Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы



жүктеу 137,21 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі137,21 Kb.
#4469

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70 Заңы


"Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 21 қазан, N 319-320 (25290)

МАЗМҰНЫ


      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттiк және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесiн, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесi

      1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрi — Ассамблея) — заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президентi құратын, мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға ықпал ететiн мекеме.
      2. Ассамблея өз қызметiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүзеге асырады.
      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары — облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiмдерi жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметiн Ассамблея үйлестiретiн мекемелер.

       2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы


              заңнамасы

      1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Ассамблеяның мақсаты

      Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiңде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады.

       4-бап. Ассамблеяның негiзгi мiндеттерi

      Ассамблеяның негiзгi мiндеттерi:
      1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келiсiмдi және толеранттықты одан әрi нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      2) халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және дамыту;
      3) қоғамдағы экстремизмнiң және радикализмнiң көрiнiстерi мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу;
      4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси-құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;
      5) Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

       5-бап. Ассамблея қызметiнiң принциптерi

      Ассамблея қызметiнiң принциптерi:
      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;
      2) халық пен мемлекет мүдделерiнiң басымдылығы;
      3) нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге деген қатынасына, нанымдарына немесе кез келген өзге де жағдайларына қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;
      4) Ассамблея мүшелерiнiң тең құқылығы және оның құрамындағы қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi;
      5) жариялылық болып табылады.

       6-бап. Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары

      Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
      2) қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға жәрдемдесу;
      3) мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
      4) этносаралық саладағы өңiрлiк саясатты жетiлдiру;
      5) демография және көшi-қон саласындағы жоспарлар мен iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      6) елде және шет елдерде этносаралық жене конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихаттау;
      7) этносаралық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметiн жүзеге асыру;
      8) этносаралық қатынастар жай-күйiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн қолдану саласында мониторингтi жүзеге асыру;
      9) мемлекеттiк ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;
      10) шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету;
      11) этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және практикалық шараларды iске асыру және оларды
шешуге қатысу;
      12) этномәдени қоғамдық бiрлестiктерге әдiстемелiк, ұйымдастырушылық жене құқықтық көмек көрсету;
      13) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң диалогын қамтамасыз ететiн семинарлар, конференциялар өткiзу, өзге де iс-шараларды жүзеге асыру;
      14) этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
      15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерiнiң тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
      16) этносаралық келiсiмге жәрдемдесетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қызмет болып табылады.

       7-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ассамблеяға


              қатысты құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының Президентi:


      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
      2) Ассамблея қызметiнiң бағыттарын айқындайды;
      3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Ассамблея Сессиясын шақырады;
      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

      8-бап. Ассамблеяның құрылымы

      Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесi, Ассамблея Аппараты (Хатшылығы), облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

      9-бап. Ассамблея Сессиясы

      1. Ассамблея Сессиясы — Ассамблея мүшелерiнiң жиналысы (бұдан әрi — Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.
      2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президентi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет шақырады. Кезектi Сессияны шақыру туралы өкiм кезектi Сессияның еткiзiлетiн күнi, орны жене күн тәртiбi көрсетiлiп, ол басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
      3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесiнiң бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады жене оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде өткiзiледi.
      4. Сессияның ерекше құқығы:
      1) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң тоғыз депутатын сайлау;
      2) Ассамблеяның орта мерзiмдiк перспективаға арналған стратегиясын айқындауға тұжырымдамалық ұстанымдарды әзiрлеу жене оларды Ассамблея Төрағасының қарауына енгiзу;
      3) Ассамблеяның жұмыс жоспарын және Ассамблеяның орта мерзiмдiк перспективаға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шараларды бекiту;
      4) Ассамблея мүшелерiнiң есептерiн тыңдау;
      5) жалпы мемлекеттiк маңызы бар этносаралық және конфессияаралық келiсiм мәселелерi бойынша азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерiн қарау болып табылады.
      5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, Сессия заңды болып есептеледi.
      6. Сессияның шешiмi, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.
      Дауыс беру тәртiбi мен нысанын Сессия айқындайды.
      7. Сессияның шешiмiн Ассамблеяның Төрағасы бекiтедi. Ассамблея Сессиясының шешiмдерiндегi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға жiберiлген мемлекеттiк ұлттық саясат жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстар мiндеттi түрде қарауға жатады.
      Сессияның жұмысы Сессия шешiмiмен бекiтiлетiн регламентпен реттеледi.
      8. Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң тоғыз депутатын сайлауы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледi.

       10-бап. Ассамблея Кеңесi

      1. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылатын Ассамблея Кеңесi (бұдан әрi — Кеңес) жүзеге асырады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      2. Кеңес Ассамблеяның құрамына кiретiн этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, мемлекеттiк органдар басшылары арасынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Ассамблеяның басқа да мүшелерi енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Кеңестiң отырыстарын Кеңестiң Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келiсiм бойынша Ассамблея Төрағасының орынбасарлары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылдықта кемiнде бiр рет шақырады.
      4. Кеңестiң өкiлеттiктерiне:
      1) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну;
      2) Ассамблея мүшелiгiне кандидатураларды қарау;
      3) Қазақстан Республикасының Президентiне кезектi Сессияны шақыру және оның күн тәртiбi туралы ұсыныстар енгiзу;
      4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгiзу;
      5) Сессияның ерекше құзыретiне жатпайтын өзге де шешiмдер қабылдау жатады.
      5. Егер Кеңестiң жұмысына оның мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi.
      6. Кеңестiң шешiмi, егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.

       11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы)

      1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрамына кiретiн, қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетiн Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады.
      2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушiсi басқарады.
      3. Сессияның, Кеңестiң шешiмдерi және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      4. Аппараттың (Хатшылықтың) негiзгi функциялары:
      1) Ассамблеяның қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның iшiнде Ассамблеяның қызметiн сараптамалық-талдамалық және ақпараттық тұрғыдан қолдау;
      2) елдегi этносаралық келiсiмге ықпал ететiн халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да iс-шаралар мен акциялар өткiзу;
      3) мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және шет елдердiң осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимыл жасау болып табылады.

       12-бап. Ассамблея Төрағасы

      1. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны, Ассамблея Кеңесiн басқарады және Ассамблеяның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      2. Ассамблея Төрағасы:
      1) Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекiтедi және оларды iске асыру жөнiнде тапсырмалар бередi;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Ассамблея атынан үндеулер және мәлiмдемелер жасайды.
      3. Ассамблея Төрағасы өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Ассамблея Төрағасының орынбасарларына беруге құқылы.

       13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары

      1. Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      2. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары:
      1) Ассамблея Төрағасының ерекше құзыретiне кiрмейтiн өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
      2) Ассамблея Төрағасының тапсырмасы бойынша Ассамблея атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында және халықаралық ұйымдарда өкiлдiк етедi;
      3) Ассамблеядағы iстiң жай-күйi және бағдарламалық құжаттарының iске асырылу барысы туралы Ассамблея Төрағасына қажеттiлiгiне қарай ақпарат бередi.

       14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,


               астананың) ассамблеялары

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Ассамблеяның алдында есеп бередi және жауапты болады.


      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi лауазымы бойынша облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының төрағалары болып табылады.
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңiрлердiң ұлттық, әлеуметтiк-мәдени және қоғамдық мүдделерiн бiлдiру қажеттiгiн ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келiсiм бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының төрағасы айқындайды.
      4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.
      5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының кеңесi сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
      6. Әкiм аппаратының құрылымына кiретiн аппарат (хатшылық) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.
      Аппарат (хатшылық) меңгерушiсi өз мәртебесi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиiстi әкiм қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары:
      1) Ассамблеяның және оның Кеңесiнiң шешiмдерiн, Ассамблея Төрағасының өз шешiмдерi мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олар Ассамблея Кеңесiне жiберiледi;
      3) өңiрдегi этносаралық қатынастардың жай-күйi және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негiзде жүзеге асырады;
      4) жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметiн жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды.

       15-бап. Ассамблеяға мүшелiк

      1. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының — этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiк өкiлдерiнiң, мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң және олардың қоғамдағы беделi ескерiле отырып, өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.
      2. Ассамблеяға мүшелiкке кандидатуралар:
      1) облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұсыныстары негiзiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешiмi;
      2) республикалық, өңiрлiк этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң жоғары органдарының шешiмi бойынша ұсынылады.
      3. Ассамблеяға мүшелiкке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесiнiң отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.
      Қазақстан Республикасының Президентi ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кiргiзуге құқылы.
      4. Этномәдени қоғамдық бiрлестiктерден облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелiкке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешiмiмен ұсынылады және тиiстi аппаратқа (хатшылыққа) енгiзiледi.
      5. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелiкке барлық кандидаттар кеңестiң отырысында, ал кейiннен тиiстi ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекiтуiне ұсынылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының шешiмi бойынша тиiстi ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгi осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкiн.

       16-бап. Ассамблея мүшелерiнiң өкiлеттiгi

      1. Ассамблея мүшелерi қызметiн осы Заңмен айқындалған өкiлеттiгi шеңберiнде жүзеге асырады.
      2. Ассамблея мүшелерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
      1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесуге;
      2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тiлi мен мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға берiлген конституциялық құқықтарын iске асыруына, нәсiлдiк, ұлттық немесе тiлдiк белгiсi бойынша кемсiтушiлiктi болғызбауға қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      3) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша конференциялардың, семинарлардың, "дөңгелек үстелдердiң" және өзге де iс-шаралардың жұмысына қатысуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзуге бағытталған өзге де қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      3. Ассамблея мүшелерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
      1) этносаралық келiсiмдi, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiнiң сақталуына ықпал етуге;
      2) Ассамблея қызметi мәселелерi бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
      3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелердi талқылауға және шешiмдердi қабылдауға қатысуға;
      4) мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, ұлттық, рулық және дiни араздықты, өшпендiлiктi және дұшпандықты қоздыруға бағытталған iс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге;
      5) Ассамблея қызметiнiң принциптерiн және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
      4. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерiнiң Ассамблея мүшелерi үшiн осы бапта көзделгендей құқықтары мен мiндеттерi болады.

       17-бап. Ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтату

      1. Ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгi мынадай негiздер бойынша:
      1) Ассамблея мүшесiнiң өз бастамасы бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына немесе Қазақстанның шегiнен тыс жерлерге тұрғылықты тұру үшiн кетуiне байланысты;
      3) Ассамблея мүшесi болып табылатын және атқаратын мемлекеттiк қызметi бойынша Ассамблеяның құрамына кiретiн мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс орнын өзгертуiне байланысты;
      4) Ассамблея мүшесiнiң қайтыс болуына байланысты;
      5) Ассамблея мүшесiн заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануға байланысты тоқтатылады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгi:
      1) денсаулық жағдайы бойынша Ассамблея мүшесi ретiнде қызметiн жалғастыру мүмкiн болмаған;
      2) Ассамблея мүшесiнiң осы Заңда белгiленген өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармаған;
      3) Ассамблея мүшесi атағына кiр келтiретiн қылық жасаған;
      4) Ассамблея мүшесiне қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
      5) өзге де негiздер болған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы мүшесiнiң өкiлеттiгi осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша, сондай-ақ басқа облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға) тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.

       18-бап. Парламент Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған


               депутаты өкiлеттiгiнiң тоқтатылуы

      1. Парламент Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған депутатының өкiлеттiгi Ассамблеяның шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.


      2. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған депутатын керi шақырып алу туралы шешiм Ассамблея Сессиясында қабылданады.
      3. Парламент Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы Ассамблеяның шешiмi қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына берiледi.

3-тарау. ҚЫЗМЕТТI ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      19-бап. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы


              бар қала, астана) ассамблеяларының қызметiн
              қаржыландыру көздерi

      Ассамблея, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, Ассамблеяның құрамына кiретiн этномәдени қоғамдық бiрлестiктер ұйымдастыратын Қазақстандағы этносаралық келiсiмдi қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржыландырылады.



4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                        Н.НАЗАРБАЕВ
жүктеу 137,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау