көзделген ережелер қолданылады.
Лицензиялық шарт (қосалқы лицензиялық шарт) уәкілетті органда тіркелген күнінен
бастап күшіне енеді.
5. Патент иеленушi уәкiлеттi органға кез келген адамға өнеркәсiптiк меншік
объектiлерiн пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын
беру туралы арыз бере
алады.
Көрсетiлген лицензияны сатып алуға тiлек бiлдiрушi адам патент иеленушiмен
төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда тiркетуге тиiс. Шарт
талаптары бойынша даулар сотта қаралады.
Ашық лицензия құқығын беру туралы патент иеленушiнiң өтiнiшi кері қайтарып алуға
жатпайды және ашық лицензиялар туралы бюллетеньде мәлiметтер жарияланған күннен бастап
үш жыл бойына күшiн сақтайды. Көрсетілген мерзiм шегiнде қорғау құжаттарын күшiнде
ұстағаны үшiн төлем ашық лицензиялар туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiнгi жылдан
бастап 50 процентке азаяды.
Лицензиялық шарт жасалған жағдайда, қорғау құжатын күшiнде ұстау ақысы осы шарт
жасалған жылдан кейiнгi жылдан бастап толық көлемде жүргiзiледi.
6. Елдегі төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өнеркәсiптiк
меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң келiсiмiнсiз, бiрақ оны дереу хабардар етiп және
оған мөлшерлес өтемақысын төлей отырып пайдалануға рұқсат етуге құқығы бар. Өтемақының
мөлшерi туралы дауларды сот шешедi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
1. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез
келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып
есептеледi.
Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi
рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық
айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану
немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын
бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда
қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi.
2. Патент иеленушi:
1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды;
2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап,
бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн;
3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап,
қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды;
4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық
есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың
орнын толтыру
немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап,
азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы
деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз
пайдасына алып қоюға;
6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты
мiндеттi түрде жариялауға құқылы.
3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды
лицензиаттың да қоюы мүмкiн.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586
Заңымен.
5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-бабының 1-
тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi)
бередi.
Өтiнiм электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрiнде
берiлуi мүмкiн.
2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм қазақ немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтінiмнiң
өзге құжаттары қазақ, орыс тілдерінде немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа
құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасы
қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымына басқа тiлдегi
құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер
енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып
есептеледi.
3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының
немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган және сараптама жасау
ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн үшiншi тұлғалардың
өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2007.03.02
N 237
,
2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм
1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр
өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына
берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).
2. Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ
олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру
туралы өтiнiм;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық,
жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың
формуласы.
Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де
материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
7)
Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.
N 237
Заңымен.
Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге, сонымен бiрге ресми сараптама
жүргiзуге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту
негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе өтiнiм түскен
күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм
ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм
берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы
бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген өтiнiм құжаттары түскен күн