Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет58/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65

 
оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың 
бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден 
қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады. 
 
       12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке 
қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым 
оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік 
еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен 
бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі. 
 
       13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның 
мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік 
қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің 
еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым 
оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес 
жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым 
оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді. 
 
       14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі 
комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері 
ескеріліп айқындалады. 
 
      15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп 
соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға 
(ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша 
жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға 
жеке-жеке) ресімделеді. 
 
      Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да 
еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым 
оқиға туралы актімен ресімделеді.
 
      
Ескерту. 324-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.04.2014 
№ 195-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы 
 
                тергеп-тексеру ерекшеліктері 
 
      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі 
жергілікті орган мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
 
      төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
 
       мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі. 
 
       2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы 
басқаратын комиссия жүргізеді. 
 
      3. Қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия 
құрамына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі 
мемлекеттік инспектор кіреді.
 
      Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы 
төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде үш адамға дейін қайтыс 
болған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның 
аумақтық бөлімшесінің өкілі арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы 
болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі 
болып табылады.
 
       4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, 
ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі 
құрған комиссия жүргізеді. 
 


 
       5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы 
тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және 
бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы. 
 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым 
оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану 
жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. 
 
       7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз 
куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның 
жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым 
оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. 
 
      8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа 
да жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған 
адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі 
комиссия авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы басшысының және сарапшы 
мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
 
      
Ескерту. 325-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 
№ 189-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      326-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
 
                материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу 
 
      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым 
қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен 
расталады. 
 
      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды. 
 
       Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, 
оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады. 
 
       3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс. 
 
       Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның 
туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда 
комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің 
кінәсін процентпен айқындайды. 
 
       Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі 
комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді 
пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы 
тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды. 
 
      4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш 
күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға 
туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық 
қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына 
қағаз және электронды жеткізгіште жіберіледі. 
 
       Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі. 
 
      5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы 
акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау