«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі



жүктеу 14,34 Mb.
бет153/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   213

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Меншікті тіркеу» индикаторы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында.




30-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру



2. Тексеру нәтижелері бойынша тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және тіркеуші органның тексеру жүргізген жауапты қызметкерінің тегін, атын (әкесінің атын), сондай-ақ оны өткізген күнін көрсете отырып, өтінішке тиісті белгі қояды.



30-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру



2. Тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және тіркеуші органның тексеру жүргізген жауапты қызметкерінің тегін, атын (әкесінің атын), сондай-ақ оны өткізген күнін көрсете отырып, өтінішке тиісті белгі қояды.


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Меншікті тіркеу» индикаторы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында.




31-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту

1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптар:



Ауыртпалықтар болған кезде құқықтардың ауысуын тіркеген жағдайда тіркеуші орган тіркеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды жүргізілген тіркеу туралы хабардар етуге тиіс.



2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады.

3. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге бас тартудың себептерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс.

      Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

      Тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаның және өтініш беруші тіркеуші органға ұсынған басқа да құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ тіркеуден бас тарту туралы электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.



31-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту



1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптар:

Ауыртпалықтар болған кезде құқықтардың ауысуын тіркеген жағдайда Мемлекеттік корпорация тіркеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды жүргізілген тіркеу туралы хабардар етуге тиіс.



2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тіркеуден бас тарту кезінде Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады.

3. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге бас тартудың себептерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс.

      Электрондық тіркелген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

      Тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаның және өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға ұсынған басқа да құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ тіркеуден бас тарту туралы электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Меншікті тіркеу» индикаторы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында.




32-бап. Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету

      1. Тіркеу кезінде жіберілген қателер тіркеуші органның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін.

      2. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың (құқық ауыртпалығының) тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді тіркеуші орган барлық мүдделі тараптарды жазбаша хабарландыра отырып, өз бастамасы бойынша түзетуі мүмкін. Хабарландырғаны туралы белгі тіркеу парағына қойылады. Хабарламалардың көшірмелері тіркеу ісінде сақталуға тиіс.

Тіркеу кезінде жіберілген қателер салдарынан мүддесі бұзылған кез келген тұлға тіркеуші орган тіркеу құжаттарына тиісті түзетулер енгізуден бас тартқан кезде сот шешімінің негізінде түзетулерді енгізу туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.

      3. Егер қателерді түзету тіркелетін құқықтың (құқық ауыртпалығының және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерінің) тиесілілігіне, сипатына немесе мазмұнына әсер ететін болса, мүдделі тұлғалар осындай түзетулерді енгізу қажеттігі туралы хабардар етілуге тиіс. Көрсетілген жағдайларда түзетулерді енгізуге барлық мүдделі тұлғалардың нотариат куәландырған немесе тіркеу органына өздері берген жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Мүдделі тұлғалар түзетулерді енгізуге келісім беруден бас тартқан немесе хабарлама алған кезден бастап бір ай ішінде жауап бермеген жағдайларда тіркеуші орган түзетулерді енгізу туралы шешім шығару үшін сотқа жүгінуге тиіс.

      4. Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде жүргізілсе және түзетулер осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты болса, осы орган мұндай құжатқа тиісті өзгерістер енгізген кезде ғана қателерді түзетуге жол беріледі. Көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізуді тіркеуші орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелерді сақтай отырып жүзеге асырады.



32-бап. Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету

      1. Тіркеу кезінде жіберілген қателер Мемлекеттік корпорацияның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін.

      2. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың (құқық ауыртпалығының) тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді Мемлекеттік корпорация барлық мүдделі тараптарды жазбаша хабарландыра отырып, өз бастамасы бойынша түзетуі мүмкін. Хабарландырғаны туралы белгі тіркеу парағына қойылады. Хабарламалардың көшірмелері тіркеу ісінде сақталуға тиіс.

Тіркеу кезінде жіберілген қателер салдарынан мүддесі бұзылған кез келген тұлға Мемлекеттік корпорация тіркеу құжаттарына тиісті түзетулер енгізуден бас тартқан кезде сот шешімінің негізінде түзетулерді енгізу туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.

      3. Егер қателерді түзету тіркелетін құқықтың (құқық ауыртпалығының және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерінің) тиесілілігіне, сипатына немесе мазмұнына әсер ететін болса, мүдделі тұлғалар осындай түзетулерді енгізу қажеттігі туралы хабардар етілуге тиіс. Көрсетілген жағдайларда түзетулерді енгізуге барлық мүдделі тұлғалардың нотариат куәландырған немесе Мемлекеттік корпорацияға өздері берген жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Мүдделі тұлғалар түзетулерді енгізуге келісім беруден бас тартқан немесе хабарлама алған кезден бастап бір ай ішінде жауап бермеген жағдайларда тіркеуші орган түзетулерді енгізу туралы шешім шығару үшін сотқа жүгінуге тиіс.

      4. Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде жүргізілсе және түзетулер осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты болса, осы орган мұндай құжатқа тиісті өзгерістер енгізген кезде ғана қателерді түзетуге жол беріледі. Көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізуді Мемлекеттік корпорация осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелерді сақтай отырып жүзеге асырады.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау