Тест
1.Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты. В) Мезгіл. С) Мекен. D) Мақсат. Е) Себеп.
2. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе. В) Және. С) Әлде. D) Себебі. Е) Сөйтсе.
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ. В) та. С) бірде. D) немесе. Е) әйтпесе.
4. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені. В) сонда да. С) біресе. D) бірақ. Е) әйтпесе.
5. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.
А) Өйткені, себебі. В) Жалғаулығы жоқ. С) Сол үшін, себебі.
D) Сөйтсе де, әйтсе де. Е) Әйтпесе, немесе.
6.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
А) Қарсылықты. В) Ыңғайлас. С) Кезектес. D) Талғаулы. Е) Түсіндірмелі.
7. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
А) Кезектес. В) Ыңғайластық. С) Талғаулы. D) Түсіндірмелі. Е) Себеп-салдар.
8. Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.
А) Жай, күрделі. В) Бағыныңқы, басыңқы. С) Сұраулы, лепті.
D) Лепті, хабарлы. Е) Бұйрықты, сұраулы.
9. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Күз келсе де, жаңбыр әлі жаумады.
А) Қарсылықты. В) Себеп. С) Шартты. D) Мақсат. Е) Қимыл-сын.
10.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқанда, ол жазады.
А) Мезгіл бағыныңқы. В) Мақсат бағыныңқы. С) Қимыл-сын бағыныңқы.
D) Себеп бағыныңқы. Е) Шартты бағыныңқы.
11.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады.
А) Мезгіл. В) Қимыл-сын. С) Мақсат. D) Қарсылықты. Е) Шартты.
12.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте аяқталды. В) Сабақ өте ерте басталды.
С) Ол көп уайымдап, үйге келді. D) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
Е) Не ексең, соны орасың.
13.Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Ол көп уайымдап, үйге келді.
А) Салалас құрмалас сөйлем. В) Аралас құрмалас сөйлем.
С) Қимыл-сын бағыныңқы. D) Мақсат бағыныңқы. Е) Себеп бағыныңқы.
14.Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.
А) Сондықтан. В) Өйткені. С) Бірде. D) Әйтсе де. Е) Немесе.
15. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем шылауын көрсетіңіз.
А) Бірақ. В) Және. С) Әлде. D) Себебі. Е) Әйтпесе.
16.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Немесе. В) Бірде. С) Сондықтан. D) Жалғаулықсыз. Е) Сөйткенмен.
17. Салалас құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз.
Шығарып салуға не мен барайын, немесе сен бар.
А) Талғаулы. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. D) Себеп-салдар. Е) Ыңғайлас.
18.Кезектес салалас құрмаластың жалғаулығын анықтаңыз.
А) Және. В) Сонда да. С) Бірде. D) Өйткені. Е) Немесе.
19.Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Жай сөйлем. В) Атаулы сөйлем. С) Салалас құрмалас сөйлем.
D) Сабақтас құрмалас сөйлем. E) Жалаң сөйлем.
20.Бағыныңқы сөйлемі «Неліктен?» сұрағына жауап беретін сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
В) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
С) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
D) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
21Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Не ексең, соны орасың. В) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
С) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті. D) Ол көп уайымдап, ерте келді.
E) Мұғалім айтқанда, ол жазды.
22.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.
А) Салалас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Жалаң сөйлем.
D) Атаулы сөйлем. E) Сабақтас құрмалас сөйлем.
23.Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) -са, -се. В) –ғандықтан, -гендіктен. С) –ғанда, -генде.
D) –мақшы, -мекші+болып. E) –ғанмен, -генмен.
24.Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –а, -е, -й. В) –у үшін. С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се. E) –са да, -се де.
25.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –қанмен, -кенмен. В) –са, -се. С) –ып, -іп, -п. D) –қанда, -кенде. E) –у үшін.
1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –са, -се + жіктік жалғау. В) –мақшы болды, -мекші болды.
С) –ғанмен, -генмен. D) –ғанша, -генше. E) –ып, -іп, -п.
2. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол көп ойланып, үйге қайтып келді.
А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас. В) Мақсат бағыныңқы сабақтас.
С) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
E) Шартты бағыныңқы сабақтас.
3. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –ғанмен, -генмен. В) –у үшін. С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се+жіктік жалғау. E) –са да, -се де.
4. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу орнына түсемін.
В) Көктем келді де, күн жылынды.
С) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.
D) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмайды.
E) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.
5. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Қонақтар түгел келді,- сен жоқсың.
В) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
С) Уақытым болмады, сондықтан мен келе алмадым.
D) Сыныпқа қонақ кірді және оқушылар орындарынан тұрды.
E) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
6. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.
А) Қарсылықты салалас құрмалас. В) Себеп- салдар салалас құрмалас.
С) Талғаулы салалас құрмалас. D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
E) Ыңғайлас салалас құрмалас.
7. «Бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас. В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Себеп-салдар салалас құрмалас. D) Кезектес салалас құрмалас.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
8. «Өйткені, себебі» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас. В) Қарсылықты сабақтас құрмалас.
С) Қарсылықты салалас құрмалас. D) Себеп-салдар салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.
9. «Бірде, біресе» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас. В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Себеп-салдар салалас құрмалас. D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.
10.«Және, мен, пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты сабақтас құрмалас. В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Ыңғайлас салалас құрмалас. D) Кезектес салалас құрмалас.
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
11. Себеп-салдар салаластың шылауын табыңыз.
А) және, әрі. В) бірақ, дегенмен. С) өйткені, себебі. D) бірде, біресе. E) не, немесе.
12.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас. В) Талғаулы салалас құрмалас.
С) Түсіндірмелі салалас құрмалас. D) Қарсылықты салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.
13.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Сені сағынғаным сонша - түсіме жиі кіресің.
А) Қарсылықты салалас құрмалас. В) Себеп-салдар салалас құрмалас.
С) Кезектес салалас құрмалас. D) Талғаулы салалас құрмалас.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
14. Құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.
A) Салалас, сабақтас, аралас. B) Жақты , жақсыз. C) Толымды, толымсыз.
D) Жалаң, жайылма. E) Хабарлы, сұраулы.
15. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақстан ұлан-байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан-ғайыр кең өлке.
B) «Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.
C) Біздің жеріміз ұлан-байтақ, бірақ халқымыздың саны аз.
D) Жас ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беру керек, өйткені олар – елдің келешегі.
E) Күзде біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
16.Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз.
A) –ған, -ген. B) –са, -се. C) –ып, -іп,-п. D) -у. E) –қан, -кен.
17.Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
«Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.
A) Ыңғайлас. B) Қарсылықты. C) Себеп-салдар. D) Талғаулы. E) Кезектес.
18. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Сыныпқа оқушылардың бәрі жиналды. B) Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.
C) Бұл мәселе сынып сағатында шешілді. D) Олар мұғаліммен ұзақ әңгімелесті.
E) Нақты қорытынды жасалды.
19.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.
B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
C) Не ексең, соны орасың. D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
E) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты.
20.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыздар.
A) Бірақ, дегенмен, алайда. B) Бірде, біресе, кейде. C) Не, немесе, яғни.
D) Және, әрі, да, де. E) Өйткені, сондықтан, себебі.
21. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.
A) Ыңғайластық, кезектес, себеп-салдар. B) Талғаулы, мақсат, ыңғайластық.
C) Қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы. D) Шартты, мезгіл, мақсат, қимыл-сын.
E) Себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы.
Достарыңызбен бөлісу: |