Корпорация қаржысына анықтама беріңіз
Корпоративтік қаржы функцияларына анықтама беріңіз
Корпорация – бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған шаруашылық
субьект, оның экономикалық мақсаты қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету және пайда алу болып табылады. Корпорация қаржысы – шаруашылық қызметінің үдерісінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.
Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері белгілі бір қағидаларға негізделеді, олардың қатарына мыналар жатады:
-коммерциялық-шаруашылық есеп;
-жоспарлылық;
-меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
-қаржы резервтерінің болуы.
Корпоративтік қаржы – бұл корпорацияның өндірістік – шаруашылық қызметіндегі процесінде
орнайтын ақшалай қатынастар жүйесі. Қаржы категориясының ерекше белгілері, бұл :
•Ақшалай сипаты;
•Бөлінусипаты;
• Ақшалай қорлардың құрылуы болып табылады.
3. Қаржы стратегиясы және қаржы тактикасы ұғымын сипаттап жазыңыз
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.
Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,
Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |