Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)


-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет16/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

      36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер 

 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және 



зияткерлiк меншiк саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен және 

зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органда тiркелген Қазақстан Республикасының 

әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.

 

      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан 



өткізу үшін уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымының қызметкерлері арасынан 

аттестаттау комиссиясын құрады. Бұл ретте, аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ең аз саны 

кемінде бес қызметкерден тұрады.

 

      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды 



кандидаттардан өтініштердің келіп түсуіне қарай жылына кемінде бір рет өткізеді.

 

      Аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттау не 



аттестаттаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын 

уәкілетті орган бекітеді.

 

      Аттестаттау комиссиясы шешім шығарған кезден бастап үш ай ішінде мұндай шешімге 



сот тәртібімен шағым жасауға болады.

 

      Патенттік сенім білдірілген өкілдерге аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған 



кандидатқа патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі беріледі, оның нысанын уәкілетті 

орган белгілейді.

 

      Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдерді аттестаттаудан өткізу кандидаттардан және 



оларға куәлік беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін 

мемлекеттік баж алынады.

 

      2. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:



 

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға 

тыйым салынған адамдар;

 

      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының 



қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын 

адамдар;


 

      3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған 

соттылығы бар адамдар;

 

      4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған 



адамдар жiберiлмейдi.

 

      3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының 



хаттамалық шешімімен:

 

      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші 



негізінде;

 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға 



тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық 

бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;

 

      3) осы Заңның 36-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында 



көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

 

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенiм білдірілген 



өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін 

тоқтатыла тұрады.

 

       Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер 



жойылған жағдайда, оның қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта 

жалғастырылады. 

 

      4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің немесе патент иеленушiнің 



өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша 

уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге 

асырады. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтініш беруші 



және (немесе) патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады.

 

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды 



тұлғалар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы уәкiлеттi органда және оның 

ұйымдарында өтiнiш берушi, патент иеленуші ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ 

мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.

 

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген 



жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын 

көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi 

ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге 

асыра алады.

 

      5. Патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға 



байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы 

ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде 

құпиялы болып танылады.

 

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      36-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары



 

                 мен міндеттері

 

      1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), 



өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс 

берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет 

түрлерін:

 

      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе 



беру мәселелері бойынша консультация беру;

 

      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы 



бойынша өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерді 

ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

 

      3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды 



қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-

қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алмасуды жүргізу, сараптама қорытындыларына 

қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің 

отырыстарына қатысу;

 

      4) басқаға беру шарттарын, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және оларға 



қосымша келісімдерді жасауға, қарауға және кейіннен сараптамаға беруге жәрдемдесу 

қызметін жүзеге асыруға құқылы.

 

      2. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.



 

      3. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер 

берумен және (немесе) қорғау құжаттарын алумен, сондай-ақ апелляциялық кеңеске 

қарсылықтар берумен байланысты істерді жүргізуге патенттік сенiм білдірілген өкіл 

сенімхаттың көшірмесін сараптама ұйымына және уәкілетті органға ұсынады.

 

      Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус 



куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.

 

      4. Егер патенттiк сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу 



туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе 

немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi 

қарауға патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және (немесе) 

оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға 

міндетті.

 

      



Ескерту. Заң 36-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 




өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      36-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін



 

                 қайтарып алу және оның күшін жою

 

      1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:



 

      1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;

 

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан 



Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;

 

      3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс 



болған жағдайда;

 

      4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау 



үкімі күшіне енген кезде;

 

      5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп 



танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;

 

      6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке 



қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің 

тізілімінен шығарылады.

 

      2. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) 



тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тізілімнен шығарылған жағдайда, аттестаттау 

комиссиясының шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер 

патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.

 

      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, 



патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігі патенттік сенiм білдірілген өкілдің өзінің 

немесе соған негізі бар үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде аттестаттау 

комиссиясының шешімімен қайтарып алынады.

 

      Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының негіздері бойынша тізілімнен 



шығарылған патенттік сенiм білдірілген өкіл тізілімнен шығаруға себеп болған негіздер 

тоқтатылып, тізілімнен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде 

аттестаттау комиссиясына өтініш берген жағдайда, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-

ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау 

комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында 

көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.

 

      4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім 



білдірілген өкіл, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм 

білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім 

білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.

 

      5. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы Заңда белгіленген өз міндеттерін адал 



орындамаған жағдайда, уәкілетті орган құрамы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ 

санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.

 

      Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және (немесе) заңды 



тұлғалардың пікірінше, өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіретін патенттік 

сенім білдірілген өкілдердің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған іс-әрекеттеріне 

олардың шағымдарын қарайды.

 

      Патенттік сенiм білдірілген өкілдің іс-әрекеттеріне шағым берген тұлғалар және 



өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер 

апелляциялық комиссияның отырысына қатысуға құқылы.

 

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия уәкілетті органға патенттік 



сенім білдірілген өкіл куәлігінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдауға ұсыным 

жасайды не мынадай:

 

      1) дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға 



ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымның қаралуын кейінге қалдыру туралы;

 



      2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

 

      Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен 



ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

      Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.



 

      


Ескерту. Заң 36-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде 

 

              патенттеу 

 

      1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет елдерге 



өтiнiм беру сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай өткен соң немесе 

мемлекеттiк құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы белгiленген заңды тәртiппен 

жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.  

 

        2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ 



Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi 

халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, сараптама 

жасау ұйымы арқылы бередi. 

 

        3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiм шет 



елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртiбiн бұза отырып берiлген жағдайда 

Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлмейдi. 

 

      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен. 

 

      38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен 

 

              азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары 

 

      1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан 



Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара 

түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен 

тең пайдаланады. 

 

        2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және 



өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген 

құқықтарды, егер осы заңнан және басқа да заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан 

Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады. 

 

      Қазақстан Республикасының 

 

      Президенті 

 

 



 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ 



РМК 

Document Outline

  • 1-тарау. Жалпы ережелер
    • 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
    • 2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
    • 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
    • 4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және               өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы               уәкiлеттi мемлекеттiк орган
    • 4-1-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi,                өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы                мемлекеттiк монополия
    • 5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
  • 2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке   қабілеттілігінің талаптары
    • 6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары
    • 7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк                талаптары
    • 8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк               талаптары
  • 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер
    • 9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы
    • 10-бап. Патент иеленушi
  • 4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға   ерекше құқық
    • 11-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқығы мен мiндеттерi
    • 12-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық                болып танылмайтын әрекеттер
    • 13-бап. Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық                қорғау
    • 14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға                құқық беру
    • 15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
  • 5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
    • 16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
    • 17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм
    • 18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм
    • 19-бап. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм
    • 20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы
    • 21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм                құжаттарын түзету
    • 22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын                сараптама
    • 22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге                   арналған өтiнiмге сараптама
    • 23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған                өтiнiмге сараптама
    • 24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама
    • 25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және                қорғау құжатын беру
    • 26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi                жариялау
    • 27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу
    • 28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту
  • 6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және   қалпына келтіру
    • 29-бап. Қорғау құжатына дау айту
    • 30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және                оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
    • 31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру.                Соңынан пайдалану құқығы
  • 7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және   патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
    • 32-бап. Апелляциялық кеңес
    • 32-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас                  тарту негіздері
    • 32-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының                  отырысында қарау
    • 33-бап. Дауларды сот тәртiбiмен қарау
    • 34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент                иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн                жауапкершiлiк
  • 8-тарау. Қорытынды ережелер
    • 35-бап. Мемлекеттiк баж
    • 36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
    • 36-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары                  мен міндеттері
    • 36-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін                  қайтарып алу және оның күшін жою
    • 37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде                патенттеу
    • 38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен                азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары

жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау