1
«УТВЕРЖДЕН»
Правлением АО "Казкоммерцбанк"
Протокол № 735 от "06" июня 2016г.
Заңды тұлғаның/жеке кəсіпкердің
мерзімді банктік салым шарты
(Стандартты талаптар)
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Заңды тұлғаның/жеке кəсіпкердің мерзімді банктік салым шартымен (Стандартты
талаптар) (бұдан əрі – Шарт) Салымшының «Казкоммерцбанк» АҚ-тағы (бұдан əрі – Банк)
жинақ шотында (бұдан əрі – Шот) ақша қаражатын (бұдан əрі – Салым) орналастырудың
стандартты талаптары анықталады. Салымның нақты талаптары, соның ішінде – Салымның
түрі (Банк ұсынғандардың ішінен), сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, соның ішінде
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, кезеңділігі жəне сыйақы төлеу тəсілі Салымшымен
Банкке ұсынылатын Салымды орналастыруға өтініште анықталады. Салымшының Банкте
Салым орналастыра алатын Салымның түрлері мен олардың жалпы талаптары Банктің
уəкілетті органымен бекітіледі жəне Банктің Интернет желісіндегі
www.kkb.kz
мекенжайы
бойынша ресми веб-сайтында жəне Банктің операциялық бөлімшелерінде орналастырылады.
1.2. Шарт жасау үшін Салымшы Банкке Шартқа №1 Қосымшадағы нысан бойынша Заңды
тұлғаның/жеке кəсіпкердің мерзімді банктік салым шартына (стандартты талаптар) қосылуға
өтініш (бұдан əрі - Өтініш) ұсынады. Салымды орналастыру үшін Салымшы Банкке
Салымның (Банк ұсынғандардың ішінен) тиісті түрін орналастыруға қажет талаптардан
тұратын, Шартқа №2 Қосымшадағы нысан бойынша Салымды орналастыруға өтініш
ұсынады. Өтінішке Салымшының уəкілетті тұлғасының қолы қойылады жəне екі бірдей
данада Салымшының мөрімен (бар болса) бекітіледі.
Өтініш пен Салымды орналастыруға өтінішті Салымшы Банкке Банкпен жасалған шарттық
қатынастарға сəйкес Онлайнбанк жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрінде ұсына
алады.
1.3. Банктің Салымшыдан Өтініш қабылдауы Салымшының Шартқа қосылуын білдіреді. Банк
Өтініштің түпнұсқасында оны қабылдау туралы белгісін қойғаннан кейін (Салымшының
талабы бойынша Банк Өтініштің көшірмесін береді), ал Салымшы Өтінішті Онлайнбанк
жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынған жағдайда – Салымшы Банктің
Онлайнбанк жүйесі арқылы Өтінішті қабылдау туралы растамасын алғаннан кейін Өтініш
қабылданған, ал Шарт жасалған болып есептеледі.
1.4. Банктің Салымшыдан уəкілетті тұлғаның қолымен жəне Салымшының мөр бедерімен (бар
болса) бекітілген, соның ішінде Онлайнбанк жүйесін пайдалану арқылы электрондық
түрінде алған өтініш Салымшының Шартты алғанын, оқығанын, түсінгенін жəне ешбір
ескертулерсіз жəне қарсылықтарсыз толығымен қабылдағанын жəне Шартқа қосылғанын
куəландырады. Егер Банкте Шартта белгіленген тəртіпте Банк қабылдаған Өтініштің данасы
Регистрационный № TD-3897
От 14 июня 2016 года
Департамент инжиниринга бизнес процессов
2
бар болса, Салымшы оның Шартты алмағанына /оқымағанына /түсінбегеніне /
қабылдамағанына дəлел ретінде, осы Шартта оның уəкілетті тұлғаларының қолы мен
мөрінің қойылмағанына сілтеме жасауға құқығы жоқ.
1.5. Салымды орналастыру талаптары Салымды орналастыруға өтініште көрсетіледі. Банктің
Салымды орналастыруға өтінішті қабылдағанынан кейінгі келесі жұмыс күні сондай
Өтініштің Банкмен оны қабылдауы туралы белгілері бар екінші данасын Салымшыға
тапсыруы жəне Шартқа №5 Қосымшадағы нысан бойынша растауы (бұдан əрі – Растама), ал
егер де Салымшы Салымды орналастыруға өтінішті Онлайнбанк жүйесін пайдалану арқылы
электрондық түрінде ұсынған жағдайда – Салымшының Банктің Онлайнбанк жүйесі арқылы
Салымды орналастыруға өтінішті қабылдау туралы растамасын алуы Салымның
орналастырылғанына растама болып табылады.
1.6. Банктің Шартта белгіленген тəртіпте қабылдаған Салымшының барлық Өтініштері Шарттың
ажырамас бөлігі болып табылады.
1.7. Осы шарт, Өтініштердің нысандары, Салымның түрлері мен талаптары Банктің Интернет
желісіндегі
www.kkb.kz
мекенжайы бойынша ресми веб-сайтында орналастырылады.
2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
«Онлайнбанк» жүйесі – банк қызметтерін ұсыну кезінде Банкпен/алу үшін Клиентпен
қалыптастырылатын электрондық құжаттармен www.onlinebank.kz интернет-сайты арқылы алмасу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін, оның ішінде Клиентке Клиенттің (немесе өзге тұлғалардың –
ондай тұлғалар берген өкілеттіктің шегінде) Банкте ашылған банктік шоттарын, оның ішінде
Шоттарын басқаруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған компьютерлік-модемдік жүйе.
Банк – «Казкоммерцбанк» Акционерлік қоғамы, оның филиалдары мен құрылымдық
бөлімшелері.
Салым – Шарт пен Өтініште белгіленген талаптарда Шотқа салынған ақша.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2012 жылғы 26 тамыздағы №137 қаулысымен бекітілген, қарыздар мен салымдар
бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін (нақты
құнын) есептеу қағидаларына сəйкес есептелетін, қызметтер бойынша шынайы, жылдық, тиімді,
салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі;
Шарт - осы Заңды тұлғаның/жеке кəсіпкердің мерзімді банктік салым шарты (Стандартты
талаптар).
Салымшы – Қазақстан Республикасының резиденті жəне бейрезиденті – заңды тұлға немесе
заңды тұлғаның жекеленген бөлімшесі (филиал, өкілдік), жеке кəсіпкер – Жинақ Шот иесі.
Картотека – Шотта ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде, белгісіз мерзімдерде
орындалуы тиіс, келіп түскен нұсқауларды есепке алу.
Операциялық уақыт – Банктің Салымшыларға қызмет көрсететін жұмыс күні уақытының
аралығы.
Жұмыс күні – Қазақстан Республикасында банктердің операцияларды жүргізетін күнтізбелік күні
(ресми демалыс жəне жұмыс емес мейрам күндерінен басқа).
Шот – Салым(-дар)ды есепке алу жəне онымен(олармен) операцияларды көрсету мақсатында
Шарт талаптарына сəйкес ашылған Банктегі жинақ банктік шот.
Тарап – Банк немесе Салымшы;
Тараптар – Банк пен Салымшы.
Ағымдағы шот – Салымды Шотқа енгізуге, толтыруға, Салымды/Салымның бөлігін Шоттан алуға
арналған банктік шот.
Уəкілетті тұлға - қолданыстағы заңнамаға сəйкес өкілеттіктер берілген жəне Салымшының,
Банктің немесе үшінші тұлғалардың атынан шығатын тұлға.
3. ШАРТ МƏНІ
3.1. Банк Салымшыдан Салымды қабылдайды жəне оны Шартта жəне Салымды орналастыруға
өтініште белгіленген талаптарда Шотта орналастырады. Егер Салымшының Салымды
орналастыруға Шоты болмаса, - Банк Салымшыға Шот ашады.