017 жылғы тоқсанға құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ақпарат



жүктеу 52,72 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі52,72 Kb.
#17323


2017 жылғы 1 тоқсанға құқық бұзушылық профилактикасы

жөніндегі ақпарат
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті полиция қызметімен, Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлімшелерімен өзара тығыз байланыста қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жөнінде жоспарлы, жүйелі және мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Осылайша, қабылдап отырған шаралардың арқасында жыл басынан жалпы қылмысты тіркеудің төмендеуіне қол жеткізілді -34, 6% (қылмыстар 2818-ден 1844-ке дейін).

Аса ауыр түрдегі қылмыстар санының төмендегені байқалды - 45% (22-ден 12-ге дейін), ауыр қылмыс -39% (200-ден 121-ге дейін), с.і. кісі өлтіру -75% (8-ден 2-ге дейін), бопсалау -50% (2-ден 1-ге дейін), сондай-ақ қылмыстың бұзақылық сияқты түрі -33% (6-дан 4-ке дейін), тонау -48% (31-ден 16-ға дейін), малды ұрлау -100% (1-ден 0-ге дейін), боспалау -50% (2-ден 1-ге дейін).

Қоғамдық орындарда жасылған қылмыстар саны төмендеді -29% (361-ден 256-ға дейін),көшелерде -38% (143-тен 88-ге дейін), кәмілет жасқа толмағандармен -45% (20-дан 11-ге дейін), бұрын жасағандармен -9,6% (636-тен 575-ке дейін), мас күйінде -12% (251-ден 220-ға дейін), топпен 22% (123-тен 95-ке дейін), отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар 2016 жыл деңгейінде қалуда (5-тен 5-ке дейін).

Бейне бақылау жүйесі кеңінен пайдаланады, 262 камера (облыс орталығында 80 жәнеоблыс аудандарында 182).

Қазіргі кезде, архивтік деректерге облыс орталығының барлық меншік нысанындағы объектілерге орналастырылған 4 мың 466 сыртқы бақылау камерасына қол жеткізілді.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген ұйымдардың 900 бейне бақылау камераларын Интернетке алыстан қол жеткізу желісі арқылы шұғыл басқару орталығының операторларымен тәулік бойғы режимде қаралып отырады.

Ұқсас жұмыстар облыс аудандарында да жүргізіледі. Осылайша бүгінгі күніоблыстың жекелеген ауылдық округі бөлімдерінде бейне бақылау жүйесі орнатылды, онлайн режимдегі бейне тіркеуден полицияның учаскелік пункті мен учаскелік инспекторлардың мобильді телефондарда қаралады.

Көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу және жол бермеу үшін қылмыстық құқық бұзушылық картасы және криминогендік жағдайды күн сайын талдау негізінде есептік кезеңде 28 патрульдеу бағытына қайта орналастыру жүргізілді.

Бұрын сотталған адамдармен екінші қайтара және аса ауыр қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында, сот органдарына шартты-мерзімінен бұрын босату мерзімін жою туралы 19 ұсыным жолданды, оның 12 (2016 жылы - 5) қолдады, ол 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда +140% артық.

СЛПУ маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге 54 адам жолданды (2016 - 40), ол 2016 жылы жолданғандар санынан +35% артық.

Биылғы жыл басынан профилактикалық есепке 770 адам қойылды (1170 тұр), оның ішінде шартты-мерзімінен бұрын босатылғандар - 57 адам.

Әзірленген жоспарларға сәйкес облыс аумағында кәмілет жасқа толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлері криминалды полиция қызметтерімен, есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармамен, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен кәмілет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы мақсатында өзара әрекет жасаған кезде апта сайын жаппай жастар жиналатын орындарда және ойын-сауық орындарында рейдттік іс-шаралар өткізіледі.

Кәмілет жасқа толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін кәмілет жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қолайсыз отбасыларды анықтау жөнінде жұмыс жүргізеді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша 38 (2016-172) қолайсыз отбасылары анықталып, ІІО алдын алу есебіне қойылды оның ішінде - 8 (2016-15) құқығынан айрылды және 1 (2016-1) ата-ана құқығы шектелді, 40 (2016-63) кәмілет жасқа толмағандар ХБО орналастырылды және 2 (2016-1) Алматы қаласындағы және ШҚО Серебрянск қаласындағы девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған мамандандырылған мектепке жолданды.

Жасөспірімдер қылмысы профилактикасы жөніндегі тығыз өзара іс-қимыл мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасымен 2017 жылғы 07 ақпанда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жануарлар әлемі мен биосфераны сақтау үшін 2017 жылғы 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшылығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2017 жылғы 3 айда жергілікті полиция қызметі бөлімшелерімен 31 987 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ол 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда -15,9% кем (38 016-дан 31 987-ге дейін).

Талдау көрсеткендей әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы төмендеуі Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтаудың төмендеуінен блып отыр.

Осылайша 2017 жылғы 3 айда 17 486 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда -26% кем (23 674-тен 17 486-ға дейін).



Әкімшілік құқық бұзушылықтың осы санатын анықталуының төмендеуіне әсер еткен негізгі фактор, жол қозғалысын жаяу қадағалауды алып тастау фактісі, сондай-ақ жезлді пайдаланумен көлік құралдарын тоқтатуға тыйым салу болды.

Алайда, қоғамдық тәртіпті сақтау саласында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады +1,1% (14 342-ден 14 501-ге дейін).

Жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында үстіміздегі жылдың 10 ақпаны «Жолаушыларды тасмалдаушылар одағы» ҚБ және «ААвтокөлік одағы» ҚБ СҚО Ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қабылданған шаралардың арқасында есептік кезеңде жол-көлік оқиғаларының (2017 жыл – 34), (2016 - 34), онда жараланған адамдар санының (2017 – 45), (2016 - 45) өсуіне жол берілген жоқ, сонымен бірге қайтыс болғандар саны -61,5% (13-тен 5-ке дейін) азайды.

Білім басқармасы СҚО ІІД бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған облыстың оқу орындарында құқық бұзушылықты ескерту жөніндегі жұмыстың бірлескен жоспарын әзірледі. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастырған кезде ерекше назар балалардың құқықтары мен міндеттері, түрлі жастағы балалар арасында достық өзара қарым-қатынас қалыптастыру туралы білімді нығайтуға бөлінді.

Облыс мектептерінің оқушылары үшін қосымша білім берудің 74 ұйымында бос уақытын өткізу ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы спорт секцияларына 29560 оқушы немесе 41,9 % қатысады.



Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда және тұрақты бақылауда және мониторингте тұр.

ере
жүктеу 52,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау