«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет30/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   213

Реттеуші әсер етуді талдау

Жою жағдайлары ҚР КК 82 б. 3 т. екінші бөлімінде тіркелген, және де бірдей түрде жеткізу мақсатында (ПРК 62 б, 82 б. 1 т., 83 б. 4 т. қараңыз)




9-1 тарау. Жоқ

9-1 тарау. Ақпараттық құралдар

Ақпараттық құралдар

Жаңа тарау ақпараттық құралдарды және оларды енгізу тәртібін реттеу үшін енгізіледі.




112-1-бап. Жоқ

112-1-бап. Ақпараттық құралдар

1. Ақпараттық құралдар деп төменде берілген барлық талаптарға бір уақытта сәйкес келетін, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға ақпарат ұсынуды талап ету түсініледі:

1) ақпарат ұсыну міндетті болып табылады және ақпарат ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартуға әкеп соғады;

2) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынады;

3) ақпарат ұсыну осы ақпаратты ұсынушы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамасы бойынша жүзеге асырылмайды.

2. Осы тараудың қағидасы салық, кеден, қаржы және кредит саясаты саласында бар, сонымен қатар реттеудің бір субъектісіне таралатын ақпараттық құралдарға таралмайды.

Ақпараттық құралдар

Ұсынылатын бапта ақпараттық құралдар түсінігі берілді және оларға заңнама талаптарын жатқызудың нақты критерийлері анықталады.

Нақты критерийлердің болуы құқық қолдану тәжірибесіндегі барлық субъетілер үшін талаптарды ақпараттық құралдар ретінде бірегей бағалауға немесе керісінше оларға жатқызбауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік кодекстің 112-1 бабы 2 тармағымен жоба редакциясына мемлекеттік органдардың камералды бақылауы қалыптастырылған есептілік көлемі үлкен салалар үшін ерекшелеу ұсынылады.

Және де субъектісі жалғыз болып табылатын (мысалы, МЖЗҚ) есептілік түрлері үшін ерекшелеу ұсынылады.




112-2-бап. Жоқ

112-2-бап. Ақпараттық құралдар түрлері

Ақпараттық құралдардың төмендегідей тұрлері болады:

1) мемлекеттік органдарға тұрақты негізде ұсынылатын мерзімді есептілік;

2) мемлекеттік органның бастамасымен бір реттік ақпарат ұсыну;

3) рұқсат шаралары немесе басқа да бастамашылық өтініштер шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын ақпаратты қоспағанда, заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға бір реттік ақпарат ұсыну;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тура көзделген жағдайларда үшінші тұлғаға ұсынылатын ақпарат.

Ақпараттық құралдар

Ақпараттық құралдар түрлері жүргізілген түгендеу қорытындылары бойынша анықталды және кейін бірегей платформада ақпараттық құралдарды автоматтандыру үшін негіз бола алады.




112-3-бап. Жоқ

112-3-бап. Ақпараттық құралдарды енгізу ерекшелігі

1. Ақпараттық құралдар заңнамалық актілерде тура көзделген жағдайларда ғана енгізіледі.

2. Нақты ақпараттық құралдарды қарастыратын заңнамалық актілердің нормалары қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік органдар Үкімет бекіткен ақпараттық құралдардың толық тізіміне толықтырулар енгізуге бастамашылық етуі тиіс.

Ақпараттық құрал осы тармаққа сәйкес қабылданған Үкімет қаулысы қолданысқа енгізілген сәттен бастап енгізілді деп есептеледі.

Ақпараттық құралдар

Ақпараттық құралдарды енгізу ерекшеліктері оларды басқа реттеуші құралдардан ажыратады және Үкімет қаулысы деңгейінде ақпараттық құралдардың түпкі тізімін енгізу қажеттілігін білдіретін ерекшелікті қарастырады.




124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:



5) мыналарды:

теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.

Жоқ

124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар и

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:



5) мыналарды:

теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады;

контейнерлерде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау, жабық және изотермикалық вагондарда контрейлерлік жөнелтілімдер, бос контейнерлерді, жабық, изотермикалық вагондарды және фитингтік платформаларды тасымалдау қызметі.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау