От 16. 06. 2014 ж бет 58 беттен



жүктеу 0,8 Mb.
бет1/5
Дата23.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#16496
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-36.1.

14 /03-2014




№ 2 басылым

от 16. 06.2014 ж.



бет 58 беттен




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-36.1.

14/03-2014




ПОӘК

«Әскери – инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


№ 2 басылым

от 16.06.2014 ж..



«ӘСКЕРИ – ИНЖЕНЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ, ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ, БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС»

пәні бойынша



оқу-әдістемелік материалдар

Семей


2014
1.ӘЗіРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«29»08. 2014ж., Ибраев Б.М.

« Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі



2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасында отырысында

29.08.2014ж. №1 хаттама


Кафедра менгерушісі_______Прохоров Б.Н.

2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

03.09. 2014ж. №1 хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ

Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақулданған және ұсынылған

11.09. 2014ж. №1 хаттама
ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4. 18.09. 2013 ж. бірінші басылымның орнына кіргізелген.

Мазмұны
1.Глоссарий

2.Дәріс

3.Практикалық сабақтар



4. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі және тапсырмалар

1.Глоссарий

  

 Ұрысқа әзiрлiк - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзiмдерде өздеріне жүктелген мiндеттердi орындауға дайындығының дәрежесiн айқындайтын жағдай;


   ұрыс қимылдары - әскери бөлiмдердiң, құрамалар мен бөлiмшелердiң тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлiк мiндеттердi opындау кезiндегі ұйымдасқан iс-қимылдары;

жауынгерлік мiндет - ұрыста (операцияда) белгiлі бiр мақсатқа белгіленген мерзiмде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
   Қарулы Күштердің түрi - мемлекеттің белгілi бiр салада (құрлықта, теңiзде, әуе кеңiстігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлiгi;
  соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезiнде алға қойылған жауынгерлiк мiндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрiн қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс кимылдарын қоса алғанда) iс-қимылдар кешенi;
    соғыс уақыты - соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;

әскери мүлік - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілерi, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрi, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;
   соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкiндiгі көзделетін тұрақсыздық факторы;
    мемлекеттiң әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi шешуге тiкелей бағытталған Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;

соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдiстерiмен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалына (соғысқа) ұрындыруға деген нақты қалыптасқан ниет;

әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;
   әскери бөлiм - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бiрлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;

қару-жарақ - әр түрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешенi, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатердi болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерiнен туындайтын мiндеттердi орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;

 жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрi, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;      16) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;



басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Iшкi істер министрлiгінiң ішкі әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдері, әскери прокуратура opгандары;

 материалдық запастар - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілi бiр саны;


    пайдаланылмайтын әскери мүлік - қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепiлдi мерзімі өткен, Қарулы  Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;

 жабдықтау нормалары - бейбiт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлiмшелерге, әскери бөлiмдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;



қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

 қорғаныс объектiлерi - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне жедел басқару құқығында бекiтіліп берiлген жылжымайтын мүлiк;



аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттердi жедел шешу үшiн пайдалануға көлiк құрылыстарын, жол желiлерiн, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзiрлiкте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенi;

 әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;


    әскерлер түрi - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсiлдерi бар Қарулы Күштердiң дербес не құрамдас бөлiгінiң құрамына кiретін түрi;

 арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлiк, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерін орындау үшін құрылған әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер;

 арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңiз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтiру жөнiндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсiптің, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың кiдiрiссiз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар;
     соғыс кезi - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (ic жүзiнде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
   аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және коммуникацияларын қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі жүзеге асыратын iс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;

техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;

 тыл - Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын әскери бөлімдер;


   тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұрысқа әзiрлігін ұстап тұру мақсатында олардың материалдық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
   кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа жарақты қасиеттерiн пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтiру, сондай-ақ олардың компоненттерiн кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу.

1 Дәріс тақырыптарының тезистері.

1тақырып. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық

Әскери-инженерлік дайындықтың мәні және міндеттері. Инженерлік жасырылу іс-шаралары. Оқыту әдістемесі.

1.Инженерлік бөгеттердің классификациясы,арналуы.

2.Мина-жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер.

3. Минаның әрекет ету принципі

4. Белгі беруші миналар

1. Қәзіргі заманғы ұрыста инженерлік бөгеттер бөлімшелердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуде бұрыңғысынша маңызды рол атқаратын болады.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату адам күшімен техникасын шығынға ұшырату өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер әскерлердің ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады, оларды табиғи бөгесіндермен ұштастырып атыс жүйесіменде әскердің іс-қимылымен де тығыз ұштастырып командирдің шешімімен сәйкесм жасайды. Инженерлік бөгеттерді шептер бойынша және бағыттар бойынша жасайды; олар қарсылас үшін күтпеген жерде болуы және өз әскерлерінің маневрін шектемеуі керек.

2.Инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, танкке қарсылары және жаяу әскерге қарсылары болады. Өзендер (су қоймалары) болған кезде судағы бөгеттер қойылуы мүмкін.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалынады.

Мина жарылғыш бөгеттер жасауы үшін танкке қарсы (ТҚМ), жаяу әскерге қарсы (ЖҚМ) миналар, сондай-ақ жарылғыш заттардың (ЖЗ) зарядтары қолданылады, мина жарылғыш бөгеттермен бір кешенде сигналдық миналар (СМ) қойылуы мүмкін.

Танкке қарсы миналар танктерді және басқа да ұрыс машиналарын жою үшін қолданылады, олар танк және басқа ұрыс техникасы жүріп келіп басқан кезде жарылатын шыншыр табанға қарсы, түп астыға қарсы болып бөлінеді.

Жалпы құрылысы. Танкке қарсы миналар корпустан (металл, ағаш, пластмасса) жарылғыш зат зарядынан жарғыштан және аралық детонатордан тұрады. Танкке қарсы кейбір миналардың түбінде және бүйір бетінде миналарды алынбайтындай жағдайға койған кезде жарылғышқа арналған бұрандалы тұтандырғыш ұялары болуы мүмкін.

Танкке қарсы ТМ-62 миналары, МВЧ жарғышымен қолданылуы мүмкін.

Танкке қарсы ТМ-62 миналарының құрылысы:

Корпус 2)тығын 3) төсем 4) заряд 5) түп 6) қосымша детонатор

7) тұтқаны бекітетін құлақша

Танкке қарсы ТМ-57 миналары МВЗ-57 жарғышымен қолданылады.

Минаның әрекет принципі қойылған минаның үстінен басқан кезде қақпақ майысады жарғының соққы тетігі төмен түсіп КД-МВ капсюль детонаторлары төлкесімен минаның диафрагмасына тіреледі одан әрі басқан кезде мұрындық қиылады,шарлар соққышты босатады;соққы серіппенің әсерімен соққыш капсюль детонаторды теседі де, ол да, минада жарылады.

МВЗ –57 жарғышты ТМ-57 минасы құрылысы: 1) корпус 2) қалқанша 3) НВЗ-57 жарғышы 4) диафрагма 5) заряд 6)түп 7) орталық детонатор 8) бүйірлік детонатор 9) тығын

Танкке қарсы ТМК-2 кумулятивтік минасы танктің не басқадай ұрыстық техниканың астында жарылады.

Жаяу әскерге қарсы миналар. Адам күшін жою үшін қолданылады. Олар фугас (ПМД-6 М, ПМН) және жарықшақты (ПОМЗ-2М, ОМЗ-72 және МОН-50) болып сараланады.

Жаяу әскерге қарсы ПМД-6М миналары МУВ, МУВ-2 және МУВ-3 жарғыштарымен қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы ПМД-М минасының құрылысы: 1) қақпағы 2)МУВ-2 жарғышы 3) резеңке қалпақша 4) металл элемент 5) тескіш 6) сақтандырғыш мұрындық 7) Т тәрізді ұрыстық мұрындық 8) соққыш 9) соққы серіппе 10) жарғыш корпусы 11) МД-5М тұтандырғышы 12)металл тілімше 13) мина корпусы 14) ЖЗ заряды 15) бүпкеніш қабат (жапырақтар)

Минаның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпақ төмендеп Т тә-різді мұрындықты жарғыштан суырады соққыш соққы серіппенің әсерінен МД-5М (МД-2) тұтандырғышын теседі, ол жарылып миналар жарылады.

Жаяу әскерге қарсы ПМ минасының пластмасса корпусы болады. Мина-ның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпамен қалқанша төмен түседі, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі де ол жарылып, минаны жарады.

Жаяу әскерге қарсы ПМН минасының құрылысы: 1) корпус 2)ЖЗ заряды 3) резеңке қалпақ 4)қалқанша 5) кеспе шығыршық 6)соташық 7) металл таспа 8) резеңке төсем 9) калпақша 10) кескіш 11) металл элемент 12)шығыршық 13) сақтандырғыш мұрындық 14) төлке 15) соққы серіппе 16) соққыш 17) сота-шық серіппесі 18) ұрыстық томпешік 19) капсюл детонаторы 20) тетрил құты 21) пластмасса гильза 22) тығын 23) резеңке төсем.

Жаяу әскерге қарсы Фугас миналар топыраққа үстіңгі беттен 3-5 см тереңдікке, қысқы жағдайда қардың қалыңдығы 10 см болғанда жерге,ал қар қалың болғанда үсіңгі бетінен 5 см аспайтын бүркеніш қабаты бар тапталған қарға қойылады. Орнатылған жаяу әскерге қарсы Фугас миналарды алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты миналарыы МУВ,МУВ-2 немесе МУВ-з жарғышымен қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты минасының құрылысы: 1) корпус 2) ЖЗ заряды (75 грамм тротилды құты) 3) МУВ-2 жарғышы 4) Р тәрізді ұрыстық мұрындық 5) кесінді сымы бар карабин 6) сым керме 7) қазықша 8) МД-М тұтандырғышы

3. Минаның әрекет ету принципі: сым керме тартылған кезде ұрыстық мұрындық жарғыштан жұлынады соққыш босайды да, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі ол жарылып минаны жарады, минаның корпусы жарықшақтарға бөлшектеліп жан-жаққа ұшып жаралайды.

Минаны сым керменінің бір не екі тармағымен орнатады .Керменің қазықшалары топыраққа жер бетінен 12-15 см биіктікке қағылады,ал орнатпа қазықша топырақ бетінен 5-7 см-ге қағылады.Сым керме минадан 5 м-ге дейінгі қашықтықта орнатылады, ал екі тармақпен орнатқан кезде екі қазықшаның арасындағы сым керме бір-бірінен 8 метрге дейін болуы керек.

4. Белгі беруші миналар өз әскеріне қарсыластар бөгеттер ауданына, позицияларға немесе қорғаудағы объектіге келгенін ескерту үшін қолда-нылады.

Белгі беруші минаның әрекет принципі жарғыштың ұрыстық мұрын-дығы жұлынған кезде (сым керменің тартылуынан) соқыш КТ- 11 капсюль-тұтандырғышты тесіп оқ-дәрі заряды тұтанады,ал одан дыбыстық белгі блогының татанғыш құрамы жанады да дыбыс шығады (ысқырық); дыбыстық сигнал әрекеті аяқталғаннан кейін жарық сигналының бірінші жұлдызшасынынң тұтанғыш құрамы жанады, бұдан соң от жұлдызшаның тұтанғыш құрамынан айдама оқ-дәрі зарядына тиеді; айдама заряд жанға кезде түзілетін газдардың қысымымен жанған жұлдызша гильзадан атылады;жанған айдама заряд осымен бір мезгілде кезекті белгі беруші жұлдызшаны жандырады;нәтижеде барлық жұлдызшалар (12-15) дана бірінен кейін бірі кезектесе жаныпминаның корпусының 10-12 секунд ішінде атылып шығады.

Белгі беруші миналар жерге орнатылуы және жергілікті заттарға (ағашқа,қазыққа және т.б.)байлануы мүмкін. Мина іске қосылған кезде жанған жұлдызшалар мина орнатылған жерден 20 метрге дейінгі радиуста жерге түсіп жанып бітеді. Одан құраған шөп,егін өртенуі мүмкін;миналарды орнатқан кезде мұны ескеру керек.


2 тақырып. Минажарылғыш бөгеттерді білдіретін белгілер:
1. Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналанған алаңдар

2.Жою әдістері.

3.Жарылмайтын инженерлік бөгеттер

4. КМТ-6 сипаттамасы


1.Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналанған алаңдар, мина шоғырлары мен жеке миналар: миналар орнатылғаннан кейін топырақтың жинастырылмағандығы; миналар мен жарғыштардың ұмыт қалған (шашылған)орамалары, қағаз зат белгілері;қалып қойған құрал-сайман, миналау құралдары; сілтемелер мен қоршаулар;төмпешіктердің, қылтиған қадалардың, орнатпа және керме қазықтардың, баулардың, сымдардың болуы; миналардың үстін бүркемелеген қабаттың төңірекке тән көріністен өзгешілігі; мина қою кезінде жүрген минаорнатқыштардың шынжыртабандарының (доңғалақтарының) бороздалары мен іздері.

Тұзақ- миналар: қару-жарақ құралдары мен жергілікті заттарға бекітілген керме сымдарын, сондай-ақ электр сымдарының болуы; қабырғалардың қаламасындағы, жолдардың қаптамасындағы кінәраттар; ғимараттардың не жеке құрылыстардың ішінара қирағаны; ғимараттар, қоймалар, оқ-дәрі, ұрыстық және көлік машиналарының маңындағы әр түрлі заттардың үйіліп жатуы.

Миналанған алаңдар жасалуын тәуліктің жарық уақытында ұшақтар мен тікұшақтардың ұсақ заттардың (контейнерлердің) тасталуын және снарядтардың (ракеталардың) әуеде неғұрлым ұсақ бөліктерге бөлшектенуін көріп анықтауға болады. Миналанған алаңдарда қандайда бір сыртқы әсерсіз жекелеген миналардың жарылуы болуы мүмкін, мұның өзі миналардың өзін-өзі жою элементтерінің іске қосылуынан немесе миналанған алаңдардан өтуді қиындату мақсатында орнатылған баяу жарылатын мина бомбалардың жарылуынан болады.

Қашықтықтан орнату жүйелерімен миналанған алаңдардың білдіріп тұратын мынадай белгілері болады;төңіректе шашылып тасталған миналар контейнерлері (касеттер), тұрақтандырғыш құрылғылар, парашюттер, сым кермелер және т.б.

2.Жою әдістері. Сым кермелермен орнатылған жаяу әскерге қарсы қолданылатын жарықшақты миналарды жою бауының ұзындығы 30-50 метр тарбақтармен жүзеге асырылады. Тарбақты тексерілетін жерге (миналанған алаңға) кезектеп алға лақтырып кейін сүйрейді. Миналардың бар екенін жарылғандарына қарап анықтайды.

Танкке қарсы миналанған алаңдарда кермелері бар жаяу әскерге қарсы миналар миналар орнатылған болуы мүмкін. Миналарды тралдау және жою үшін инженерлік – саперлік бөлімшелерден іздеу және жою құралдары сайма-сай неғұрлым дайындалған бөлімше тағайындалады; олар әуелі жаяу әскерлерге қарсы миналарды тралдайды, одан соң танкке қарсы миналарды іздеп тауып, жоюды бастайды. Танкке қарсы миналар тарбақтармен белгілен-ген орындарға жиналып, бастырма зарядтармен жойылады.

3.Жарылмайтын инженерлік бөгеттер мақсатына қарай танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы бөгеттер деп сараланады.

Танкке қарсы бөгеттерге танкке қарсы орлар,эскарптар,контрэ-скарптар, бағандар (ағаш, металл, темірбетон, тас) орманда бөренелерден, су қоймаларында мұздан жасалған тосқауылдар, елді мекендерде металл арандар, баррикадалар, қар үйінділері, тау беткейлерінде мұз жолақтары, өзендер мен су қоймаларында суаттар, су жаймалары, сондай-ақ ағаш үйінділері, тауларда, елді мекендерде жасалған үйінділер жатады.

Жаяу әскерге қарсы бөгеттер ауыстырмалы және тұрақты болады.

Ауыстырмалы сым бөгеттер негізінен өтпелерді, бөгеттердің бұзылған тұстарын жылдам жабу үшін, сондай-ақ басқадай бөгеттер жасау қиын болған жағдайларда қолданылады. Оларды әдетте күнілгері жасап, дайын күйінде орнатылған жерлерге жеткізіп қояды (онша еленбейтін сым торлар, тікенді және тегіс сымнан жасалған тез орнатылған бөгеттер, шиыршықтар, арандар).

Тұрақты бөгеттерге биік және аласа қазықтармен бекітілген сым торлар, сым қоршаулар, ілмектер мен тұзақтар, ормандағы бөгеулер, түбірлер мен бұталарды тікенді сыммен шалмалау т.б. жатады.

Шөл дала және елсіз таулы жерлерде, қыста беткейлерге мұз қатыру қолданылады.

Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттер бөлек-бөлек те, бір-бірімен ұштастырып та қолданылады,оларды минажарылғыш бөгеттермен және белгі беретін құралдармен күшейтуге болады.

Жарылмайтын бөгеттер жасаған кезде оларда өз әскерлерін өткізуге арналған өтпелер қалдырады, ал бұл өтпелерді тез бітеу үшін қажетті құралдарды (ауыстырмалы бөгеттер не миналар) дайындап қояды.

Жарылмайтын бөгеттерді бүркемелеу үшін бөгеттердің негіздерін (бағандарды, арандар мен қазықтарды) бүркемелеп сырлау, жасанды перделер қолдану, алдамшы бөгеттер жасау пайдаланылаады.

.Қарсыластың инженерлік бөгеттерін, соның ішінде дистанциялық миналау жүйелерімен орнатылғандарын шабуылдаушы әскерлер орағытып өтеді, ал орағытып өтуге болмайтын кездерде тралдаудың штаттық құралдарын қолданып не болмаса өтпелер жасап өтеді.

Инженерлік бөгеттерде өтпелерді миналық тралдармен, минасыздандыру құрылғыларымен және шектеулі инженерлік машиналармен жасайды.

Табанжолдық миналық трал КМТ- 5М (24 б- сурет) танктердің арнаулы жабдығы болып табылады және танкке қарсы миналанған алаңдарды барлауға, тралдары жоқ ұрыс машиналары мен шабуылдаушы бөлімдердің өтуі үшін табанжол өтпелер жасауға арналған.Трал оң және сол бөліктен тұрады, олар танкке жеке-жеке қосылады және бір-бірінен бөлек іске қосылады. Трал жинақтамасына екі аунақтық бөлік , оң және сол жақтау, ұстастырма құрылғы, екі пышақтық бөлік, оң және сол көтеру тетіктері қамтылады.Бұларға қоса трал түпкік қадалық миналарды тралдауды, жасаған өтпені белгілеудіжәне қажет болған жағдайда аунақтық бөліктерді автоматты түрде ағытып тастауды қамтамасыз ететін құрылғылармен жарақталған.

Табанжолдық КМТ-5М миналық трал.

1-түптік қадалық миналарды тралдайтын құрылғы.

2-аунақтық бөлік.

3-пышақтық бөлік.

КМТ-5М сипаттамасы


Тралддау жылдамдығы, км/сағ

6-12

Тралданатын табанжол ені,м

0,73-0,81

Тралды танкке экипаж күшімен тіркеу(танктен ағыту) уақыты, мин

30-45(8-13)

Тралдың массасы,т

7,3-7,5

Тралды тасымалдайтын автомобильдер саны,дана

1-КРАЗ-2556 не 2-ЗИЛ-131

КМТ-6 миналық тралы орташа танктердің аспалы жабдығы болып табылады және олардың танкке қарсы миналанған алаңдардан өтуі үшін арналған.Құрылымы жөнінен трал қазып алғыш, табанжолдық; миналарды тралдау оларды топырақтан қазып алып, танктен былайғы жаққа қою арқылы орындалады.

Трал жинақтамасы екі пышақтық бөліктен, тралды танкке ілетін ұстастырма құрылғыдан, пышақтық бөліктерді көтеру тетігінен, түпке қарсы қадалық миналарды тралдауға арналған құрылғыдан тұрады.

Урал-375, ЗИЛ-131 не КрАЗ-2556 автомобильдерімен тралдың үш жинақтамасын тасымалдайды.


4. КМТ-6 сипаттамасы


Тралдау жылдамдығы км/сағ

14-ке дейін

Әр пышақтық бөлік тралдайтын табан жолдың ені, м

0,62

Тралы бар танктің қара жолдағы орташа жылдамдығы км/сағ

50-ге дейін

Тралды танкке экипаж күшімен қосу

5

Тралдың массасы, т

1

Минасыздандыру қондырғысы миналанған алаңдарда әскерлердің ұрыс қимылдарының барысында жару әдісімен өтпелер жасауға арналған. Минасыздандыру қондырғысында бар екі минасыздандыру жиынтығы миналанған алаңда әрқайсысы ұзындығы 100 метрден астам, ені 6 метрге дейінгі өтпенің жасалуын қамтамасыз етеді .

Минасыздандыру зарядтары ауамен 900 метрге дейінгі қашықтыққа атылады да, одан соң өзіне қарай тартылып, зарядты қарсыластың миналан-ған алаңына аунытпай салады, оның тежеу арқандарының электр кабелі арқылы базалық машиналық басқару пультінде тұрып жарады.

Минасыздандыратын УЗР-3р ұзартылған зарядтары әскерлердің ұрыс қимылдары барысында жару әдісімен қарсыластың миналанған алаңында өтпелер жасауға арналған. Инженерлік–саперлік бөлімшелер шабуылға шыққан бойда риактивті двигательді іске қосады, оны қарсыластың бөгеттерінің бүкіл тереңіне салып электр кабелі бойынша жарады, 100 метрден астам, ені 6метрге дейін өтпе жасалуын қамтамасыз етеді.

Мотоатқыш бөлімшелер табанжолдық миналық трал жасаған өтпемен бірден не екіден тұрған лек түзеп, ал минасыздандыру қондырғысымен жасалған өтпемен үштен тұрған лекпен минажарылғыш бөгеттерден өтеді.Тралдары бар жаяу әскер ұрыс машиналары миналанған алаңнан өздері өтеді.Тралдары жоқ жаяу әскер ұрыс машиналары мен бронетранспортерлер алаңдардан танктер жасаған не жару әдісімен жасалған өтпелер арқылы ғана өтеді.

Жарылмайтын бөгеттерден өту.Қарсыластың танкке қарсы орларынан, эскарптары мен контрэскарптарынан танктер, бронетранспортерлер мен артелерия көпірлер не өткелдер арқылы өтеді. Өткелдер СВТУ танктерінің, жолтөсегіштердің (бульдозерлердің), инженерлік шектеу машиналарының көмегімен бөгеттерге топырақ үйме жасау арқылы өтеді.

Танке қарсы ор арқылы жару әдісімен өткел жасау үшін топырақ бетіне салынатын әрқайсысы 25 кг төрт заряд немесе топыраққа 1 метр тереңдіке орнатылатын әрқайсысы 6-8кг төрт заряд жару қажет. Баған қандай материалдан болуына қарай әр баған үшін заряд массасы мынадай болуы мүмкін: рельстен-0,5-1 кг»; швеллерден, қоставрдан-3-5 кг, бөренеден –0,5-1 кг, темірбетоннан-3-5 кг.

Ормандағы үйіндіден өтпе жасау үшін құрамында СВТУ танкімен, БАТ жолтөсегішімен не инженерлік шектеу машинасымен, сондай-ақ екі-үш мотоарамен күшейтілген кемінде бір бөлімше команда тағайындалады. Өтпені құлатылған ағаштарды- оның өсінен сыртқа қарай жылжыту арқылы жасайды.Бөлімше екі есептопқа бөлінеді. Құрамында үш адам болатын біреуі барлау мен минасыздандыру жүргізеді, екіншісі өтпені тазалап ашады.

Үйіндіні тазалау мен онда оратылған миналардың жойылуын тездету үшін әрбір 6-8 метр сайын шоғырланған (20-25кг-нан) не погондық массасы 6-8 кг/м, ұзындығы 6 метр, құлаған ағаштарға не олардың астына салынатын ұзартылған зарядтармен жарылыс жасау қажет.Үйнідідегі ені біржақты қозғалыс үшін кемінде 4 метр болуға тиіс.

Елді мекендердегі үйінділер негізінен бульдозерлермен не жолтөсегіштермен тазаланады.Қираған елді мекенде көшелерді тазартқан кезде жасалатын өтпеге жақын жерде құлау қатері бар жартылай қираған ғимараттар қалуына жол беруге болмайды.Мұндай ғимараттарды жарып не механикалық әдіспен құлатады.

Сым бөгеттерде өтпелерді танктермен (онша елеусіз кедергілерден басқаларын), жару әдісімен не қайшы және саперлік құралдарды пайдаланып қол күшімен жасайды. Сым бөгеттерде жару әдісімен өтпелер жасау үшін ұзартылған зарядтарды қолданады. Зарядтарды қазықтар түбінде сымның астына не сымға салып жарады. Жару нәтижесінде ені 4-5 метр өтпе жасалады.

Сым бөгеттерден сондай-ақ бұта не сабаннан, тақтайлардан, сырғауылдардан,сатылардан және шинельдерден өткелек жасау арқылы да өтеді.

Онша елеусіз және ауыстырмалы сым бөгеттерден өтпелер жасағанда арқанмен танктерге, тартқыштарға сүйреткен тарбақтар мен ілмектерге байлап бөгеттерді жан-жаққа бөлшектеу арқылы жасауға болады.

Электрленген бөгетерден өтпелер арқылы не тоқсыздандырып барын әдеттегі сым бөгеттерден өту әдістерімен өтеді.Электрлендірілген бөгеттердегі өтпенің ені электрленбеген бөгеттердегіден 2-3 метр аралық болуы керек.



Родиоактивтік не химиялық тұрғыда зақымдалған аймақтағы үйінділер мен қирауларды аршу кезінде жеке құрам жүктелген міндетті жеке қорғаныш құралдарын пайдаланып орындайды.
жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау