«кадр маманы – 2015» байқауы



жүктеу 97,66 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі97,66 Kb.
#1426

«КАДР МАМАНЫ – 2015» БАЙҚАУЫ

Тест сұрақтары


1. Төмендегі аталған құжаттардың қайсысы жергілікті нормативтік актілер болып

табылады?



  1. ұжымдық шарт;

  2. ішкі еңбек тәртібінің ережелері;

  3. жеке деректерді өңдеу тәртібі туралы ереже;

  4. қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық.


2. Қандай құжаттар, қызмет ерекшелігіне тәуелсіз, міндетті түрде жұмыс берушіде – ұйымда болу керек?

  1. жарғы;

  2. ұжымдық шарт;

  3. штаттық кесте;

  4. еңбек демалысының кестесі;

  5. еңбекақының жүйесін орнататын жергілікті нормативті актілер;

3. Аталған жергілікті нормативтік актілердің қайсысын жұмыс беруші – заңды тұлға жасамауына болады?



  1. ішкі еңбек тәртібінің ережелері;

  2. қызметкерлерді оқыту туралы ереже;

  3. еңбек демалысының кестесі;

  4. бейімделу туралы ереже.


4. Ұйымда қызметкерлердің өкілді органдары құрылмаса, ішкі еңбек тәртібінің ережелері бекітіледі ме?

  1. бекітілмейді;

  2. жұмыс беруші өзі бекітеді;

  3. қызметкерлердің өкілді органдары құрылғаннан кейін бекітіледі.


5. Барлық жұмыс берушілер еңбек кітапшаларын толтыру керек пе?

  1. түгел барлық жұмыс берушілер;

  2. түгел барлық жұмыс берушілер – жеке тұлғалар;

  3. түгел барлық жұмыс берушілер – заңды тұлғалар;

  4. жеке кәсіпкер болып табылмайтын жұмыс берушілер – жеке тұлғалар;

  5. жеке кәсіпкер болып табылатын жұмыс берушілер – жеке тұлғалар;

6. Қызметкердің еңбек кітапшасы қай жерде сақталады?

  1. негізгі жұмысы бойынша жұмыс берушіде;

  2. қосалқы жұмысы бойынша жұмыс берушіде;

  3. қызметкердің қалауымен, негізгі жұмысы бойынша жұмыс берушіде немесе қосалқы жұмысы бойынша жұмыс берушіде;

  4. қызметкерде.


7. Ұйымда еңбек кітапшасының жүргізілуіне кім жауап береді?

  1. тек қана ұйым басшысы;

  2. еңбек кітапшаларының жүргізілуіне жауапты, ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған уәкілетті тұлға;

  3. ұйым басшысы, егер ол еңбек кітапшаларының жүргізілуіне жауапты уәкілетті тұлға тағайындамаса;

8. Еңбек кітапшасына жазалар, төлетулер енгізіле ме?

  1. енгізілмейді;

  2. енгізіледі;

  3. тек қана қызметкердің келісімімен енгізіледі;

  4. енгізіледі, тек қана тәртіп жөніндегі жаза жұмыстан шығару болса.


9. Еңбек кітапшасына қосалқы жұмысы туралы мәлімет жазыла ма?

  1. жазылмайды;

  2. қызметкердің қалауымен негізгі қызметі бойынша жазылады,;

  3. қызметкердің қалауымен қосалқы қызметі бойынша жазылады,;

  4. жұмыс берушінің бастамасымен негізгі қызметі бойынша жазылады,;

  5. жұмыс берушінің бастамасымен қосалқы қызметі бойынша жазылады,;

10. Жұмыстан босатқанда, жалпы ереже бойынша, қызметкерге қай күні еңбек кітапшасы берілу керек?

  1. жұмыстың соңғы күні;

  2. жұмыстың соңғы күнінен кейінгі келесі күні;

  3. қызметкер өзі сұрағанда.


11. Еңбек шартын тоқтатқан күннен бастап, еңбек кітапшасын қызметкерге беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жұмыс беруші не істеу керек?

  1. еңбек кітапшасын пошта арқылы жіберу;

  2. еңбек кітапшасын мұрағатқа тапсыру;

  3. қызметкерге еңбек кітапшасына келу туралы, немесе поштамен жіберуге келісімін беру туралы хабарландыру қағаз жіберу.


12. Қандай құжаттар 5 жыл сақталу мерзімімен іске тігіледі?

  1. басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтар;

  2. жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру туралы бұйрықтар;

  3. еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтар;

  4. қызметкерді Қазақстан Республикасының аумағында іссапарға жіберу туралы бұйрықтар.


13. Қызметкерлердің өтініштері қалай жазылу керек? (еңбек демалысына жіберу туралы, жұмыстан босату туралы)

  1. тек қана қолмен жазылу керек;

  2. тек қана компьютерде теріліп жазылу керек;

  3. қолмен жазылу керек немесе компьютерде жазылу керек.


14. Алқалы органдар қызметін құжаттау барысында қандай құжаттар жасаладыприказы;

  1. хаттамалар;

  2. қызметтік хаттар;

  3. актілер;

  4. хаттар.


15. Хаттамаға кім қол қояды?

  1. алқалы шешім шығару барысында қатысқандар;

  2. алқалы шешім шығару барысында дауыс беру құқығы бар қатысушылар;

  3. хатшы және төрағалық етуші;;

  4. тек қана төрағалық етуші;

  5. тек қана хатшы.


16. Құжаттардың көшірмесі қалай куәландырылады?

  1. жоғарғы жақтағы оң жақ бұрышында көшірмені куәландырған тұлғаның лауазымы мен жеке қолы көрсетілген «Көшірме» деген куәландыратын жазуды қою арқылы;

  2. көшірмені куәландырған тұлғаның жеке қолы, оның талдауы және куәландырған күні көрсетілген «Қол қою» деректемесінен төмен «Көшірме» деген жазуды қою арқылы;

  3. жоғарғы жақтағы оң жақ бұрышында көшірмені куәландырған тұлғаның лауазымы, жеке қолы, оның талдауы, куәландырған күні көрсетілген «Дұрыс» деген куәландыратын жазуды қою арқылы;

  4. көшірмені куәландырған тұлғаның жеке қолы, оның талдауы және куәландырған күні көрсетілген «Қол қою» деректемесінен төмен «Дұрыс» деген жазуды қою арқылы;


17. Ұйым басшысы немесе басқа да уәкілетті тұлға жергілікті нормативтік актіні бекіткенде, қандай деректеме қойылу керек?


  1. бекіту грифі;

  2. келісу бұрыштамасы;

  3. бекіту бұрыштамасы.


18. Ұйым басшысының бұйрығымен жергілікті нормативтік актіні бекіткен кезде бекіту грифіне қандай сөздер қосылуы мүмкін?

  1. БЕКІТЕМІН;

  2. БЕКІТІЛДІ;

  3. КЕЛІСІЛДІ;

  4. ҚАРАУ;


19. Ұйым номенклатурасының негізгі бөлігі ретіндегі кадр қызметінің іс номенклатурасы қандай мерзімділікпен жасалу керек?

  1. бес жылда бес рет;

  2. қажеттілігіне қарай басшының бұйрығына сәйкес;

  3. үш жылда бір рет;

  4. жыл сайын.


20. Қызметкерлердің жеке істері қанша жыл сақталады?

  1. 1 жыл;

  2. 75 жыл;

  3. 5 жыл;

  4. үнемі;

  5. 3 жыл.


21. Төмендегі аталған құжаттардың қайсысының сақталу мерзімі 5 жылды құрайды?

  1. ұжымдық шарт;

  2. жұмыс уақытын есептеу табелі;

  3. еңбек демалысының кестесі;

  4. кезекті еңбек демалысын беру туралы бұйрықтар;

  5. жалақы сақталмайтын кезекті еңбек демалысын беру туралы бұйрықтар;

  6. оқу демалыстарын беру туралы бұйрықтар;

  7. приказы о предоставлении учебных отпусков.


22. Қызметкерге жылсайынғы негізгі ақылы демалыс беру туралы бұйрықтардың сақталу мерзімі қанша?

  1. 1 жыл;

  2. 5 жыл;

  3. 10 жыл;

  4. 75 жыл.


23. Қандай құжаттар 75 жыл сақталу мерзімімен іске тігіледі?

  1. басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтар;

  2. тегін өзгерту туралы бұйрықтар;

  3. еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтар;

  4. жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар;

  5. жаза тартқызу туралы бұйрықтар.


24. Ішкі еңбек тәртібінің ережелері қандай тәртіппен бекітіледі?

  1. қызметкерлердің уәкілетті органы болса да, жұмыс беруші өзі бекітеді.

  2. мемлекеттік еңбек инспекциясының пікірін ескере отырып, жұмыс беруші бекітеді.

  3. қызметкерлердің уәкілетті органының (бар болған жағдайда) пікірін ескере отырып, жұмысшы бекітеді

  4. қызметкерлердің уәкілетті органымен (бар болған жағдайда) келісіліп, жұмысшы бекітеді


25. Еңбек демалыстарының кестесі қалай бекітіледі?

  1. бастауыш кәсіподақ ұйымы сайлау органының пікірін ескере отырып(ондай орган болған жағдайда), жұмыс беруші бекітеді.

  2. бастауыш кәсіподақ ұйымы сайлау органымен келісіліп (ондай орган болған жағдайда), жұмыс беруші бекітеді.

  3. бастауыш кәсіподақ ұйымы сайлау органының пікірін ескермей (ондай орган болмаған жағдайда), жұмыс беруші бекітеді.

26. Еңбек демалыстарының кестесі қай мерзімде бекітілуі керек?

  1. күнтізбелік жылдың басталуынан екі апта бұрын;

  2. күнтізбелік жылдың басталуына дейінгі екі аптадан кешіктірмей;

  3. күнтізбелік жыл басталғаннан кейінгі екі аптадан кешіктірмей;

  4. күнтізбелік жыл басталғаннан кейін екі апта бұрын;

Өз жауаптарыңызды : «КАДР МАМАНЫ – 2015 » БАЙҚАУЫ, №1, 2015 белгісімен мына мекенжайға жолдаңыздар: 050009, Алматы қ.,Шевченко көш., 165б/72г, 712-кеңсе, «Еңбекті қорғау, кадрлар және іс қағаздарын жүргізу» бірлескен редакция

Тел. +7 (727) 323-62-08 (іш. 117, 118),

факс +7 (727) 323-62-12,



e-mail: kid@mcfr.kz, sergeenko@mcfr.kz
жүктеу 97,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау