталық, 2014 жылғы 2 мамырда Одес-
сада болған оқиға туралы ақпараттың растығын тексеру барысында жаңбыр жауған уақыт сияқты 
детальдің маңызы зор болды, өйткені соның көмегімен оқиғаның хронологиясы дұрыс қалпына 
келтірілді. Сондықтан осындай детальдардың бәрін хронологиялық тізбекке салып отырыңыз, ол 
кейіннен қандай ақпарат жетіспейтінін және оқиға қандай ретпен өрбігенін анықтауға мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ, географиялық профиль жасаудың да, яғни негізгі оқиға өткен орындарды кар-
таға салып отырудың да маңызы зор.  
Бір фактінің өзін бір-біріне тәуелсіз екі ақпарат көзінен тексеріп алуға тырысыңыз. Барынша күш 
салсаңыз да еш нәтиже шықпаса, материалыңызда осы ақпаратты тек бір дерек көзінен алғаныңыз-
ды жазуға әзір болыңыз. Сол арқылы материалыңыз тартымдырақ бола түседі деп ойласаңыз да, 
оған жоқ нәрсені қосудан сақ болыңыз. Материалда «басшылыққа жақын жүрген аноним» деген 
ақпарат көзін көрсету оны фейк деп есептеуге негіз бола алады. Австриялық қонақүйге хакерлік 
шабуыл жасалғаны туралы материалды естеріңізге сала кетейін. Басылым ойынан қосып жіберген 
шағын ғана деталь оның беделін күл-талқан етті. Жақсы ниетпен айтылған өтірік те өтірік болып 
қала береді. өзіңізге де, оқырмандарыңызға да адал болыңыз. 
Ал  фейкті  жоққа  шығармақ  болсаңыз  –  ешкімді  айыптамаңыз,  тек  дәлел  келтіріңіз.  Дәлел  біреу 
емес, бірнешеу болғаны жөн. Мысал ретінде, Stopfake.org журналистері «украина ӘТК кемелері 
мұзға қатып қалғанын» жоққа шығарғанын атап өтуге болады.  Осы материалда келтірілген дәлел-
дерге назар аударыңыздар. Атап айтқанда: алғашқы ақпарат көзінен алынған материалдың дұрыс 
жеткізілмеуі, вебкамераға уақыты көрсетіліп түскен видео, кемелердің қозғалысын бақылап отыра-
тын сайтқа жүгіну, балама ақпарат көзінен алынған фотосуреттер. Осы дәлелдер ақпараттың өтірік 
екеніне оқырманның көзін жеткізеді, өйткені олардың кез келгенін қайта қалпына келтіруге болады.
Осы оқиға фактчекинг барысында қолдануға болатын құралдардың да көп екенін көрсетеді. Олар-
дың бәрін қолдану міндетті емес, бар екенін түсіне білу маңызды. Одан бөлек, ақпаратты жеткізу 
тәсіліне де назар аударыңыз: мәтін және визуал блоктар кезектесіп келіп, дәлелді күшейте түседі. 
Мұндай тәсілді өз материалыңызда да қолдансаңыз болады.
Сонымен қатар, саяси салада тұрақты түрде фактчекинг жүргізетін болсаңыз, Politifact қолдана-
тынға  ұқсайтын  тізбек  жасап  алу  артық  болмайды.  Әсіресе,  фактчекинг  нәтижелерін  әлеуметтік 
желіде  жариялауды  жоспарласаңыз,  соңғысы  пайдалы  болады.  (https://medium.com/graph-com-
mons/the-year-2016-marked-the-post-truth-era-what-now-5b20e4e5c16a#.v58eviqqd)
 
ҚОрЫТЫнДЫ
Бурак  Арикан  (https://medium.com/graph-commons/the-year-2016-marked-the-post-truth-era-what-
now-5b20e4e5c16a#.v58eviqqd) атап өткендей, 2016 жыл шындықтан кейінгі дәуірдің бастауы бо-


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау