Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет5/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА    
3.0
32
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
Оның үстіне, интернет-басылымның бұл реттегі бір қолайлы артықшылығы (телевизия немесе га-
зетпен салыстырғанда) – жаңалықты қысқа хабар ретінде беріп, ақпарат келіп түсіп, өңделуіне қа-
рай толықтырып отыру мүмкіндігі. 
Сонымен, 
ИнтеРнет  үшін  жАңАлыҚтАР  өнДіРісінДе  шАПшАңДыҚ  АсА  мАңызДы  – 
жАңАлыҚтАР жылДАм әзіРленУге тИіс. 
Сөйте тұра, шапшаңдық сапаға әсер етпеуі керек. Грамматикалық қателерді айтып отырған жоқпыз 
– жас журналист те, тәжірибелі шебер де қате жібереді, ақпарат ағынында қатеден қашып құтылу 
қиын. Журналист қызметінің  маңызды бөлігі – ақпаратты тексеру болған, болып қала береді де. 
Әсіресе,  қазір,  көптеген  БАҚ  әлеуметтік  желілердегі  жарияланымдарға  сүйеніп  жаңалық  жаза 
бастаған  дәуірде  бұл  аса  өзекті  болып  отыр.  Фейсбуктегі  жазбалар  ақпаратқа  себеп  қана  емес, 
жаңалықтың өзіне айналып кетіп жатыр. Бұл тұрғыда түрлі БАҚ түрлі көзқарас ұстанады: біреулер 
бұлай жұмыс істеуге болмайды дейді, бірақ, тіпті ірі деген ойыншылардың өзі қазір АҚШ президенті 
Дональд Трамптың Твиттердегі жарияланымдарына қарап жаңалық жазуға мәжбүр, өйткені прези-
дент үшін аудиториямен тікелей байланыс арнасы сол желі болып отыр.  
Бірақ, журналист әлеуметтік желідегі ақпарат сенімді бола бермейтінін есте сақтауы керек: акка-
унттар бұзылады, желіде түрлі фейктер жүреді, кез келген ақпаратты тексеру қажет. Кем дегенде, 
БАҚ желі қолданушысымен хабарласып, журналистің назарына іліккен жазбаны жазған-жазбаға-
нын  нақтылап  алуы  керек.  Ал  әлеуметтік  желіде  хабарланатын  жаңалық  расталмай,  тексерілмей 
басылымға шығуы екібастан мүмкін емес.  
Ондай ақпарды тексеру тәсілдері көп – сәйкес қызметке хабарласу (айталық, өрт не болмаса басқа 
да төтенше жағдай туралы айтылса), оқиға орнына тілші барғанға дейін тағы бірнеше куә табу, т.с.с. 
өзге бұқаралық ақпарат құралынан алынған ақпарат та тура осылай тексерілуі керек. Себебі, ба-
сылымды ақпарат көздері жаңылдыруы, ол кездейсоқ қателікке ұрынуы немесе қасақана жалған 
ақпарат таратуы мүмкін. Ақпаратты тексеру – журналистің міндеті және кез келген редакцияға 
қойылатын талап. 
 
таҚыРыП ЖӘнЕ таҚыРыПШа 
Осы тараудың басында айтылған дүниеге оралайық. Соңғы жылдары интернет-басылымдардағы 
жаңалықтардың (мақалалардың да) тақырыптары жаппай «жаға ұстатып» кетті. БАҚ үшін оқырман 
тарту маңызды (жоғарыда айтқанымыздай – оқырман трафик әкеледі, трафик – жарнама әкеледі), 
ал оқырманды ресми, ұстамды тақырыптан көрі, интригаға толы тақырыппен қызықтыру оңайырақ. 
Мұндай жағдайда журналистен бұрын редактор мен басылым иесі аудиториясы мен беделі туралы 
сауалға тағы бір жауап беруі маңызды. Жаға ұстатар тақырыптар оқырман әкелетіні сөзсіз, алайда 
басылым  беделінің  нығаюына  ықпал  етпейді,  оның  үстіне  арнайы  маманданған,  салмақты  және 
іскерлік басылымдарға тіпті лайық емес. Әйтсе де, ресми, құрғақ тақырыппен шектелмеуге жол бар. 
Оған көмектесетін – тақырыпша. Тақырыпша бар болса, басылымдар әдетте оқырмандарына қысқа, 
назар аудартатын тақырып және оны жалғастырып, мәселенің мәнін аша түсетін тақырыпша ұсына-
ды. Мұндай байланыс тақырыптарды жақын етіп, «жаға ұстатуға» кетіп қалмауға мүмкіндік береді. 
Бұқаралық емес, көше стилін қолданбайтын басылымда да тақырып интригаға толы болуы мүмкін. 
Айталық, экономика министрі тағайындалса, жаңа министрдің есімін тақырыптың өзінде атамай, 
жаңалық мәтінінде ашуға, сол арқылы оқырман тартуға болады. 
Сөйте тұра, кәсіби және іскер жаңалықтар басылымдарында қойылатын тақырыптарда әдетте бұқа-
ралық басылымдар қолданатын «Сұмдық», «Қорқынышты» деген сарындағы баға беру реңкіне жол 
жоқ. Бұл – журналистің оқырманды осы жаңалықты ашып, оқуға мәжбүрлеуі ғана.  
Интернет-басылымдағы жаңалық тақырыбы қысқа да нұсқа болуы керек, онда 
үтір қолданбаған дұрыс.  
Жаңалық әлдекімнің пікірі не айтқан сөзі негізінде жазылса, тақырып қылып дәйексөз шығаруға да 
болады. Мұндайда соны айтқан адамның аты-жөні мен лауазымын көрсету керек. 


ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
   
3.0 
   ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА 
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
33
ЖаңалыҚтың ҚұРылымы, лИД, наҚтылау 
ЖӘнЕ БЭКГРаунД
Интернет-басылымдағы жаңалық лиді мен мақала лиді ұсынылу тұрғысынан да, жасалу жағынан да 
мүлде ерекшеленеді. Жаңалық лиді барынша ақпаратқа толы, қайда, қашан не болғанын және оны 
кім хабарлағанын қамтуы керек. Сөйтіп оқырман оқиғаның сипатын бірден танып, егжей-тегже- 
йін мәлімдеме, комментарий, баспасөз хабарламасынан немесе жарияланымнан үзінді келтірілген 
мәтіннен біледі.
Жаңалық бэкграундпен – оқырманға осы оқиғаның маңыздылығын түсіндіруге көмектесетін анықта-
малық ақпаратпен аяқталады. Интернет-басылымда бэкграундтың тағы бір маңызды қызметі бар: 
оған журналист осы тақырыпқа қатысты басқа мақалалардың сілтемесін қояды, сөйтіп оқырман 
солар арқылы өтіп, сайтта ұзағырақ отырады. Сөйте тұра, ондай сілтемелерді де, бэкграундтың өзін 
де артық пайдаланбаған жөн. Мысалы, бұқаралық басылым өрт туралы жаңалықтың аяғында қа-
лада соңғы кезде болған барлық өрт оқиғалары туралы жазған жағдай болған. Бұл дұрыс емес, әрі 
артық. 
ҚОРытынДы  
Әдетте жаңалықтар мақалалардан жоғары орналасып, веб-ресурстың шымылдығын ашады және 
сайттың бет-бейнесін танытады. Сондықтан да, жаңалықтар түсінікті тілмен жазылып, нақты болуы, 
расталып тексерілуі және жылдам шығарылуы керек. Айналып келгенде, кез келген басылымның 
ең маңызды байлығы – беделі, ал сайттың бет-бейнесін танытатын жаңалықтар сол беделді нығайта 
түсуге қызмет етуге тиіс. 
тӘЖІРИБЕ
Интернетке  арналған  екі  түрлі  жаңалық  әзірлеңіз:  баспасөз  хабарламасы  және  мәлімдеме  (спи-
кердің  баспасөз  конференциясында  айтқаны)  бойынша.  Жаңалықтарыңыз  қысқа  да  нұсқа,  іскер 
стильде  жазылуы,  сәйкес  лиді,  нақтылаушы  дәйексөзі,  детальдары  мен  бэкграунды  болуы  ке-
рек.     
Баспасөз хабарламасы бойынша жаңалыққа деректерді мына ақпарат көздерінің кез келгені-
нен алыңыз: 
-  Қр  инвестициялар  және  даму  министрлігі  http://www.mid.gov.kz/kk/news/2016-zhyly-25-
millionnan-astam-avtokolik-kuraly-mindetti-tehnikalyk-baykaudan-otti , 
-  Qazkom  банкі    http://www.qazkom.kz/kz/about-kazkom/press-center/kazkom-news/read-
news?id=31464 
- немесе Астана әкімдігі http://astana.gov.kz/kk/modules/material/12365 .
Мәлімдеме бойынша жаңалықты мына екі ақпарат көзінің бірінен жазыңыз: 
- Қазақстан президентінің арнайы мәлімдемесі https://www.youtube.com/watch?v=iHziESoO
5Z0&list=PLZGBkYPJ72I6P6yLhtDDu6ruFyIY-9zeb&index=4 
немесе Қр Ақпарат және коммуникациялар министрінің сөйлеген сөзі https://www.youtube.
com/watch?v=baFWKfmNfi w 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау