|
20-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;
2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру.
Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
…
2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
…
3) тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.
|
20-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;
2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
…
2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
…
3) Мемлекеттік корпорация:

| |