Құжаттар
2014 жылдың қарашаның 10-22 аралығында қабылданады.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының
бос орнына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлама
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-R-5 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі
- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығы сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 10.01.2008 ж. № 5084 тіркелген.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
(теңге)
Санаты |
Қызмет өткерген жылдарына байланысты
лауазымдық еңбекақысы
|
бастап
|
дейін
| Е-4 |
59 579
|
80 720
|
Е-R-4
|
56 375
|
76 235
|
Е-R-5
|
49 969
|
67 907
|
Е-G-3
|
53.813
|
72.391
|
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ (101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12 үй, анықтама телефон: 8(7213) 92-25-24, факс: 8(7213) 92-25-24; электрондық пошта: tmr_okr@krg.gov.kz) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 9-1-4, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мүлікті түгендеуді жүргізеді, әкімдік балансындағы автокөліктерді есепке алады және олардың жұмысын бақылайды, санитарлық нормаларға ғимараттың қысқы жылу беру маусымына дайындығын, күзет пен өртке қарсы қауіпсіздік, жылумен, сумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің тоқсаусыз істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Қажетті тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға өтініш дайындайды, активтердің, қолданыстағы пайдаланылатын арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың сақтығын бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ түсімдерді болжамдау секторының бас маманы ( 1 бірлік, № 5-1-3, Е-R-4 санаты, 2016 жылдың 5 ақпанына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).
Функционалдық міндеттері: Кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің жылдық болжам сомасын қалыптастыру. Түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты. Қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
3. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-2, Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Кондоминиум нысанындағы пәтер иелерінің ортақ мүлігін және үй маңындағы аумақты пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу жүргізу тәртібін сақтау, тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттар) бөлмелерді қайта салу жұмыстарын жүргізу ережесімен нормасын сақталуын, тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жалпы үйлік жылу-энерго-газ-суды есепке алу құралдарын орнатуда, тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) маусымдық пайдалануға дайындық шараларын жүргізуді бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: құрылыс мамандықтары бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
4. «Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ тәрбие жұмысы, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш білім беру және коррекциялық жұмыс жөніндегі бас маманы (1 бірлік, № 1-7, Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Медициналық-психологиялық комиссия, білім беру ұйымдарының логопедтік пункттері, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сыныптар жұмысын ұйымдастырады, олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады. Мұғалім-логопед, мұғаалім-дефектолог жұмыстарын бақылайды, интернат қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша түзету қызметі мен оны сараптық бағалау, оқу-тәрбие процестерін талдауға қатысады. Үйде оқитын оқушылар оқуын ұйымдастыруды, олардың тәрбиелік іс-шаралармен қамтылуын, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша түзету қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – педагогикалық. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Білім туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
5. «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру жөніндегі секторының бас маманы (1 бірлік, № 5-1-2, Е-R-4 санаты, 2016 жылдың 28 шілдеге дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне):
Функционалдық міндеттері: Жолаушылар тасымалын жетілдіру бойынша шараларды әзірлейді. Қалада жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жүргізілуін, жол қозғалысын реттеу бойынша құралдар мен жабдықтарды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Жолаушылар тасымалы бойынша конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу бағдарламалары бойынша орындалған жұмыстар көлемін бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –техникалық, автокөлікті тасымалдауды, қозғалысты және көлікті қолдануды ұйымдастыру мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
6. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлермен, мүгедектермен және аз қамтылғандармен жұмыс жасау секторының жетекші маманы (1 бірлік, № 3-1-2, Е-R-5).
Функционалдық міндеттері: Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, ерікті жалдамалылар, концлагерь тұтқындары, қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектерінің жесірлері, аз қамтылған азаматтар базасын түзетеді және қызмет көрсетеді. Мерекелік іс-шараларда әртүрлі санаттағы азаматтардың материалдық көмек алушылар базасын жүргізеді және төлем тізімдерін қалыптастырады. Аз қамтылған азаматтар базасында тұрған отбасылардың материалдық тұрғын үй жағдайларын тексереді, қала мүгедектерінің электрондық базасын ќұру үшін мүгедектер отбасын тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
7. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының жетекші маманы (1 бірлік, № 2-1-2, Е-R-5).
Функционалдық міндеттері: Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша әртүрлі меншік нысанындағы жұмыс берушілермен шарттар жасайды. Семей полигоны бойынша біржолғы жәрдемақы тағайындау жөніндегі құжаттарды дайындайды және азаматтарды тіркеу мен қабылдауды жүргізеді. Жасырын жұмыссыздық туралы мониторнинг құрастырады. Бос жұмыс орындары бойынша «Рынок» ақпараттық базасын жасарту жұмыстарын жүзеге асырады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуге қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
8. «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-3 , Е-R-4 санаты, 2017 жылдың 17 шілдесіне дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).
Функционалдық міндеттері: Шағын бизнес есебінен жаңа жұмыс орындарын құру Бағдарламалары, шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Бағдарламалары мониторингісін әзірлеу, жүзеге асыру және жүргізу. Кәсіпкерлікті қолдауда қалалық шараларды ұйымдастыру мен жүргізу (дөңгелек столдар, семинарлар, конференциялар, кездесу-жиналыстар және т.б.). Білім беру бағдарламаларына шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Инвестиция туралы», «Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
9. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 1-2, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Кенттің стартегиялық дамуының жоспарларын, бюджеттік өтінімдерді, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, салық басқармасына, статистика бөліміне, қалалық экономика және қаржы бөліміне есептер жасау. Мемориалдық ордер, жеткізушілермен салыстыру актілерін жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасынын Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасынын Салық кодексін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |