Тєулік зоналары бойынша жєне (немесе) оны жеке т±лѓалардыњ т±тыну кµлеміне ќарай электр энергиясына арналѓан тарифтерді энергиямен жабдыќтаушы ±йымдардыњ саралау ережесін бекіту туралы



жүктеу 176 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі176 Kb.
#28476

Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының

2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ Бұйрығы

(2009.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары екі апта мерзім ішінде асыра пайдаланғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын анықтасын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Төраға

Н. Алдабергенов

 

Қазақстан Республикасы

Табиғи монополияларды

реттеу агенттігі төрағасының

2009 жылғы 20 ақпандағы

№ 57-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 



Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесі

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауының осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеудің тәртібін айқындайды.



2. Осы Ережеге сәйкес есептелген тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары үшін оларда электр энергиясының көп ставкалы есептеу құралдары болған кезде қолданылады.

3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) тұтынушы – электр энергиясын шарттың негізінде пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;

2) тұтынушының электрді тұтыну кестесі (тұтынушының жүктелім кестесі) – тәулік зоналары бойынша қисық өзгерістер, электр энергиясын тұтыну көлемдерінің тәуліктік өзгерісінің графикалық көрінісі;

3) тұтынушылар тобы – ортақ белгілері бойынша: электр энергиясын тұтыну шарттары, тұтынылатын қуат және одан әрі топтарға біріктірілген тұтынушылар;

4) шарттық (мәлдімделген) ең жоғары жүктеме – энергиямен жабдықтаушы ұйымда уақыт бойынша ең жоғары жүктеменің өту сағаттарымен сәйкес келетін аса үлкен жарты сағаттық қуат;

5) көп ставкалы есептеу құралы – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін есептеу құралы;

6) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.15.04  № 123-НҚ бұйрығымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

7) көп ставкалы есепке алу – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды есепке алу;

8) режим күні – жылдың екі маусымы бойынша жасалған, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының электр тұтыну жүктемесінің графигінен айқындалған электр энергиясының ең көп тұтынылатын күн;

9) тәуліктік жүктеме графигі – нақты маусымның режим күнінде өңірдің электр энергиясын тұтыну тәулігінің сағаттық графигі;

10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметке басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

11) энергия өндіруші ұйым – электр энергиясын өз мұқтаждары және (немесе) сату үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;

12) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

13) ең төменгі тариф – тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілеген шектерде тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;

14) ең жоғары тариф – тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс  тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;

15) ҚР  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.31.07 № 265-НҚ бұйрығымен алып тасталды (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

4. Уәкілетті орган тәулік зоналары бойынша (жеке және заңды тұлғалар үшін) және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін), энергиямен жабдықтаушы ұйымдар белгілеген сараланған тарифтер деңгейлерінің негізділігі үшін бақылауды жүзеге асырады.

5. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйым уәкілетті органмен келіскеннен кейін енгізеді.

6. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді тұтынушылардың қолдануына байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым табысты кем алған немесе табысты негізсіз алған жағдайда кем алынған табыстың сомасы немесе негізсіз алынған табыстың сомасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес белгіленген орташа босату тарифінің тиісті өзгерісінің есебінен тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

7. Босату тарифінің деңгейін өзгерту кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерге қайта есептеу жүргізеді.

8. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуде (сатуда) тұтынушыларға бас тарта алмайды.

9. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын есеп айырысуды орындайды және тәулік зоналары бойынша және оның жазғы және қысқы маусымдарда тұтынылған көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтерді уәкілетті органмен келіседі.

10. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жеке тұлғаларға (тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу үшін жеке тұлғалардың тұтынушыларын қоспағанда) тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді ескере отырып шот тапсырады.

11. Осы Ереже жеке тұлғаларға тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған тарифті және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай тарифті бір мезгілде қолдануды болжамайды.

 

 

2. Тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған тарифтерді



энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі

 

12. Тәуліктік жүктеме графигі төрт зонаға бөлінеді: «ертеңгілік максимум», «кешкі максимум», «күндізгі ойылым» және «түнгі ойылым».



13. Көп ставкалы есепке алу кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым өңірдің тәуліктік жүктеме графигінде энергияны тұтынуды реттеудің мақсаттылығына сүйене отырып есептеудің екізоналық немесе үшзоналық жүйесін пайдалануға құқылы.

14. Үшзоналық жүйе мыналардан:

 (УД) – «ертеңгілік максимумды», «күндізгі ойылымды» біріктіретін электр энергиясын күндізгі тұтыну зонасынан;

 (В) – «кешкі максимумге» сай келетін электр энергиясын кешкі тұтыну зонасынан;

 (Н) «түнгі ойылыммен» сай келетін түнгі тұтыну зонасынан тұрады.

15. Екізоналық жүйе мыналардан:

 (УД) – «ертеңгілік максимумды», «күндізгі ойылымды», «кешкі максимумды» біріктіретін күндізгі тұтыну зонасынан;

 (Н) «түнгі ойылым» аймағымен сай келетін түнгі тұтыну зонасынан тұрады.

16. Энергиямен жабдықтаушы ұйым мыналарды:

электр энергиясын тұтыну зонасын;

электр энергиясын тұтыну зоналарының ұзақтығын (Қазақстан Республикасының әрбір өңірінің жергілікті уақыты бойынша режим күнінің жиынтықты тәуліктік жүктеме графигіне сәйкес);

тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейін дербес айқындайды.

17. Тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеу кезінде (П) электр энергиясы үшін ақы төлеу мынадай формула бойынша айқындалады:

 

П = Wо*Tо (теңге), мұндағы: (1)



 

Wо – тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.;

То – тұтынушылардың тиісті топтары үшін уәкілетті органмен келісілген электр энергиясына арналған босату тарифі.

Тұтынушылардың электр энергиясының тұтыну мен ол үшін ақы (П) төлеудің өзгеріссіздігі кезінде жылдың тиісті маусымы үшін Тв тарифі белгіленеді:

Тв = (П - Туд*Wуд - Tн*Wн)/Wв (теңге/кВт.сағ.), мұндағы: (2)

П – нақты тұтынушының электр энергиясын тұтынғаны үшін тәуліктік ақы;

Wуд – тәуліктік графиктің (УД) зонасы кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.;

Tуд - (УД) зонасы кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін тариф, кВт.сағ.;

Wн - тәуліктік графиктің (УД) зонасы кезеңінде тұтынылған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;

Тн - (Н) зонасы кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін тариф, кВт.сағ.;

Wв - тәуліктік графиктің (В) зонасы кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.;

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.15.04  № 123-НҚ бұйрығымен  19 тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

19. Түнгі зонаның тарифтері мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

      Тн = То*Кн,                                             (3)



 

      Кн = (Wнзим + Wнлет) / (Wозим + Wолет), мұндағы:        (4)

                  2                 2

Кн – «электр энергиясын тұтыну минимумының» коэффициенті, коэффициентті әрбір энергиямен жабдықтаушы ұйым дербес айқындайды;

Wнзим, Wнлет, Wозим, Wолет – өңірде (энергетика жүйеде) өткен күнтізбелік жылдағы режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелері бойынша айқындалатын түнгі кезеңде және тұтастай тәулікте тұтынылатын электр энергиясының көлемі.

20. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін 750 кВА қуатпен қосылған және режим күні ішінде электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінің негізінде сараланған тарифтерге өту сәтінде (4) формула бойынша есептелетін «электр энергиясын тұтынудың минимумының» коэффициенттері айқындалады.

21. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін 750 кВА қуатпен қосылған және тұтынылған электр энергиясы үшін (Туд) зона кезеңінде (УД) мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Туд = П /Wо, мұндағы: (5)



 

Wо – тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.;

22. Түнгі зона тарифі (3) формуласы бойынша белгіленеді.

23. Тұтынылған электр энергиясы үшін тариф (Тв) ең жоғары тұтыну зонасының (В) сағатында (2) формуласы бойынша белгіленеді.

24. Қосылған 750 кВА-дан төмен қуаты бар абоненттердің топтарына тұтынылған электр энергиясы үшін тариф (Туд) зона кезеңінде (УД) қолданылады:

 

Туд = То (6)



 

25. Есепке алудың екізоналық жүйесін пайдаланатын тұтынушылар - тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер бойынша ақы төлеу мынадай жағдайлардың негізінде белгіленеді:

1) түнгі зона тарифтері (3) және (4) формулалары бойынша белгіленеді.

электр энергиясын тұтынудың (Тудв) күндізгі зона тарифтері формуласы бойынша есептеледі:

 

Тудв=(П–Тн*Wн)/Wудв, мұндағы: (7)



 

Wудв - зона (УДВ) кезеңінде тәуліктік графиктің электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.

26. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтің деңгейін мынадай жағдайларда өзгертеді:

1) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.15.04  № 123-НҚ бұйрығымен  алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

2) энергиямен жабдықтаудың схемаларын өзгерту кезінде;

3) тұтынушыдағы технологиялық процесті жан-жақты сипаттау картасы өзгерген кезде;

4) электр энергиясына арналған босату тарифі өзгерген жағдайда.

27. Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланушы жеке тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар көпставкалы есептеу құралы бар болған кезде тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен кез келген уақытта энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінуге құқылы.

28. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын, оның ішінде есепке алудың ортақ құралы бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын қосалқы тұтынушылар заңды тұлғалардың есептерінен қосылған заңды тұлғаларды қоспағанда) көпставкалы есептеу құралын орнатады, тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінеді және тұтынылған электр энергиясы үшін тәулік зоналары жөнінде сараланған тарифтер бойынша төлем жасайды.

29. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін қосылған 750 кВА және одан жоғары қуаты бар өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) 1, 2-қосымшаларға сәйкес белсенді энергияны тұтынудың тәуліктік графиктері, белсенді қуатты өлшеу нәтижелерінің ведомостары;

2) технологиялық процестің жан-жақты сипатының картасы.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.15.04  № 123-НҚ бұйрығымен  30 тармақ  өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

30. Тұтынушылардың қосылған 750 кВА-дан төмен қуаты бар қалған топтары, сондай-ақ тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтері жоқ өңірлер үшін электр энергиясын тұтынудың графиктерін ұсыну талап етілмейді.

 

 

3. Электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі



 

31. Электр энергиясына арналған сараланған тарифтер оны тұтыну көлемдеріне қарай тұтынушы – жеке тұлғалар үшін қолданылады.

Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жеке жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша жеке уәкілетті орган белгілейді. Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға ҚНЖЕ-ге сәйкес газдандыруға жатпайтын, не егер үйдің құрылысының жобасында оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.

Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынта жасайтын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін өлшемдерді ескере отырып айқындалады.

32. Электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер есептеу кезінде (Тмакс) ең жоғары тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

Тмакс = 1,2*То, мұндағы:  (8)



 

То - электр энергиясына босату тарифі.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.15.04  № 123-НҚ бұйрығымен  33 тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

33. Электр плиталарын пайдаланатын (Тмин1) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тарифтер мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

Тмин1 = (То *Wбыт1 - Тмакс*(Wбыт1-k*Wмин1)/k*Wмин1, мұндағы: (9)



 

Wбыт1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

Wмин1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

k – жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдерін, осы Ереженің k=1,1, кейіннен k=1 алғашқы рет қолдану кезінде энергиямен жабдықтауды ескере отырып қайта бөлу коэффициенті.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.15.04  № 123-НҚ бұйрығымен  34 тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

34. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Тмин2) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тарифтер мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

Тмин2 = (То *Wбыт2 - Тмакс*(Wбыт2-k*Wмин2)/k*Wмин2, мұндағы: (10)



 

 Wбыт2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

Wмин2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

 35. Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлейтін тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан аспаған жағдайда мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

П = Тмин*Wнақты, мұндағы: (11)



 

П – есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы, теңге;

Wнақты – есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

 36. Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлейтін тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан асып түскен жағдайда мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

Пмакс= Тмин*n*Wлиммакс* (Wнақты-n* Wлим), мұндағы: (12)



 

 Wлим – асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы өндіріп алынатын бір жеке тұлға тұтынатын электр энергиясының шамасы, кВт.сағ.;

 n – тұратын жеке тұлғалардың саны.

 37. Электр энергиясын тұтынудың шегінде электр энергиясының пайдаланылмаған саны келесі айда пайдаланылмайды.

 Тұтыну көлемдері жөніндегі сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін жеке тұлғалардан ақы өндіріп алу кезінде азаматтарды тіркеу кітабы немесе ПИК мөрімен расталған анықтама тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін негіз болып табылады.

 

 



4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар уәкілетті органға ұсынатын құжаттар

 

ҚР  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.31.07 № 265-НҚ бұйрығымен 38-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



38. Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейін келісу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін 30 күнтізбелік күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды:

түсіндірме жазбаны;

тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің есебін;

тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтерін бекіту туралы бұйрықтың жобасын;

3-қосымшаға сәйкес жылдың екі маусымы бойынша режим күніндегі тәуліктік жүктеме графигін зоналарға бөле отырып (күзгі және қысқы маусым үшін көрсетілген графиктер ретінде жұмыс күнінің желтоқсан графигі, көктемгі-жазғы маусым үшін – маусым графигі пайдаланылуы мүмкін) ұсынады.

ҚР  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.31.07 № 265-НҚ бұйрығымен 39-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

39. Сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйым оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды:

1) түсіндірме жазбаны;

2) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтердің есебін;

3) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді бекіту туралы бұйрықтың жобасын;

4) 4-қосымшаға сәйкес негіздеуші құжаттарды қоса бере отырып электр энергиясына көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер туралы ақпарат ұсынады.

40. Уәкілетті орган келісу үшін ұсынылған тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейлерін және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай 30 күнтізбелік күн ішінде құжаттар мен материалдарды қарайды. Қарау мерзімі құжаттар мен материалдарды берген сәттен есептеледі.

41. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйымнан тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейін негіздейтін және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай қосымша ақпарат сұратады.

ҚР  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.31.07 № 265-НҚ бұйрығымен 42-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

42. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер туралы және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін тұтынушылардың назарына жеткізеді.

43. 3-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын 1 сәуірге және 1 қазанға дейін уәкілетті органға жылдың екі маусымы бойынша тәуліктік жүктеме графигін зоналарға бөле отырып (күзгі және қысқы маусым үшін көрсетілген графиктер ретінде жұмыс күнінің желтоқсан графигі, көктемгі-жазғы маусым үшін – маусым графигі пайдаланылуы мүмкін) ұсынады. 4-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын 1 ақпанға дейін уәкілетті органға электр энергиясының көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер туралы ақпарат ұсынады.

 

Тәулік зоналары бойынша және



(немесе) оны жеке тұлғалардың

тұтыну көлеміне қарай электр

энергиясына арналған тарифтерді

энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың

саралау ережесіне 1-қосымша

 

Дербес шоттар



 

Белсенді энергияны тұтынудың тәуліктік графигі

 

 



п/ст, РП,сыртқы желі.

фидерінің нөмірі

Қала___________

Аудан__________

РЭС____________


_____________________________________________ (кәсіпорынның атауы)

 


Тұтыну, кВт

Есептегіштердің көрсеткіштерінің алынған күні

Өтемдік құрылғылардың белгіленген қуаты ______кВАр

Трансформаторлардың белгіленген қуаты __________кВА

тәуліктік тұтыну кВт (белсенді)

________кВт. сағ.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лауазымы                    Басшылардың                 аты-жөні                     Телефон                          Қолы

Директор

Бас.инженер

Энергия

қызметінің



басшысы М.О.

 

Тәулік зоналары бойынша және



 (немесе) оны жеке тұлғалардың

тұтыну көлеміне қарай электр

энергиясына арналған тарифтерді

энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың

саралау ережесіне 2-қосымша

 

Белсенді қуатты өлшеу нәтижелерінің ведомосі

 

___________________ 200 ___ жыл үшін



___________________________ бойынша (№ _____ шарт)

(абоненттің атауы)



 

Сағаттар

Белсенді қуаттылық (кВт)

1. 00.00-01.00

Р1

 

2. 01.00-02.00

Р2

 

3. 02.00-03.00

Р3

 

4. 03.00-04.00

Р4

 

5. 04.00-05.00

Р5

 

6. 05.00-06.00

Р6

 

7. 06.00-07.00

Р7

 

8. 07.00-08.00

Р8

 

9. 08.00-09.00

Р9

 

10. 09.00-10.00

Р10

 

11. 10.00-11.00

Р11

 

12. 11.00-12.00

Р12

 

13. 12.00-13.00

Р13

 

14. 13.00-14.00

Р14

 

15. 14.00-15.00

Р15

 

16. 15.00-16.00

Р16

 

17. 16.00-17.00

Р17

 

18. 17.00-18.00

Р18

 

19. 18.00-19.00

Р19

 

20. 19.00-20.00

Р20

 

21. 20.00-21.00

Р21

 

22. 21.00-22.00

Р22

 

23. 22.00-23.00

Р23

 

24. 23.00-24.00

Р24

 

Электр энергиясының тәуліктік шығыстары

Асут

 

 

Басшы _____________________ қолы М.О.

 

Тәулік зоналары бойынша және



 (немесе) оны жеке тұлғалардың

тұтыну көлеміне қарай электр

энергиясына арналған тарифтерді

энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың

саралау ережесіне 3-қосымша

 

Режим күнінде электр энергиясын тұтыну графигі



_________________ 200 __ ж.

 

 

 



 

 
жүктеу 176 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау