129 және 140 баптарда бақылау және қадағалау салалары үшін ерекшелік ретінде анықталған критерийлерді Кодексте анық айқындау ұсынылады. Критерийлерді анықтау қажеттілігі мыналармен түсіндіріледі. Бастапқыда, тексерулер өткізудің жалпы тәртібінен ерекшеліктерді енгізу бақылау субъектілеріне қатысты тәуекелдерді бағалау жүйесін қолдану осындай субъектілердің белгісіздігі, тексеруді жоспарлау үшін олардың қызметінің стационарлығы болмауы, тұрақты бақылау қажеттілігі, сонымен қатар бақылауға түсетін нақты әрекеттің туындауы себебінен мүмкін емес салалар үшін қарастырылды. Осындай салалар болып табылды: Мемлекеттік шекарадан өтумен байланысты бақылау, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау, әуе кемелерінің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау (оның ішінде шетелдік), жануарлар әлемін, ормандарды қорғау барысында браконьерлікпен күресу, карантин аумақтарында іс-шаралар өткізу, есірткі заттардың айналымын бақылау, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қару ұстау және т.б. Бірақ, осыған қарамастан, бақылаушы органдар бақылау салаларының ерекшеліктеріне тексерулерді өткізудің жалпы тәртібін қолдануды қажет ететін бірқатар толықтырулар енгізді. Бұл осы салаларда мемлекеттік органдар тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданбай, прокуратура органдарында тексерулерді тіркемей, субъектілерді жоспарланып жатқан тексеру туралы хабарландырмай бақылау жүргізу үшін жасалды, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарға объектілерге бақылаусыз кіруге, тексерулер санымен шектелмеуге, «тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру» және «мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдіктер» қағидаларын сақтамауға мүмкіндік береді. Осындай салалар болып табылады: - электр станциялардың энергетикалық жабдықтарының техникалық күйін бақылау; - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау; - арнайы құрылғыдармен жабдықталған орындарда көлік тұрағы ережелерін сақтауды бақылау; - нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бойынша орталық мемлекеттік органдарды, маслихаттарды және әкімдіктерді бақылау; - жер қойнауын пайдаланушылардың барлау, өңдеу жүргізу шарттарының талаптарын орындауын бақылау; - бағалы металдардың және бағалы тастардың және т.б. айналымы саласы.
| 130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері 2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 142-бабының 1-тармағында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.
| 130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері
…
2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.
| Мемлекеттік бақылау және қадағалау Біріншіден, ведомстволық есептіліктің ішінде тексерулер жүргізудің реті жоқ, яғни 2 т. жатпайды Екіншіден, әртүрлі сандық көрсеткіштерді болдырмау үшін РБЖ автоматтандыру аясында есептілік нысандарын 1П есебіне біріктіру ұсынылады. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар вед. есептілікті толтыру және жариялау міндеттілігін орындамайды, және де сандар ҚСжАЕАК статистикасынан ерекшеленеді. |
| 132-бап. Тексерілетін субъектілер мен объектілер. Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң) қызметiне қойылатын талаптар 1. Қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері тексерілетін субъектілер болып табылады.
Тексерiлетiн субъектiде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, бақылауға және қадағалауға жататын мүлік тексерілетін объект болып табылады. 2. Тексерiлетiн субъектiлердiң (объектілердің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi. | 132-бап. Тексерілетін субъектілер мен объектілер. Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң) қызметiне қойылатын талаптар
1. Қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Бақыланатын және қадағаланатын субъектiде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, бақылауға және қадағалауға жататын мүлік бақыланатын және қадағаланатын объект болып табылады.
2. Бақыланатын және қадағаланатын субъектiлердiң (объектілердің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |