Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi 

қамтиды. 

 

       Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте 



қолдануға жарамды болып табылады. 

 

        2. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми 



немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде 

көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң 

(автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген 

адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен 

бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер 

ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз 

берушiге жүктеледi. 

 

        3. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағында аталған объектiлерге қатысты шешiмдер 



пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды. 

 

      8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк 

 

             талаптары 

 

      1. Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-



конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды 

болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi. 

 

       Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген 



және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтірiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық 

берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, 

өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады. 

 

       Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында 



өнеркәсiптік үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтінiм берген (қайтарып алынғандарын 

қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң 

неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi. 

 

       Егер елеулi белгiлерi бұйым ерекшелiктерiнiң шығармашылық сипатын анықтайтын 



болса, өнеркәсiптiк үлгi бiрегей деп танылады. 

 

       Егер тиiстi бұйымды дайындау жолымен оның көп рет ұдайы өндiрiлуi мүмкiн 



болса, өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп танылады. 

 

        2. Мынадай шешiмдер: 



 

       1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе; 

 

        2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), 



өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың; 

 

        3) баспа өнiмнiң өзi; 



 

        4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын 

тұрақсыз нысандағы объектілердiң; 

 

        5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн 



бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды. 

 

       Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми 



немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде 

көрсетiлуiн қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң 

(автордың) немесе осы ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi 

өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты 

айдан кешiктiрмей берiлген болса, өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiгiне 

әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз 

берушiге жүктеледi. 

 

 



 


 

   3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер  

      9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы 

 

      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам 



оның авторы деп танылады. 

 

        2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, 



олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi. 

 

       Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы 



келiсiммен белгiленедi. 

 

       Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, 



авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты 

ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. 

 

        3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және 



мерзiмсiз қорғалады. 

 

        4. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi 



адамның құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын 

немесе арнаулы атау беруге құқығы бар. 

 

      10-бап. Патент иеленушi 

 

        1. Қорғау құжаты: 



 

       1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына); 

 

       2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс берушіге; 



 

       3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның ішінде беру 

тәртібімен тиісті құқықты алған адамға (адамдарға); 

 

       4) бір-бірімен келісімдері болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға 



бірге беріледі. 

 

       2. Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, 



қызметтік өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушіге тиесілі болады. 

 

       3. Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автордың 



өзінің қызметтік міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты 

тапсырмаға байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ материалдық

техникалық және өзге де құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысына қорғау 

құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады. 

 

       Егер қызметтік өнертабыс құрамына осы жұмыс берушінің қызметкері болып 



табылмайтын адам кіретін бірнеше адамның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, 

осы адамның көрсетілген қызметтік өнертабысқа қатысты құқықтары оның аталған жұмыс 

берушімен және басқа да авторлармен жасасатын шартында анықталады. 

 

       Егер қызметтік өнертабыстарды шарт негізінде бірнеше жұмыс берушінің жұмысты 



бірлесіп орындауы нәтижесінде авторлар жасаса, жұмыс берушілердің көрсетілген 

өнертабысқа құқықтары олардың арасындағы шартпен анықталады. 

 

       4. Қызметтік өнертабыс жасалған жағдайда, автор қызметтік өнертабысты жасау 



фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде жұмыс берушіні жазбаша түрде 

хабардар етеді. 

 

       Хабарламаға автор (авторлар) қол қоюға және онда: 



 

       1) автордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын 

қызметі көрсетілуге; 

 

       2) қызметтік өнертабыстың атауы; 



 

       3) оның жасалу жағдайы мен орны, болжалды қолданылу саласы; 

 

       4) жұмыс берушінің қызметіндегі өнертабыстың мәнін ашуға, санатын айқындауға 



және жарамдылығын бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы қамтылуға тиіс. 

 

       Жұмыс беруші автор берген қызметтік өнертабысты жасағандығы туралы 



хабарламаны оны берген күннен бастап қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл жөнінде 

авторларға жазбаша түрде хабарланады. 

 



жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау