|
27-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер
…
2. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді тіркеуші орган мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжаттарды бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
…
4. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші органның өз құзыретінің шегінде өтініш берушіден (өтініш берушінің уәкілетті өкілінен), өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан, соның ішінде мемлекеттік органдардан, егер бұл шешім қабылдау үшін қажет болса, ақпаратты, түсіндірулерді және құжаттарды сұратуға құқығы бар.
5. Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Хабарламада тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жою үшін өтініш берушінің кейінгі іс-әрекеттері және осы үшін қажетті мерзімдер көрсетілуге тиіс.
Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
…
|
27-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер
...
2. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді Мемлекеттік корпорация мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжаттарды бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
…
4. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрған кезде Мемлекеттік корпорацияның өз құзыретінің шегінде өтініш берушіден (өтініш берушінің уәкілетті өкілінен), өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан, соның ішінде мемлекеттік органдардан, егер бұл шешім қабылдау үшін қажет болса, ақпаратты, түсіндірулерді және құжаттарды сұратуға құқығы бар.
5. Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Хабарламада тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жою үшін өтініш берушінің кейінгі іс-әрекеттері және осы үшін қажетті мерзімдер көрсетілуге тиіс.
Электрондық тіркелген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
…
| «Doing Business» Дүниежүзілік Банкі «Меншікті тіркеу» индикаторы Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында. |