2 курс(типо) студенті: Мырзабеков М.Қ



жүктеу 186,5 Kb.
бет1/4
Дата04.01.2022
өлшемі186,5 Kb.
#31764
  1   2   3   4
kurstyk


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақстан-Американдық еркін университеті


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «Бірінші сатыдағы сот актілері»

«Құқықтану» мамандығы бойынша

Орындаған .

2 курс(ТИПО) студенті: Мырзабеков М.Қ.


Тексерген

Аға оқытушы: Адильмуратова Р.А.

Өскемен, 2019

Жоспар




Кіріспе……………………………………………………

3

Негізгі бөлім ………………………………………………………

4

І Бірінші сатыдағы сот актілері…………………………………

4

1.1 Сот шешімі………………………………………………………

4

1.2 Азаматтық істердің түрлі санаттары бойынша сот шешімдері……..

6

1.3 Шешімнің заңды күшіне енуі…………………………….

8

1.4 Сот ұйғарымы және бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері…

10

1.5 Соттың жеке ұйғарымы…………………………………………

11

ІІ Шешім шығарылған соң сотпен жасалатын іс жүргізу әрекеттері

14

2.1 Дәлелді шешім және шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету……………………………………….

14

2.2 Қосымша шешім………………………………………………..

15

2.3 Шешімді түсіндіру……………………………………………..

17

2.4 Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту……………….

19

ІІІ Қосымшалар……………………………………………………

21

3.1 Сот шешімінің үлгісі………………………………………..

21

3.2 Соттың бітімгершілік келісімге келу туралы ұйғарымының үлгісі……………………………………………

23

Қорытында…………………………………

25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................

26

Кіріспе


Өздеріміз білетіндей, «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні – жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін негізгі пәндер тізіміне енгізілген. Бұл пән әр уақытта өз қиындығымен, азаматтық іс жүргізу құқығында реттелетін құқықтық қатынастардың түрлерінің көптігімен сипатталады [2].

Азаматтық іс – азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1)сотта азаматтық істің қозғалуы;

2)істі сотта қарауға әзірлеу;

3)істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4)істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5)заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

6)заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7)атқару ісін жүргізу;

Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.

Жоғарыда аталып кеткен процесс сатылары, барлық азаматтық істі қарау бірінші сатыдағы сот өндірісінен басталатыны. Бірінші сатыда істің қаралуы өз кезегінде тиісінше сот актілерін шығарумен аяқталатындығы да белгілі. Бірінші сатыдағы сот актілері- жазба нысанда жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер.

Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі . Мұнда құқық турулы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.

1) сот қаулысы;

2) сот шешімі;

3) сот ұйғарымы;

4) сот бұйрығы.

Сот қаулысы –бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара,алқы құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін рәсімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Заңи (іс жүргізушілік) мәні, міндеттілігі және өзге маңызды құқықтық белгілері бойынша сот актілері бір-бірінен ерекшеленбейді.

1 Бірінші сатыдағы сот актілері

1.1 Сот шешімі

Сот шешімі нысанында шығарылатын сот актісі азаматтық дау мәні бойынша шешімін тапқандығын көрсететін іс жүргізу құжаты болып табылады. Дауды мәні бойынша шешу дегеніміз талап қою арызында қойылған барлық мәселелер бойынша сотпен шешім шығарылуы; дәл осы белгісімен сот шешімі ұйғарым мен қаулыдан ерекшеленеді. Сот шешімі заңдылық және негізділік талаптарына жауап беруі керек, яғни оны шығару барысында сотқа даулы құқықтық қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданылуы туралы талап қойылады. Шешімнің өзі іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес құрастырылуы, шығарылуы және жариялануы тиіс.

ҚР АІЖК 219-шы бабының сот кеңесу бөлмесінде шешім шығарғанкезде міндетті шешілуі тиіс мәселелер тізімі берілген.

Шешім шығарған кезде сот:


  • Дәлелдемелерге баға береді;

  • Іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанындығы және қандай мән-жайлар анықталмағанындығы жөнінде тұжырым жасайды;

  • Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарының қандай екенін анықтайды;

  • Осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиіс екенін белгілейді;

  • Қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын не жатпайтынын анықтайды;

Сот шешімінің құрылымы кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. ҚР АІЖК 220-шы бабына істі мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, оның құрылымы тек қана кіріспе, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады[1].

Толық мәтін (сипаттамалық бөлігін қосып) тараптардың жазбаша өтінімі негізінде немесе шешімм заңды күшіне енгенге дейін сот қалауы бойынша шығарылады.

Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылып жарияланады, оның кіріспе бөлімінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:


  • Шешімнің шыққан уақыты мен орны;

  • Шешімді шығарған соттың атауы;

  • Сот құрамы;

  • Сот отырысының хатшысы;

  • Сот приставы;

  • Тараптар;

  • Іске қатысушы өзге де адамдар және өкілдер;

  • Даудың нысаны немесе талап арызда мәлімделген талап.

Шешімнің сипаттау бөліггі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы өзге де адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлар, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; белгілі бір дәлелдемелердің ққабылданбағандағының негіздері және сот басшылыққа алған заңдары көрсетіледі.

Сотта жауапкер талапты мойындауы мүмкін; жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда шешімнің дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі жеткілікті.

Талап арызында мәлімделген талаптар қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде «талап қанағаттандырылсын» (толық немесе ішінара) деп жазылады. Сот мәлімделген талаптар негізсіз қойылған деп таныса, сот шешімінде «талап (толық немесе ішінара) қанағаттандырусыз қанағаттандырылсын» деп жазылады.

Шешімнің қарар бөлігінде егер сотпен мерзімді төлемдер туралы дау шешілсе, онда шешімнің орындалу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Бұл сонымен қатар:


  • Алимент өндіру туралы;

  • Жастары үлкен ата-аналарын күту үшін ақшалай сомаларды өндіру туралы;

  • Белгіленген соманы индекстеу туралы;

  • Шешім заңды күшіне енгенге дейін талапкердің (қызметшінің) мәжбүрлі бос жүргені үшін еңбек ақысын өндіру туралы және т.б. шешімдерде көрсетілуіі қажет.

ҚР АІЖК 241-ші бабына сәйкес сот отырысына келмеген тараптарға және басқа іске қатысушы тұлғаларға түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап бес күннен кешіктірілмей шешімнің көшірмелері жіберіледі немесе қолдарына тапсырылады[1].

Бірінші сатыдағы сот шешімі түпкілікті (өзгермейтін) мазмұндағы құжат болып табылады, алайда іс жүргізу заңы оған түзету енгізуге мүмкіндік береді; қосымша шешім шығаруға қатысты қолданыстағы заңнамада жекелеген ережелер көзделген (А) қараңыз.




Шешім

Шешім шығарған кезде сот

Сот шешімінің құрылымы

Дәлелдемелерге баға береді

Кіріспе

Іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанындығы және қандай мән-жайлар анықталмағанындығы жөнінде тұжырым жасайды

Сипаттама



Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарының қандай екенін анықтайды

Дәлелдеу


Осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиіс екенін белгілейді

Қарар

Қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын не жатпайтынын анықтайды

Кіріспе бөлімінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс



  1. кесте. Сот шешімінің бөлімдері

1.2 Азаматтық істердің түрлі санаттары бойынша сот шешімдері

Шешім мәтінін құрастыруда қолданылатын түрлі заңи терминдер мен сөз тіркестері, даудың құқықтық сипаттамасы азаматтық істердің тиісті санаттары бойынша сот актілерін бөлуге мүмкіндік береді.

Азаматтық юрисдикциядағы соттардың жалпы жүктемесінің басым бөлігін ақша сомаларын өндіріп алу туралы азаматтық істер құрайды. (Б) қараңыз



Көптеген азаматтық істер бойынша соттар ақша сомаларын өндіру мәселелеріне тап келеді, олардың қатарында мынадай сипаттағы істерді атап көрсетуге болады

1) мүліктік (материалдық) зиянды өтеу туралы;

2) моральдық зиянды өтеу туралы (егер талап қоюшымен ақшалай талап қойылса);

3) қызметшінің жалақысын өндіріп беру туралы;


4) жалға алуға қатысты төлемдерді өндіру туралы;

5) ренталық төлемдерді өндіру туралы;

6) жұбайлардың бірлесіп жжинаған мүлкін бөлу туралы;


  1. кесте. Азаматтық істердің түрлі санаттары бойынша сот шешімдері

Мүдделі тұлға атқару құжатын немесе өзге құжатты жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін. Әдетте мұндай талаптар өздеріне қатысты атқарушылық әрекеттері (соманы өндіру, мүлікті алып қою немесе тәркілеу) қолданылып жатқан борышкерлер тарапынан беріледі.

Тәжірибеде атқару құжатында шын мәнінде борышкерге тиісті емес мүлік көрсетіліп, ол мүлік алынып қоюы мүмкін. Кейбір жағдайларда бір мүлікке қатысты екі немесе одан да көп атқару парағы жазылып, әрбір өндіріп алушы осы атқару құжаттары бойынша өздерінің құқықтарының орындалуын талап етеді. Сондай-ақ, аталған талаптарға ұқсас талаптар қоюға өзге де негіздер болуы мүмкін.

ҚР АІЖК 2224-ші бабына сәйкес, өндіріп алу даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде нотариустың атқарушы жазбасының негізінде жүргізілетін атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімнің қарар бөлігінде атқарылуға тиісті емес құжаттың атауы, номері, күні және есептен шығғарылуға жатпайтын сома көрсетіледі.




жүктеу 186,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау