Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет15/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 

№ 378-V


 (01.01.2016 бастап 

қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      32-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас



 

                 тарту негіздері

 

      1. Егер:



 

      1) қарсылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апелляциялық кеңесте 

қаралуға жатпаса;

 

       2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса; 



 

      3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi 

ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;

 

      4) өтiнiш берушi қарсылықты беруді ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге 



қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты 

қарауға қабылдаудан бас тартылады.

 

      Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты 



қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама 

жiберiледi.

 

      Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты апелляциялық кеңес 



алқасының шешiмі жарияланғанға дейiн қайтарып алуы мүмкін.

 

      



Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      32-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының



 

                 отырысында қарау

 

      1. Қарсылықты қарау құрамында кемінде бес мүшесi бар апелляциялық кеңес алқасында 



жүзеге асырылады. Дауды қарау басталған кезге дейiн апелляциялық кеңес алқасының дербес 

құрамының құпиялылығы қамтамасыз етiлуге тиiс.

 

      Апелляциялық кеңес алқасының отырысына қорытынды ұсыну үшін ғылыми ұйымдардың 



өкілдері мен тиісті бейіндегі мамандар шақырылуы мүмкін.

 

      2. Апелляциялық кеңес алқасы отырысты өткізу мерзімдерін мынадай жағдайларда:



 

      1) қарсылықты қарауға қатысу құқығы бар тұлғалардың біреуі келмегендіктен, 

қарсылықты бұл отырыста қарау мүмкін болмағанда;

 

      2) мәні бойынша шешім қабылдау үшін жетіспейтін қосымша құжаттарды 



(дәлелдемелерді) тараптардың ұсынуы қажет болғанда;

 

      3) тараптардың өтініші бойынша кейінге қалдыруға құқылы.



 

      3. Қарсылықты қарауға қатысушы тұлғалардың:

 

      1) iс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшiрме жасауға, олардың 



көшiрмесiне тапсырыс беруге және оны алуға;

 

      2) дәлелдемелер ұсынуға;



 

      3) дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;

 

      4) апелляциялық процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға;



 

      5) өтiнiш мәлімдеуге;

 

      6) апелляциялық кеңес алқасының мүшелеріне ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге;



 

      7) қарсылықты қарау барысында туындаған барлық мәселелер бойынша өзiнiң дәлелдерi 

мен пайымдауларын ұсынуға;

 

      8) iске қатысушы басқа тұлғалардың өтiнiштерiне, дәлелдерi мен пайымдауларына 



қарсылық бiлдiруге құқығы бар.

 

      4. Дау мәнi бойынша шешiлген жағдайда апелляциялық кеңес алқасы шешiм шығарады.



 

      Шешiм апелляциялық кеңес алқасы мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. 

Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық кеңес алқасының отырысында төрағалық етушiнiң 

дауысы шешушi болып табылады.

 

      Қарсылықты қарау нәтижелерi бойынша мынадай:



 

      1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;

 



      2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;

 

      3) қарсылықты қарау мерзімін кейінге қалдыру туралы;



 

      4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарылады.

 

      5. Апелляциялық кеңес алқасы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде 



апелляциялық кеңестiң шешiмiн әзiрлейдi және тараптарға жiбередi. Апелляциялық кеңестiң 

шешiмi жазбаша нысанда баяндалады және ол кiрiспелiк, сипаттамалық, дәлелдемелiк және 

қарарлық бөлiктерден тұруға тиiс.

 

      Апелляциялық кеңестiң шешiмiне апелляциялық кеңес алқасының барлық мүшелерi қол 



қояды.

 

      



Ескерту. Заң 32-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      33-бап. Дауларды сот тәртiбiмен қарау 

 

      1. Мынадай даулар: 



 

        1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы; 

 

        2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы; 



 

        3) патент иеленушiнi анықтау туралы; 

 

        4) күштеп лицензия беру туралы; 



 

        5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға 

айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы; 

 

        6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың 



жасалуы мен орындалуы туралы; 

 

        7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы; 



 

        8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы 

төлеуi туралы; 

 

        9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы; 



 

      10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот 

тәртібiмен қаралуға тиiс.

 

      1-1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органның шешімдеріне 



арыздар тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.

 

        2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты 



өзгерiстер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi. 

 

      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586 



Заңымен

; 31.10.2015 

№ 

378-V


 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

 



      34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент 

 

              иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн 

 

              жауапкершiлiк 

 

      Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк 



объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм 

берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз 

пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртiбiн бұзу Қазақстан 

Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады. 

 

        


Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. 

N 179-IV 

Заңымен. 

 

   8-тарау. Қорытынды ережелер  



      35-бап. Мемлекеттiк баж

 

      Уәкiлеттi органның қорғау құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм 



бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы 

куәлiк беру жөнiндегi iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық 

заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.

 

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 



N 34-V

 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау