| 129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар
…
2. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерiлетiн субъектiлерге мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне, меншiк нысандарына және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Жоқ
…
4. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күшi:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттар талаптарын орындауын бақылауға;
2) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға;
3) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
5. Осы тараудың күшi:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-iздестiру қызметi;
4-1) қарсы барлау қызметі;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
6. Осы Кодекстің 130, 131 және 158-баптарын қоспағанда, инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға байланысты қатынастарға осы тараудың күші қолданылмайды.
7. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында тізбеленген қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
9. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
10. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
11. Осы баптың 10-тармағының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.
| 129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар
…
2. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерiлетiн субъектiлерге мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне, меншiк нысандарына және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Осы кодекстің 140-бабы мен 3,5 - тармағы және осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда төмендегілердің біреуіне сәйкесуі қажет:
1) Қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау мақсатымен кенеттен және оперативті бақылау мен тексерудің жасалуын талап ету;
2) Сот төрелігін жүзеге асыру, қылмысқа қарсы күрес, құқық қорғау қызметі, қылмысты зерттеу, мемлекеттің мүддесіне тікелей қауіпке жол бермеуге байланысты;
3) Тексеру барысында тексерілген субъектілердің әрекеттерін болжау мүмкін болмаған жағдайда тексерілген субъектілердің анықталмаған ортасында байланысты ұдайы бақылау талап етіледі.
…
4. алынып тасталсын.
5. осы баптың 2 тармағының 1) және 2) тармақшаларының екінші бөлігіне сәйкес осы тараудың күшi:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-iздестiру қызметi;
4-1) қарсы барлау қызметі;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
6. алынып тасталсын.
7. Осы баптың 5-армақтарында тізбеленген қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.
8. Осы баптың 5-тармақтарында көрсетiлген, қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
9. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
10. Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган белгілейтін тәртіпте реттеушілік әсерді талдау шарасын алдын ала жүргізуі тиіс.
11. алынып тасталсын.
12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.
| |