«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 276 Kb.
бет1/3
Дата20.11.2018
өлшемі276 Kb.
#22391
  1   2   3

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен   
бекiтiлген       

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету
стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын мән-жайларды заңдық ресiмдеу рәсiмi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi (тууды, неке қиюды, некенi бұзуды, әкелiктi анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi, қайтыс болуды тiркеу) аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар), сондай-ақ (тууды, некенi бұзуды, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу) мекенжайлары осы стандарттың 1, 1-1-қосымшаларында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы баламалы негiзде көрсетедi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм iшiнде тууды; әкелiктi анықтауды; бала (қыз) асырап алуды; сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды; белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды; қайтыс болуды тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 2 жұмыс күнi, тиiстi құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 15 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, басқа органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады.
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм бұзылған кезде тууды; неке қиюды; кәмелетқе толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды; тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк-қызмет көрсету мерзiмi бiр айдан аспайтын мерзiмге дейiн ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм iшiнде тууды; сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды; белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 2 жұмыс күнi, тиiстi құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 15 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады.
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм бұзылған кезде тууды; кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды; тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi бiр айдан аспайтын мерзiмге дейiн ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж белгiлендi ол:
      1) тууды, әкелiктi анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала (қыз) асырап алуды, қайтыс болуды тiркегенi үшiн - алынбайды;
      2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 1 айлық есептiк көрсеткiш;
      3) сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркегенi үшiн - 1,5 айлық есептiк көрсеткiш;
      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды тiркегенi үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш;
      5) белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркегенi үшiн - 0,1 айлық есептiк көрсеткiш;
      6) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш;
      7) шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алғанын тiркегенi үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш.
      Мемлекеттiк баж және мемлекеттiк алым Қазақстан Республикасының банк мекемелерi арқылы тиiстi аумақтық бөлiнiстiң салық комитетiнiң есеп айырысу шотына төленедi, онда төлем құжаттары берiледi (төлем мөлшерi мен уақытын растайтын түбiртек немесе «электрондық үкiметтiң төлем шлюзi» арқылы берiлген төлем туралы чек).
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берiлгенi үшiн;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесiн анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертiлген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн;
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер ауыстырылып берiлгенi үшiн;
      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесiн анықтауға байланысты тууы туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерi және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiсiмен аптасына бес күн көрсетiледi. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз ұсынылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесi сағат 9.00-дан 18.30-ға дейiн, түскi 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен жүзеге асырылады. Орталыққа жүгiнген кезде:
      жексенбiнi және мереке күндерiн қоспағанда, Орталықтардың бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз аптасына алты күн көрсетiледi. Филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Уәкiлеттi органның ғимаратында азаматтарды қабылдауға арналған, ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлек кабинет жасақталған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушылар үшiн жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкiлер үлгiсi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар:


      заңнамада белгiленген мерзiм iшiнде тууды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 3-қосымшасы);
      2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;
      3) ата-анасының неке қию куәлiгiнiң көшiрмесi немесе некеге тұрмаған анасының өтiнiшiн;
      4) туу туралы емдеу мекемесiнiң анықтамасын немесе кемiнде екi куәгердiң айғағын ұсынады.
      Заңнамада белгiленген мерзiм бұзылған кезде қосымша мынадай құжаттар берiледi:
      1) туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы баланың туған жерi бойынша аумақтық әдiлет органының анықтамасы;
      2) оның тұратын жерi бойынша баланың денсаулығы туралы медициналық анықтамасы.
      Ата-анасының бiрлескен өтiнiшi бойынша әкелiктi анықтауды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 4-қосымшасы);
      2) баланың туу туралы куәлiгi;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      Сот шешiмiнiң негiзiнде әкелiктi анықтауды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 4-1-қосымшасы);
      2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) әкелiктi анықтау туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      4) баланың туу туралы куәлiгi.
      Бала (қыз) асырап алуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 5-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      4) баланың туу туралы куәлiгi;
      5) бала (қыз) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      6) бала (қыз) асырап алушылардың неке қию туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
      Егер бала (қыз) асырап алушылар шетелдiктер болған кезде, онда қосымша бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн күнi мен көлемiн растайтын төлем құжаты берiледi.
      Неке қиюды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 6-қосымшасы);
      2) некеге тұратын тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн күнi мен көлемiн растайтын төлем құжаты;
      Егер заңнамада белгiленген мерзiмдi қысқарту не ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат берiледi.
      Егер некеге неке жасына толмаған тұлғалар тұратын кезде заңды өкiлдерiнiң келiсiмдерi берiледi.
      Сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 7-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) неке бұзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      4) бюджетке мемлекеттiк баж төлеген мөлшерi мен күнiн растайтын төлем құжаты.
      Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 7-1-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) неке қию туралы куәлiк;
      4) құжаттарды беру кезiнде - некенi бұзу үшiн бюджетке мемлекеттiк баж төлеген мөлшерi мен күнiн растайтын төлем құжаты.
      Белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде некенi бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 7-2-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) сот шешiмiнiң не сот үкiмiнiң көшiрмесi;
      4) неке қию туралы куәлiк;
      5) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн күнi мен көлемiн растайтын төлем құжаты.
      Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 8-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiнiң туу туралы куәлiгi;
      3) егер өтiнiш берушi некеде тұрса, неке қию туралы куәлiгi;
      4) кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлiгi (егер өтiнiш берушiнiң кәмелетке толмаған балалары болса);
      5) бала (қыз) асырап алу туралы куәлiк не әке болуды анықтау туралы куәлiк (егер азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұлар тiркелген болса);
      6) некенiң бұзылуы туралы куәлiк (егер өтiнiш берушi некенiң бұзылуына байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы өтiнiш жасаса);
      7) өтiнiш берушiнiң 3x4 мөлшерiнде 2 фотосуретi;
      8) өтiнiш берушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру себептерiн түсiндiре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлi өмiрбаяны;
      9) жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (әскери қызметшiден - оның жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамнан - туу туралы куәлiк).
      Қайтыс болуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 9-қосымшасы);
      2) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжат;
      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат берiледi.
      Қолданыстағы неке және отбасы туралы заңнамаға сәйкес қайтыс болуы туралы куәлiктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тiзiмiне енетiн тұлғаларға берiледi.
      13. Өтiнiштер бланкiлерi уәкiлеттi органның тиiстi кабинетiнде не Орталықтың күту залындағы арнайы бағандарда немесе Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар уәкiлеттi органның маманына тапсырылады.
      Тұтынушы тiкелей жүгiнген кезде уәкiлеттi органның маманы азаматтық хал актiлерiн тiркеуге берiлген құжаттарды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келуiн тексередi; азаматтық хал актiлерiн тiркеуге берiлген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар өтiнiш берушiге тиiстi түсiнiктемелер мен кеңестермен қайтарылады; азаматтық хал актiлерiн тiркеуге берiлген құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келгенде өтiнiштi арнайы есепке алу журналында тiркейдi; қажет кезде тиiстi органдарға сауал жолдайды; азаматтық хал актiсiн тiркейдi; дайын құжатты тұтынушыға табыс етедi.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлген құжаттарымен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның маманы, осы тармақтың 2-абзацында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырады және тұтынушыға табыс ету үшiн Орталыққа жолдайды.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      15. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:
      1) сауалды қабылдаған күнi;
      2) қосымша берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды беретiн күнi мен уақыты;
      4) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған маманның тегi, есiмi, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға:
      1) сауалдың нөмiрi мен қабылдау мерзiмi;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру мерзiмi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Дайын құжаттарды берудi тұтынушы жүгiнген кезiнде уәкiлеттi органның маманы жүзеге асырады.
      Тұтынушыға дайын құжаттар берудi Орталықтың инспекторы мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда уәкiлеттi орган, Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан түскен құжаттарды ресiмдеуде қателердi анықтаған кезде, не осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн екi жұмыс күнiнiң iшiнде оларды қайтару себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып бередi.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық оларды алған соң бiр жұмыс күнiнiң iшiнде тұтынушыға мәлiмдейдi және қайтару себебi туралы уәкiлеттi органның жазбаша дәлелдерiн бередi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға жiбередi.
      Уәкiлеттi органда құжаттардың сақталу мерзiмi мен оларды жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және Орталықтардың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру үшiн және шағым дайындауына көмек көрсету үшiн тұтынушы телефондары осы стандарттың 1-1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның басшыларына жүгiнедi.


      Орталықтың инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны арқылы ала алады.
      22. Шағымдар уәкiлеттi органның, Орталықтың басшыларының атына ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе кеңсе арқылы қолма қол жұмыс күндерiнде қабылданады. Уәкiлеттi органның, Орталықтардың басшыларының мекен-жайлары және телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Шағымды қараудың нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде почта арқылы жолданады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган басшыларының және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелерi уәкiлеттi органның, Орталықтың осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.


      Уәкiлеттi органның және Орталықтың байланыс телефондары, мекенжайлары 1, 1-1-қосымшаларда көрсетiлген, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның, Орталықтың ғимараттарындағы стендтерге орналастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы http//www.minjust.kz.

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу»  


мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша              

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13 32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу»  
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-1-қосымша            

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекен-жайы

Бөлiмнiң телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

Астана қаласының Әдiлет департаментi

010000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15 үй

(87172) 32-22-87,
32-32-95

39-12-13
қабылдау бөлмесi

2

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

020000, Көкшетау қаласы, М. Горького көшесi, 37 үй

(87162) 25-08-88,
25-06-89

25-29-16
қабылдау бөлмесi

3

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

050008, Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287 үй

(87272) 43-37-91,
42-69-94

77-55-45
қабылдау бөлмесi

4

Алматы облысының Әдiлет департаментi

488003, Талдықорған қаласы, Каблиса Жырау көшесi, 69-А үй

(87282) 24-47-18,
21-25-39

21-08-15
қабылдау бөлмесi

5

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

030000, Ақтөбе қ., Абылхаир-хан пр., 51А үй

(87132) 56-30-80,
56-03-36

56-30-80
қабылдау бөлмесi

6

Атырау облысының Әдiлет департаментi

060006, Атырау қаласы., Баймуханова көшесi, 16А үй

(87122) 35-75-10

35-75-38
қабылдау бөлмесi

7

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

070002, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6 үй

(87232) 22-26-61,
47-87-19

47-87-17
қабылдау бөлмесi

8

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

080000, Тараз қаласы, Қойгелды көшесi, 158А үй

(87262) 45-20-89

43-05-05
қабылдау бөлмесi

9

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

090006, Орал қаласы, Достык даңғылы, 208 үй

(87112) 51-52-69

51-35-45
қабылдау бөлмесi

10

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

100019, Карағанды қаласы, Жамбыл көшесi, 11А үй

(87212) 42-05-33,
42-05-39

42-05-33
қабылдау бөлмесi

11

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

110000, Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38 үй

(87142) 54-89-08,
54-82-23

54-82-23
қабылдау бөлмесi

12

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесi, 29 үй

(87242) 26-27-43,
26-17-30

26-19-35

13

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

130000, Ақтау қаласы, 12 шағын ауданы, 8 үй

(87292) 43-31-54

42-05-70
қабылдау бөлмесi

14

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18 үй

(87182) 32-16-21,
32-15-67

32-32-58
қабылдау бөлмесi

15

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

150010, Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 72 үй

(87152) 33-44-42,
33-76-66

33-26-35
қабылдау бөлмесi

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16 үй

(87252) 53-29-47,
23-32-71

23-23-76
қабылдау бөлмесi

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу»  
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша             

жүктеу 276 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау