«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



Дата14.11.2018
өлшемі77 Kb.
#19824

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға
рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi



      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарға немесе өкілдіктерге, шетелдiктерге, шетелдiк заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;
      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
      түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасы;
      импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасы.
      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;
      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
      2) порталға:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысанның электрондық көшірмесі;
      түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасының электрондық көшірмесі;
      импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасының электрондық көшірмесі.
      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;
      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
      Заңды тұлғаларының филиалдар немесе өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:


      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық


нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде орналастырылған.


      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлек6ттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Экспорттық бақылауға жататын


өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына


рұқсат алуға арналған өтініш

1. ________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

2. _______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
  бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
  нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
  өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты,
  әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды
                 (нақты) мекенжайы, телефоны

3. Жіберетін ел:

4. Алушының елі:

5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны):

6. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшартының), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы:
 
 
 

8. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды:

10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісімшарт валютасы

13. Құны:

9. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды:

11. Саны:

Басшы _________    ____________________________________________
       (қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны      Толтыру күні: 20__ жылғы «__» __________________.



15.Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
                       (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Өтініш қарауға қабылданды
20___жылғы «____» _________________

16. Рұқсаттың ерекше шарттары

«Экспорттық бақылауға жататын
өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына


рұқсат алуға арналған мәлiметтер нысаны*

      1. заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) № және күні: __________________________________________;


      2. жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың №, күні, берген мемлекеттік органның атауы: _________________________________;
      3. дара кәсiпкер үшiн - дара кәсiпкер ретiнде өтініш берушіні мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң № және берілген күні: ________________;
      4. Қазақстан Республикасынан өнімді әкетуге бұрын берілген рұқсат ету құжаты бойынша ақпарат: экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына берілген лицензияның №; берілген күні (жыл/күн/ай) _______________.

      * шетелдік заңды тұлға, шетелдік болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге заңды тұлға үшiн - көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғасын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; жеке кәсiпкер үшiн - көрсетілетін қызметті алушы жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн ұсынады. Көрсетілген құжаттар онда болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын өзге да құжаттарды ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау