3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек
инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы
еңбек жағдайларына және
еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;
5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл
жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып,
жұмысты орындаудан бас тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек
міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек
жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен
денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы
дәйекті ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз
әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. 314-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
315-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласындағы міндеттері
Қызметкер:
1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың)
белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай
туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық
куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты
басқа жұмысқа ауысу
үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан
өтуге;
3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және
мақсатқа сай пайдалануға;
4) медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс
беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің
және
нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды
қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.
316-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны,
қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін
ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын
қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік
жауапкершілікке тартуға құқылы.
317-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық
процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында
және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі
шараларды
қабылдауға;
2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен
даярлаудан өткізуге;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық
іс-шараларын жүргізуге;
4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу
жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты
адамдардың және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша білімдерін тексеруді
ұйымдастыруға;
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша
еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерге қажетті
санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ
киімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу,
жуу және дезинфекциялау
құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағаммен, жеке
және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы
жөнiндегi
жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сауалы
бойынша, өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек
жағдайларының, қауiпсiздiгiнің және еңбектi
қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты тоқсанына бір рет беруге;
8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың
есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;
10) еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өндірістік
объектілерде еңбек жағдайлары бойынша кемінде бес жылда бір рет
мерзімдік аттестаттауды қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өткізуге;
10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк
объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек инспекциясы
жөнiндегi тиісті жергілікті органға ұсынуға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі
жазатайым оқиғаларды
тексеруді қамтамасыз етуге;
12) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан сақтандыруға;
13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне
хабарлауға;
14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ
еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік
аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті,
мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы
медициналық куәландырудан өткізуге;
16) авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа
адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті.
2. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік
көздерінің болуы ескеріле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс