Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет60/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

 
тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
 
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодексте белгіленген тәртіппен 
және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі 
уәкілетті орган бірлесіп бекітетін критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 328-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19. 
N 9 
(алғашқы ресми 
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2009.07.17. 
N 188-IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз), 2011.01.06 

378-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      328-1-бап. Бақылау субъектісіне бару
 
      1. Бақылау субъектісіне барған кезде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету 
және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу 
талап етілмейді.
 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау субъектісіне барған кезде:
 
      1) қызметтік куәлігін;
 
      2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға 
арналған рұқсатын;
 
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен 
берілген, объектілерге бару үшін қажетті болатын медициналық рұқсатты көрсетуге 
міндетті.
 
      3. Бақылау субъектілері мемлекеттік еңбек инспекторы барған кезінде:
 
      1) мемлекеттік еңбек инспекторының баратын бақылау субъектісінің аумағына 
және үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
 
      2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды 
сақтай отырып, барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес болу нәтижелері туралы 
актіге қоса беру үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды 
(мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге;
 
      3) болу нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі соғуға;
 
      4) объектіде болу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген 
нормативтерге сәйкес әсер етудің зиянды және қауіпті өндірістік факторларынан 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторының кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, 
болуды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы және бақылау субъектісінің 
уәкілетті адамы қол қоятын хаттама жасалады.
 
      5. Болу ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында белгіленген бақылау 
субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
 
      6. Бақылау субъектісінде болу мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
 
      7. Бақылау субъектісінде болу нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ бақылау субъектісіне болу 
нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, 
болу нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
 
      Болу нәтижелері туралы актіде:
 
      1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
 
      2) бақылау органының атауы;
 


 
      3) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты 
(ол болған кезде);
 
      4) баратын бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол 
болған кезде), болған кезде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
 
      5) болу күні, орны және кезеңі;
 
      6) болу нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, 
олардың сипаты туралы мәліметтер;
 
      7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ болу кезінде қатысқан 
адамдардың актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер
олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;
 
      8) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының қолы көрсетіледі.
 
      8. Болу нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған 
жағдайда, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы не олардың өкілдері оларды 
жазбаша түрде береді.
 
      Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болу нәтижелері туралы актіге қоса 
беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі соғылады.
 
      9. Болу нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған 
бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін жеке 
тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына не олардың өкілдеріне тапсырылады.
 
      10. Болу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау субъектісі 
қарсылықтар болмаған кезде, болу нәтижелері туралы актіні алған кезден бастап он 
жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған 
шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
 
      11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін субъектілерге бару мен 
тексеруді есепке алу кітабында тегін, лауазымын және актіде жазылған деректерді 
көрсете отырып, жүргізілетін әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
 
      12. Болу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, болу нәтижелері туралы актіде тиісті 
жазба жасалады.
 
      
Ескерту. 38-тарау 328-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      328-2-бап. Ведомстволық есепке алу
 
        1. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      2. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тұрақты және үздіксіз негізде 
бақылау субъектілеріне барудың саны мен қолданылған шаралардың ведомстволық есепке 
алынуын жүргізуге міндетті.
 
      Бақылау субъектілеріне барудың ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері 
еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекцияның интернет-ресурсында орналастырылады.
 
      
Ескерту. 38-тарау 328-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің 
 
                принциптері мен негізгі міндеттері 
 
      Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен 
бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және 
жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. 
 
       Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: 
 
       ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау