|
21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн сақтамағаны;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгiзу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;
4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртiбiн бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi;
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
|
21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
1. Тiркеушi орган, нотариус немесе Мемлекеттік корпорация:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн сақтамағаны;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгiзу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;
4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртiбiн бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi;
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
| 1 бәсеке бойынша тексеріс
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия өз құрамын бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болатын салаларда енгізіледі:
Конституциялық құрылыс;
Ұлттық қауіпсіздік;
Қоғамдық тәртіпті сақтау;
Адам құқықтары мен бостандықтары;
Халық денсаулығы.
Қызметтің бұл түрі жеке секторға, атап айтқанда, нотариатқа тапсырыла алады. Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеу келесі нәтижені көрсетті. ҚР «Нотариат туралы» заңнамасының Негіздеріне сәйкес, жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламаларды тіркеу нотариат функцияларына жатады. Бұл мақсаттар үшін, нотариаттың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламалардың тиісті тізілімі жұмыс жасайды. Осыған байланысты жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу бойынша қарым-қатынастарға қатысушыларды нотариустармен толықтыру ұсынылады. |