үш ай мерзiм өткенге дейiн өтiніш берушi дербес өтiнiм ретінде ресiмдеген болса,
басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
4. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтiнiм неғұрлым бұрын берiлген
өнертабысқа өтiнiм берiлген күннен бастап кем дегенде он екi
айда және неғұрлым бұрын
берiлген пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм - алты айда түссе, басымдық осы
өтiнiм берушiнiң өтiнiмнiң берiлген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп
саналмайтын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн ашып көрсететiн неғұрлым бұрынғы өтiнiмi
сараптама жасау ұйымына берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Бұл орайда неғұрлым
бұрын берiлген өтiнiм қайтарып алынды деп есептеледi.
Басымдықты оған дейiн басымдық сұралған өтiнiмнiң берiлген күнiнен белгiлеуге
болмайды.
5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң бөлектенген өтiнiм бойынша басымдығы - сол
өтiнiм берушiнiң сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнiн ашатын бастапқы
өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша басымдықты неғұрлым ерте белгiлеу
құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтiнiм шағым жасауға мүмкiндiгi таусылған
сараптама жасау ұйымының бастапқы өтiнiм бойынша терiс қорытындысы шыққанға дейiн
берiлсе, бастапқы өтiнiм бойынша - оның басымдық күнi бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша
сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi
мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген күнге дейiн белгiленедi.
6. Басымдық бұрын берiлген бірнеше өтінiмдердiң немесе оларға қосымша
материалдардың негiзiнде, тиiсiнше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар
сақтала отырып белгiленуi мүмкiн.
7. Егер ұқсас өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бiр күнде басымдыққа ие болғаны
анықталса, басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына неғұрлым ертерек жiберiлген күнiн
дәлелденген сол өтiнiм бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - сараптама жасау ұйымында
неғұрлым бұрынырақ тiркеу нөмiрiне ие болған өтiнiм бойынша белгiленедi.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм
құжаттарын түзету
1. Тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң сараптама ұйымына тиісті
өтінішхат беру арқылы өтiнiм құжаттарына мәлімделген объектiнiң мәнiн өзгертпей
түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім
берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгiзуге құқығы бар.
Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда
төлем алынбайды.
2. Өтінім берушінің атауының өзгеруі нәтижесінде өтінім берушіні көрсетуге
қатысты өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi
түзету тиiстi төлем төленген жағдайда өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi
Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09.
N 586
, 2007.03.02.
N 237
;
07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын
сараптама
1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-бабы 2-
тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының
бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi; өтiнiм берiлген күн
анықталады. Егер өтiнiм осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4)
тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса,
сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн және
(немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап
үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған және (немесе) түзетiлген
құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген
болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.
1-1. Өнертабысқа патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама
жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргiзедi.
Ресми сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген
құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi.
2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша
материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың
мәнiн өзгертпейтiні тексерiледi.
Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс
формуласына енгiзуге
жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн
өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде
өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде
ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.
3. Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде
өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген
немесе жоқ
құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген
мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.
4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушіге
оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы
қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау
енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген
өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-
тармағына сәйкес белгiленедi.
Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама
жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн
хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген,
сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын
қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.
5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн өтiнiм берушiге оның нәтижесi туралы
хабарланады.
6.
Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.
N 237
Заңымен.
7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы
өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын
объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген
өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң
(oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және осы Заңның 6-бабында белгiленген
патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге
мәнi бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Мәнi бойынша сараптама ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген
күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы
төленгендiгiн растайтын құжатты берген жағдайда жүргiзiледi.
Мәнi бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтiнiм керi қайтарып алынған
болып есептеледi.
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы
өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның