ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
38
практикалық
нұсқаулық
Түптеп келгенде, фейктер адамның дүниені қабылдауындағы осал тұстарды – ең алдымен, жаны
ашу, дүниені тұтас қабылдау қажеттігі мен көмектесу ниеті сынды қасиеттерін аңдиды. Фейк жасау-
да мынадай тәсілдер қолданылады:
Біріншіден,
эмоцияға әсер ететін тақырып қою. Мысалы, «украин радикалдары Харьковта орыс-
ша сөйлегені үшін балаларды сабап кеткен», «Клинтон ісін тергеген ФТБ
агентінің өлі денесі табыл-
ды» және т.б. Бұл тәсіл жалған ақпаратты әлеуметтік желілер платформасында тарату үшін қолда-
нылады, өйткені мұндай тақырыптар адамның эмоциясына әсер етіп, ақпараттың қайдан шыққа-
нын тексеру қажеттігін тұншықтырады.
Эмоцияны пайдаланатын тағы бір тәсіл
негатив нарратив деп аталады. Оған идеологиялар (фа-
шизм, расизм), радикал діндерді (секталар, діни фанатизм, радикал ислам), ұлттық немесе тілдік
сипатына қарай геноцид, әскери қылмыстар (терроризм, қинау, бейбіт тұрғындарға зорлық көрсе-
ту) аталатын фейктер жатады. Мысалы, «Бірінші арнаның» «Славянскіде ашаға керілген бала» тура-
лы атақты фейк жаңалығы әлі күнге дейін насихатта негатив нарративті пайдаланудың ең жарқын
көрінісі болып келеді.
Фейк жасауда эмоциялық акценттен бөлек тағы екі тәсіл қолданылады:
уақыт пен кеңістікті
жылжытып жіберу (мысалы, Югославиядағы соғыс кезінде түсірілген фотосуреттер Донецкідегі
оқиға туралы ақпарат ретінде берілуі) және
материалды ұсынуда баланс болмауы (оның ішінде
дәйексөздердің іріктеліп берілуі). Бұл жағдайда мәтіннің не сөйлемнің бір бөлігі жұлып алынып,
белгілі бір тезистің дәлелі ретінде ұсынылады.
Көріп отырғандарыңыздай, фейк жасаудың аса қиындығы жоқ, өйткені, шындықтың интерпрета-
циясы, оның үстіне, ол эмоциямен күшейтілген болса, қай кезде де шындықтың өзінен күштірек
болады. Әйтсе де, бұл, қанша қиын болғанына қарамастан, фейкті жоққа шығаруға болмайды деген
сөз емес.
Верификация туралы сауалдардан ең көп еститінім – «Фейктерді жоққа шығарған ақпарат тиімді
ме?». зерттеулер көрсетіп отырғандай, фейктерді жоққа шығарған ақпарат фейктің өзіне қараған-
да нашар таралады, ал фактчекингтің өзі фейкті қайтадан өзекті ете түседі. өзім байқағандардан
айтар болсам, «фейк-жоққа шығару» жұбын алсақ, фейкке көбірек назар ауады. Ал «фейк-жоққа
шығару-фейк» тіркесін алсақ, екінші фейк біріншісіне қарағанда нашар таралады. Түптеп келгенде,
фейктерге қарсы күрес одан кейінгі ақпаратты бұрмалауға деген талпыныс нашар таралуына әкеліп
соғады, сөйтіп, шартты түрде айтқанда, «фейкке қарсы вакцинаға» айналады. Бұл тезис
ғылыми
зерттеу арқылы да дәлелденген.
ВЕрИФИКАцИя АлГОрИТМі
Материалдың шынайылығын тексеру үшін мынадай верификация алгоритмін ұстану керек:
1. Ақпараттың
кімнен шыққанын тауып, онымен байланыс орнату.
2. Оны тексеру (ресурстың беделі,
жарияланған уақыты, авторы).
3. Аталған фактілерді (атауларын,
қатысушыларды, күнін, сандарды) тексеру.
4. Хабарлама мен шындықтың сәйкестік деңгейін анықтау.
5. Осы оқиға туралы немесе мазмұны осыған ұқсас басқа да хабарламалар бар ма?
6. Басқа да ақпарат көздерін табу.
Бұл алты қадамның бәрін жасау міндетті емес екеніне назар аударыңыз. Көбінесе, алғашқысының
өзі жеткілікті болады. Ал көбірек қадам жасау керек болған жағдайда, олар дәл осы ретпен жа-
салғаны абзал.
АҚпАрАТТЫҢ КіМнЕн ШЫҚҚАнЫн ТАуЫп, ОнЫМЕн
БАйлАнЫС ОрнАТу
Верификация ең алдымен коммуникация пәні, ал коммуникация адамдармен де, материалмен де
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
39
қарым-қатынас жасауды меңзейді. Айталық, «парламент сары шалбар киюге тыйым салыпты» деген
хабарлама шықса, дәлелдеу күші жағынан тең бірнеше коммуникация стратегиясын құра аласыз.
Біріншіден, парламенттің ресми сайтына кіріп, осыған сәйкес бөлімде жарияланған материалдар-
ды тексере аласыз. Бұл – түпнұсқа материалмен қарым-қатынас болады. Екіншіден, осы ақпаратты
растайтын не жоққа шығаратын жауапты тұлғаның пікірін ала аласыз. Бұл – бастапқы дерек көзінің
өкілімен қарым-қатынас.
Бастысы – ақпараттың алғашқы шыққан көзімен байланыс орнату. Осы ереженің бұзылуы ақпарат-
тың бұрмалануына себеп болуының мысалы ретінде австриялық қонақүйге хакерлік шабуыл жа-
салуы туралы оқиғаны атауға болады. Ол
«медуза» басылымында толық сипатталған және жаңа-
лықтың негізгі ақпарат көзін дұрыс түсінбеудің салдары ақпаратпен
манипуляция жасауға соқтыр-
ғанына анық дәлел бола алады.
ОнЫ ТЕКСЕру
(рЕСурСТЫҢ БЕДЕлі, ЖАрИялАнғАн уАҚЫТЫ, АВТОрЫ)
Дәл осы оқиға верификация алгоритмінің екінші қадамы да маңызды екенін баса көрсетеді: ақпа-
раттың түпкі көзінің беделін тексеріңіз. ресей медиасында ақпараттың түпкі көзі ретінде сатира
сайттары немесе Тайландтағы бұрынғы ағылшын тілі мұғалімдерінің жеке блогтары пайдаланылған
жағдайларды да көргенбіз. Сондықтан, жаңалықтар ресурсының беделіне назар аударыңыз: олар-
дың арасында ақпаратпен манипуляция жасау және фейк жариялаудан ұсталып қалғандары да кез-
деседі. Сонымен қатар, материалдың авторын, оның кәсіби тәжірибесін, тарихын және бұрынғы
жарияланымдарын да тексерген жөн. Ал жаңалықтың жарияланған уақытын тексеру осы ақпарат
қаншалықты өзекті екенін көрсетеді.
АТАлғАн ФАКТілЕрДі
(АТАулАрЫн, ҚАТЫСуШЫлАрДЫ, КҮнін, САнДАрДЫ)
ТЕКСЕру
Келесі қадам – аталған фактілерді тексеру, өйткені бұл – ақпарат жеткізудегі баланс қаншалықты
сақталған деген сұраққа жауап берудің аздаған тәсілдерінің бірі. Материалда
аталған адамдар шы-
нымен сол күні сол арада болды ма? Шынымен сол елдің өкілі осы сандарды атады ма? Ол адам
шынымен сол ұйымның өкілі ме?
ХАБАрлАМА МЕн ШЫнДЫҚТЫҢ СӘйКЕСТіК ДЕҢГЕйін
АнЫҚТАу
Фейк жасау үшін дәйексөзді іріктеп қолдану немесе контекстен жұлып алу тәсілі пайдаланылғанда,
сәйкестік деңгейін анықтау сол хабарламаның қаншалықты дәл жеткізілгенін анықтауға мүмкіндік
береді. Мысалы, ресейлік медиа құралдары «порошенко ресейге қарсы санкцияларды тоқтатуға
үндеді» деп хабарласа, ақпарат көзіне жүгінгенімізде, бұл хабарлама
контекстен жұлып алынға-
нын көреміз: «Санкцияларды тоқтатуға бәрін бұрын кім мүдделі екенін білесіздер ме? президент
порошенко. Алайда, алдымен украина аумақтық тұтастығы мен егемендігін қалпына келтіре алуы
үшін ресей біздің жеріміздегі әскерін шығарып әкетуі керек».
ОСЫ ОҚИғА ТурАлЫ нЕМЕСЕ МАзМҰнЫ ОСЫғАн ҰҚСАС
БАСҚА ДА ХАБАрлАМАлАр БАр МА?
Сондай-ақ, осыған ұқсас хабарламаларды тексеру де маңызды, тек, оны верификацияның алғашқы