Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда 

тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi. 

 

      4. Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан 



Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын 

беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 



N 586

, 2007.03.02 

N 237



2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 

қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

      18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм 



 

      1. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр 

пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер 

тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс. 

 

        2. Пайдалы модельге өтiнiмде: 



 

      1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ 

олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш; 

 

        2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын 



сипаттамасы; 

 

        3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң 



формуласы; 

 

        4) сызбалар; 



 

        5) реферат; 

 

        6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс. 



 

      Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн 

растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, 

оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. 

Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауға 

тиiс. 


 

       Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм 

берiлмеген болып есептеледi. 

 

        3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн өтінім берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты 



(ол болған кезде) немесе толық атауы көрсетіле отырып, пайдалы модельге патент беру 

туралы өтінішті, сипаттама мен сызбаларды қамтитын өтiнiм сараптама ұйымына келіп түскен 

күні бойынша, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған 

құжаттардың соңғысы келіп түскен күн бойынша белгiленедi. 

 

      4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан 



Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау 

құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейді.

 

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 



N 586

, 2007.03.02 

N 237



2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 

қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      19-бап. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм



 

      Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі).

 

      1. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiптік үлгiге 



өтiнiм) бiр өнеркәсiптік үлгiге немесе өзара байланыстылығы соншалық, олар біртұтас 

шығармашылық ойды (өнеркәсiптік үлгiнiң бiрлігі талабын) құрайтын өнеркәсiптік үлгiлер 

тобына қатысты болуға тиiс. 

 



        2. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде: 

 

      1) өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-



ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш; 

 

        2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн 



бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды 

жиынтығы; 

 

       3) 



Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  

N 237 


Заңымен. 

 

        4) өнеркәсiптік үлгiнің елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы; 



 

        5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс. 

 

      Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн 



растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса 

тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс 

етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ 

екi айдан аспауы керек. 

 

       Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм 



берiлмеген болып есептеледi. 

 

        3. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына 



өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң 

аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның 

кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, 

тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi. 

 

      4. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан 



Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау 

құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 



N 586

, 2007.03.02. 

N 237



2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 

қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

       20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы 

 

      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-тармағына, 



18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген, өнеркәсiптiк 

меншiктiң тиiстi объектiсiне өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi. 

 

        2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау ұйымына 



аталған күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне алты айдың iшiнде 

берiлсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық 

немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi өтiнiм күнi бойынша 

белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық 

сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi 

айдан аспауы керек. 

 

       Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтініш берушi өтiнiм берген 



кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде мұны 

көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса беруге немесе оны 

сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей табыс етуге 

тиiс. Көрсетiлген құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм берушi конвенциялық басымдыққа 

құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына келiп түскен 

күнiмен белгiленедi. 

 

      3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi және оны 



берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар сол бойынша табыс етiлген өтiнiм қайтарылып 

алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты оларды назарға 

алу мүмкiн еместiгi туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы жiберiлген күннен бастап 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау